«Кемел елді? кеме?гер басшысы»
Аты-жөні: Мұрат Гүлім Мұратқызы
Облысы: Батыс Қазақстан облысы
Ауданы: Теректі ауданы
Мектебі: Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кемел елдің кемеңгер басшысы»
Сыныбы: 6-сынып
Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Фрунзе көшесі, 24-үй
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кемел елдің кемеңгер басшысы»
Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын, ерекше қадір-қасиетін, тұлғалық тұғырын үлгі-өнеге ете отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу;
Көрнекілік: фотосуреттер, кітап көрмесі, слайд, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді.
Барысы:
Көрініс.
Сұлтан: Жеңеше, мен бір түс көрдім.
Анасы: Ол қандай түс, балам? (елең ете қалады)
Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқлап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.
Анасы: Балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген - жақсы нәрсе, Алла тілеуіңді берсін, балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен. (Анасы баласына ақ батасын беріпті)
Кіріспе: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолына, туып-өскен, оқып, білім алған, қызмет еткен жерлеріне арналған «Кемел елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында өтпек. Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп өткен, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке қол жеткізді. 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Нұрсұлтан Әбішұлының есімі ғасырлар бойы аңсаған «Тәуелсіз Қазақстан» ұғымымен егіз секілді. Өйткені, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Н. Назарбаев.
Олай болса президенттік қызмет туралы кім айтады, ол қызметті қандай адам атқара алады?
1-оқушы: Елдің, халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған - ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілін, тарихын, мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз патриот қана атқара алады.
Балалар, Елбасымызды тағы да қандай қырынан танимыз?
2-оқушы: Елбасының аз ғана жылдарда адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жетері сөзсіз. Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрсұлтан Әбішұлындай азамматтың ұстауы үлкен жетістік еді. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да жетті. Осы жылдарда біз Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныдық.
3-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы - тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кешіл емес, текшіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, «Өз елім менің - өзегім» дейтін тұлға.
Негізгі бөлім: Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі – Әбіш, анасы – Әлжан қарапайым адамдар. Олардың тұңғыштары 5 килограмм 100 грамм болған. Әжесі Мырзабала Алланың 99 көркем есімдерінің екеуін біріктіріп Нұр мен Сұлтаннан Нұрсұлтан есімін берген. Балалық кезінде Нұрсұлтан көп ауырыпты, бірақ өскеннен кейін шымыр болып, спортпен шұғылданғанды жақсы көретін. Көршілерінің көбі орыс еді. Нұрсұлтанның да достары орыс болатын. Өзі қазақ мектебінде оқыса да, мектеп кітапханасындағы орыс классиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой – барлықтарының кітаптарын қызыға оқитын болса керек. Мектепте сабағын жақсы оқыған. Сыныптастарына қамқоршы болған.
Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия астанасы Анкарада)
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы туралы қандай деректі фильмдер білесіңдер? («Жаңа тарих – жарқын тұлға», «Нағыз жігіт, нағыз дос», «Теміртау көктемі», «Балалық шағымның аспаны»)
«Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қай жылы қабылданды?
(2006 жылы, 7 қаңтар)
«Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасымыздың рөлін сомдаған актер? (Нұрлан Әлімжанов)
Енді назарымызды сол фильмнен үзіндіге аударайық. (Фильмнен үзінді көрсетіледі.)
«Лидер» кітабынан Елбасының естеліктерін айтқым келеді. Бала Нұрсұлтанның жоғары оқу орнына түсуіне 1 балл жетпей қалады. Ал Украинадағы ұшқыштар институтына оқуға түсуге мүмкіндігі болды, бірақ анасы оған үзілді-кесілді қарсы болды. Нұрсұлтан анасының тілін алды. Содан Теміртау қаласында металлургия комбинаты салынуына байланысты комсомолдық жолдамамен темірбалқытушы болуға соған аттанады. Ол жерден болашақ металлургтерді оқуға жібереді. Нұрсұлтан өзі сияқты жастармен Украинадағы Днепродзержинск қаласына оқуға аттанады. Жас жігіттер бос уақытын түрлі үйірме мен спорттық секцияларда өткізетін. Нұрсұлтан зауыттың спортзалында күреске шығады да украин жігітін жеңеді. Сөйтіп жүріп ол күрес секциясына да қатысып, спорттық жетістіктерге жетеді.
Балалар, Елбасымыз бірден президент болып дүниеге келе салмады немесе ең алғашқы қызметін президенттік қызметте бастаған жоқ, сондықтан Елбасымыздың қызметтік жолымен таныса отырыңдар.
1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істейді.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарады.
1973-1977 жылдары Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977-1979 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы.
1979-1984 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы.
1984-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жылдары Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болады.
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасының Президенті қызметін атқарып келеді.
Жұбайы - Сара Алпысқызы Назарбаева. Білімі - жоғары, мамандығы - инженер-экономист. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар: Дариға - саясат ғылымдарының докторы, сенатор; Динара - «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын» басқарады; Әлия - бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. 2010 жылдан бері «Өзін-өзі тану» пәні барлық мектептерге енгізілген. Соның авторы - Сара Алпысқызы.
Елбасымыз - өнерге құштар жандардың бірі. Ол «Елім менің», «Үш қоңыр», «Сарыарқа» әндерінің сөзін жазған және мемлекеттік Әнұран мәтінінің авторы.
Әнұранның
авторы
2939415133350
36560133416430019011901022350041109904508500Қазақстан Республикасының Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары сот кеңесінің Президенті төрағасы
222201314973800304419016510000
Қазақстан Республикасының
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығыныңБас қолбасшысы
төрағасы ЕҚЫҰ төрағасы
Қорытынды бөлім: Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз - елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Ол алланың қазаққа берген сыйы. Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатырған еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман болсын. Халқының мерейі үстем бола берсін. Қазақстанымыз қарыштай берсін. Асқақтай берсін азаттықтың Астанасы. Есейген еліміз, еңселі еріміз болсын. Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан қазақ елі күн сайын емес, сағат сайын өсіп, Өмір атты дауылды теңізде Нұрсұлтан атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді.
Осымен, оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!