Д?кенбай Досжановты? «Ине ?шында?ы ?мір» хикаяты бойынша кітап о?ушылар конференциясы


«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
22 қыркүйек ҚР халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай 22-27.09.2014ж күндері аралығында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында өткен тіл апталығы




Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жаңбырова Г
Бейнеу – 2014ж
Тақырыбы: Дүкенбай Досжановтың «Ине ұшындағы өмір» хикаяты бойынша кітап оқушылар конференциясы
Мақсаты: Cтуденттердің кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, Д.Досжановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, «Ине ұшындағы өмір» хикаятының мазмұнымен таныстыру. Жастарды елді, жерді сүюге, «Отан алдындағы парыз», «Ата-ана алдындағы борыш» ұғымдарымен тереңірек таныстыру, махаббатқа адал болуға, өмірсүйгіштікке тәрбиелеу, өз ой-пікірлерін еркін айта білуге, көркем шығарманы талдай білуге үйрету.
Түрі: Кітап оқушылар конференциясы
Әдістері: Оқу, мазмұндау, сюжеттік жоспар жасау, пікіралмасу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, слайд, парақшалар
Аудиториядан тыс шараның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кітап оқушылар конференциясының жүрісі
1. Алғысөз – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Жаңбырова
"Адам кітап оқуды қойса, ойлауды да қояды..." Д. Дидро
(Француз жазушысы әрі философы)
- Кітап — адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін бірден-бір асыл қазына. Көркем шығарма – адам тәрбиелейтін басты әрі қуатты құрал. Ол адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Кітап оқу арқылы адамның мінез-құлық нышандары өзгереді. Баланың қуану, аяу, өкіну, жақсы көру сезімдері оянады. Көркем сөз арқылы Отанын, ауылын, өз отбасын сүю, адамды қадірлеу, жан-жануар, табиғатқа деген қамқорлық сезімдері оянады, білуге құштарлық сияқты қасиеттер дариды. Баланы әдеби кітаптарды оқуға тарту — білімнің қайнар көзі болып табылады. Ол оның рухын сақтайды, жүрегі мен миын азықтандырады, өзін — өзі тану сезімін оятады, өз ісінің дұрыс, бұрыстығына қорытынды жасап, дәлелдей алатын, өмірдің қатты, тәттісіне дайын, тірлікке бейім болуды үйретеді.
2. Дүкенбай Досжан өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат.
-Көрнекті жазушы, көркемсөз шебері Дүкенбай Досжан 1942 жылы қыркүйек айының 9-шы жұлдызында Құланшы ауылы, Жаңақорған ауданы Қызылорда облысында дүниге келіп,бар өмірін қазақ әдебиетіне,соның ішінде Балалар әдебитіне елеулі үлесін қосқан. Дүкенбай Досжан – нағыз көркемсөз шебері. Оның қай әңгімесін алсаңыз да, барынша қарапайым тілмен үлкен-үлкен идеяларды айтатынын байқайсыз. Оның әсіресе шағын туындылары оқырман көңілін тез баурап алғыш келеді. Ауыл қариясының әңгімесін тыңдап отырғандай болатыныңыз да содан. Десек те, автордың «Арман баланың бастан кешкен қызықты оқиғалары» атты қысқа әңгімелерінің ішінде ең бір сүйкімді, тәтті шығармасы – «Мектеп». Оқырманымыздың көп бөлігі мектеп қабырғасындағы жастар мен университет білімгерлері болғандықтан, әңгімедегі балалық шақ сезімдері бөтен емес, қайта өз өмірлеріңіздегі қызықты шақтарды еске еріксіз алдырады.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазды
өз алдына бөлек топтама құрайды. Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық.. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан. Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990). «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996). Досжан Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы.Дүкенбай Досжан 2013 жылы қыркүйек айының 15-ші жұлдызында Астана қаласында қайтыс болған.
