Сыныптан тыс ж?мыс Асыл с?зді ізжесе?, Абайды о?ы, жалы?па


Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай дайындалған
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.» оқулары
 
Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 
 Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,  Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп  келеді, мәңгі өмір сүре бермек!Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2-жүргізуші – Құрметті әдебиет сүйер қауым!  Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе”атты  мәнерлеп оқу сайысына  қош келдіңіздер!
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
                        Жырымен жан сусынын қандырған кім?
                        Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
                        Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
                        Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
                       Талабын тас қияға өрлеткен кім?
                       Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
                       Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
                       Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
                       Арманын атандырып келешекке ,                       Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
                       Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
                       Жауына найза сөзін шанышқан кім?
                       Өзендей  құйған  барып көк теңізге,
                       Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
2-жүргізуші – - Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
1.Абай кім?(бейнеролик) қонақтармен диалог.
 
Абайдың өмірі мен  шығармашылығына  байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Көрермен қауымнан қолдау сұрай отырып, сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.Сәттілік тілейміз.Номер алуларыңыызды өтінеміз.
І – тур. Қатысушы оқушылардың Абай шығармаларынан қанша өлең, қанша қара сөз жаттағанын білдіретін портфолиоларын әділқазы алқасына көрсетіп, ұсынуы.Себебі ІІ- ІІІ турларда осы портфолионың ішінен бір өлеңі мен қара сөзі оқылады.
І-тур бойынша әділқазы алқасынан қатысушылардың бағасын сұраймыз.
 
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
ІІ- тур. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын бастайық.
1-оқушы:
2-оқушы: 
3-оқушы:
ІІ-тур бойынша әділқазы алқасынан қатысушылардың бағасын сұраймыз.
 ІІІ- тур .Қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
1- оқушы:
2-оқушы: 
3-оқушы:
ІІІ-тур бойынша әділқазы алқасынан қатысушылардың бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
                        Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
                        Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
                        Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
 
 
 
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. - Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).
 
2. жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
Бүгінгі «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы, ерінбе» атты Абай шығармаларын мәнерлеп оқу сайысының қорытындысын жариялау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Қатысушыларға, көрерменге рақмет айта отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Хош, сау болыңыздар.