Презентация по информатике Adobe Photoshop ба?дарламасыны? зиянды жа?тары (6 класс)


Орындаған: “№7 ОМ МДШО” ММ 6 “А” сынып оқушысы Семенова НадеждаЖетекшісі: Болатбаев С.С. Мақсаты: Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтере отырып, оқушылардың біліктілігін арыта отырып, Adobe Photoshop бағдарламасының тиімді және зиянды жақтарын көрсету. Оны тиімді де бағытты мақсатта қолдануға тәрбиелеу. Жаңашылдығы: Жалпы ел мақсаты болып отырған мәселе, оқушының ой - санасында үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болып, елімізді көркейтуге, гүлдендіруге ат салысатын жандар болуларына бағыттау. Photoshop мүмкіндіктерін түсініп жұмыс жасай отырып, осы бағдарламаның мүмкіндіктерін зерттеу. Және де сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану. Зерттеудің әдісі: Ізденіс Сараптамалық Зерттеу жұмысының кезеңдері: Бастапқы кезеңде Adobe Photoshop бағдарламасы не үшін және қалай қолдану керек екенін анықтау;2 кезең: оның пайдасы мен зиянын анықтау;Қорытынды кезең: нәтижелерді сараптап бекіту; Adobe Photoshop бағдарламасы Adobe Photoshop бағдарламасы әр түрлі бейнелік және нүктелік графикалық жұмыстарға арналған бағдарламалардың бірі. Осы бағдарламамен жұмыс істейтін бейнелерге кітап және журнал иллюстрацияларын түрлі фотосуреттер, слайдтар, видеобейнелер, мультипликациялық графиканың кадрларын жатқызуға болады. Үлкен бейнелік мүмкіндіктері бар. Бұл бағдарлама әр түрлі саладағы мамандарға арналған көбіне бейнемен жұмыс істейтіндерге. Егер сіз суретші иллюстратор немесе мультипликатор болсаңыз онда сіз өзіңіздің ой қиялыңызға қарай экранда неше түрлі композициялар сала аласыз және оны сақтап, сканерлік бейне түрінде көптеген тәсілдермен трансформациясын істей аласыз. Пайдасы мен зияны Бұл бағдарламаны суретке өзгерістер енгізу немесе көркемдеу үшін қолданамыз. Оқулықтарда да сондай өзгерістер байқалады. Яғни пайдасы да бар.Зияны на келер болсақ, осы бағдарламаны көптеген адамдар қоғамға қауіп-қатер мақсатында қолданад. Соның алдын алу мақсатында зерттеуді бастадық. Қоғамға қатері: Күй атасы Құрманғазы мен Пушкинді сүйістірген суретін ғаламторға шығарған жарнамаагенттігіне Алматының мамандандырылған аудан­аралық әкімшілік соты – 315 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды. Елді дүрліктірген атышулы дау-дамайдың соңы осылайша бар-жоғы 315 мың теңге айыппұл төлеумен аяқталды. Өкінішке орай, сотқа арызданушы тарап – Құрманғазы күйшінің ұрпағы Нұркен Халықберген жарнама берушілерді бұдан да ауыр жазаға тарту керектігін айтады. Оған керісінше, қос елдің ұлы тұлғасын мазақ еткендердің көңілі жайланған секілді, қолға алған істерін жалғастыра бермек ойда екен. Осы сияқты суреттер көп. Бұл суреттердің бізге берері аз. Халқымыздың атақты да құрметті күйшісіне бұндай күн қалай туды деген сұрақ туындайды? Әрине, барлық қадамымыз үшін біз жауаптамыз. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін Photoshop бағдарламысының тиімдісі мен зияын ажырата білу керек. Жай ғана ғаламторда достарымен әңгіме құрып отырып бәске салып қойған суретті бүкіл дүниежүзі көруде.Ендігі шешім сенікі! Қорыта келе, Adobe Photoshop бағдарламасының тиімдісі – біз өз қиялымызды өрбітіп, не бір бейнелер жасай аламыз. Бірақ біздің таңдауымыздан халық қаһармандары зардап шегулері тиіс емес дегім келеді.