3. «Ине ұшындағы өмір» хикаяты
(Қатысушы топ студенттері хикаятын сюжеттік жоспар бойынша мазмұндайды
Сюжеттік жоспары:
Айбардың айнадағы бейнесі
Айбар - ауруханада
Арыстан туралы бірер сөз
Жаңа қоныс
Аяулым Айбардың қуанышын алғашқы боп бөлісті
Айбардың күдігі
Кездесу. Айбар мен Жансая
Жансаяның жанұясы жайында
Олар Жансаяның үйінде
Бақыт туралы өрбіген әңгіме
Бастық ескертуі: «Байқа, от басып қалма!»
Айбар қан талдауы қорытындысы бойынша дәрігер қабылдауында
СПИД ауруына түсінік
Өткен күндер елесі Айбардың көз алдынан кино лентасындай боп өтіп жатты:
А) Бисен - Айбардың бірге оқыған құрдасы
Ә) Қала шетіндегі «адам көрмеген» қызойнаққа баруы
Б) Жұмамен таныстық. Тамыр.Шприц.Рахат сезіміне бөлену.
15) Айбардың ата-анасының жолға жиналуы
16) Ана түсі
17) Арыстан мен Әсемайдың Астанаға келуі
18) Әке мен бала әңгімесі
19) Анаға берілген уәде
20) Ая мен Айбардың қонақүйдегі кездесуі
21) Сәтсіз құдаласу
22) Айбар өз-өзіне қол жұмсады
23) Қайғыдан қан жұтқан әке мен ана. Ана дүние салды, әке – жансыз роботқа айналды
24) Министр-әке өкініші
25) Есіл жағасындағы той.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Ойлар.Пікірлер.Түйін.
(Конференцияға қатысушылар сұрақтар бойынша шығарманы талдап, пікіралмасады)
Пікіралмасу үшін қойылатын сұрақтар:
Көркем шығармадағы көтерілген негізгі тақырып не?
Шығарма идеясы қандай?
Қандай кейіпкерлер бар? Сіздерге қай кейіпкерлер ұнады? Ал қай кейіпкерлер керісінше ұнамады?
Шығармадағы ең басты кейіпкер кім? Оған сипаттама беріңдер.
Хикаятта Отан, туған жер туралы мәселе көтерілген бе? Отан алдындағы борыш дегенді қалай ұғасыңдар?
Хикаяттағы ана мен әке бейнесі туралы не айтасыңдар?
Айбардың тағдырының осылайша қайғылы аяқталуына не себеп деп ойлайсыңдар? Оның достарының, ортасының әсері болды ма?
Айбар әлі тірі делік. Онда оған қандай кеңес берер едіңіздер?
Айбар өлер алдында оған кім қоңырау шалды? Не айтуы мүмкін?
Хикаят не үшін «Ине ұшындағы өмір» деп аталды?
Көркем шығарманы оқығаннан кейін туған ой-пікірлеріңіз бен түйген түйіндеріңізді ортаға салсаңыздар. Бүгінгі өмірмен байланысы қаншалықты?
ІV. Шараны бекіту
Жастарға кітап оқудың пайдасы туралы кеңес беру. Жастарды кітап оқуға үндейтін парақшалар тарату. (Кеңес слайд арқылы көрініп тұрады және таратылатын парақшаларда жазылған)
Жастар кітап оқу жайына келгенде біраз тосырқап қалатын әдет тауыпты. Кітап оқу – жақсы мен жаманның парқы, мәдениеттің биігі, өз-өзіңді дамыту құралы болса, неліктен көркем шығарма оқу деңгейі тым төмен?Әбден жауыр болған мәселе шығар, десек те, жастарға септігі тиер деген оймен кітап оқудың жолдарын қарастырдық. Ендеше, оқып көр...
- Кітапты күштеп оқыған соң, одан алған білімді міндетті түрде пайдалану керек. Мәселен, кітап оқып болған соң, қандай пайда алғаның туралы ойлан.- Оқу алдында барлық керек-жарағыңды жаныңа алып, атқарылар жұмысты бітіріп ал.- Кітапты оқитындар – ақылдылар, білімділер екенін біл. Кітапсыз-ақ өмір сүруге болады дейтін адамдардан арыл.- Кітаптың бәрі бірдей емес. Адамгершілікке тәрбиелейтін классикалық туындылардан бастап, танымдық, тарихи, тіпті де эксперименталдық шығармаларды оқуға тырыс.- Том-том кітаптан бастаудың қажеті жоқ. Шамадан тыс оқу жүйке жүйесіне әсер етіп, көзге зиянын тигізуі мүмкін. Қысқа шығармаларды оқып бітірген соң, нирвана болатынын психолог мамандар дәлелдеген.- Әр сөйлемге назар аударып, әр сөйлемдегі мазмұнға нанып, өзгеге алаңдамай, шын мәнінде (!) оқы.- Оқуды хоббиіңе айналдыр.- Өзіңе де, достарыңа да себепсіз кітап сыйлайтын әдет тауып ал.- Көзге оңай көрінетін жерге қай шығарманы оқығаның жайлы, қай шығарманы оқуды жоспарлағаныңды жазып қой.- Кітап оқу орныңды сайлап ал, бұл жер жылы, ыңғайлы, жарық болуы керек.- Өзіңе ұнайтын тақырыптағы кітаптарды жинап, бірінші кезекте соларды оқып тауысқан пайдалырақ.- Кітапқұмар достар тап, керегіңді сұрап, кітап айырбастап отыру да пайдасыз емес.- Оқыған шығармаң туралы ой бөліс, әңгіме, мақала, пікір жаз.- Әр кеште ұйқы алдында кітап оқы.- Кітап оқудың пайдасы еңбекақы секілді айдың соңында бола салмайды. Мұны мойындау керек.
Оқытушының қорытынды сөзі:
- Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу – рухани жетілуге ғана емес, тән саулығына да керемет пайдалы екендігін дәледеніп отыр. Медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл дене организмдеріне тікелей әсер етеді делінген. Сол үшін де биология саласында «үздіксіз қозғалыстағы клетка жасарып отырады дейтін» көзқарас бар. Жақында ғалымдар кітап оқу, сурет, музыка, жазушылық секілді ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың жүйке-жүйесінің басқа адамдардан әлдеқайда тез дамитынын және қартайған кезде де жүйке-жүйенің шаршауы, әлсіреуі және үлкен мидың қартаюы болмайтынын дәлелдеді.Қан тамырдың, өкпе, жүрек және басқа да ағзалардың сау денелі болуы үшін дене әрекеті маңызды орында тұратыны белгілі. Бірақ, барлық дене мүшесіне әсер ететін үлкен миды жаттықтырудың ең тамаша тәсілі кітап оқу. Кітап оқу – жүйке жүйесін шынықтыру, дене-бітімді күшейту, әртүрлі аурулардың алдын алуда тамаша маңызға ие. Адамның ішкі құрылысында кезігетін барлық аурулар психологиямен тікелей байланысты. Көңіл-күйдің түсіңкі болуы, үлкен мидың шаршауы қатарлылар әртүрлі аурулардың басты себепкері. Сол үшін де жақсы кітап – рухани азық. Сау денелі болудың табылмас дәрісі. Кітап оқудың тағы бір ерекшелігі – ұзақ өмір сүрудің кепілі екен. Жапония медицинасы осылай қорытынды шығарып отыр. Олардың айтуынша, ең ұзақ өмір сүретіндер – философтар, одан кейінгісі ғалымдар мен көркемөнершілер екен. Олар «кітап оқу – үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады. Кітап оқып болған соң да оның адамға сыйлайтын әсері дене шынықтырудан кейінгі массаж секілді адамды рухани қалыпқа түсіріп отырады» дейді. 
Ендеше, көптеп көркем шығармалармен сусындап, санамызды тазартып, рухани байып, өз өмірімізге қажет сабақ алып, жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйренейік!