?біш Кекілбай «Шы?ырау» повесінен ?зінді


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбай
«Шыңырау» повесінен үзінді
(қортынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
а) Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.
Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту;
ә) Оқушылардың ойын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру;
б) Еңсеп бейнесі арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа,
қарапайымдылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Шығарманың мазмұнын ашып, қортындылау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Ә.Кекілбаев туралы плакаттар жинағы, буклеттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың
тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй жұмысын сұрау:
1.Әбіш Кекілбаев өмір жолы
2."Шыңырау" повесін мазмұндау
ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс.
Шығармадан үзінді оқу
(Құдық ішіндегі Еңсеп ойы)
ІҮ. Шығармашылық жұмыс:
(қазақ тілімен байланыс)
1.Шығармадағы еліктеу сөздерін тап
(гу-гу, кеу-кеу, ыс-ыс, күрт-күрт, шаң-шұң, дүңк-дүңк, дүрс-дүрс)
2. Диалект сөздерді теріп жаз.
Зымыран, түнемелік, шоңқайма етік, шығыр арқан, қыл арқан, шеген, әйкел теппе
Ү. "Таңғажайып алаң" ойыны
- Ата кәсібі құдықшы болған ру? (Қараш)
- Еңсепке құдық қаздыруға өтініш жасаған кім? (Байсал бай)
- Атақты, мықты, құдықшы кім ? (Еңсеп)
ҮІ. Сабақты бекіту:
Жылдамдық сұрақтары:
1. Әбіш Кекілбаев қа йжерде дүниеге келген?
2. Ең алғаш Әбіш оқыған мектеп?
3. Әбіш бітірген мектеп?
4. Әбіш атына берілген мектеп қай жерде?
ҮІІ. Сабақты қорыту:
"Топтастыру" стратегиясы
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
еңбекқор төзімді
Еңсеп

құдық қазу кәсібімен айналысады.
руы Қараш қайратты
Үй жұмысы : Шығарманы мазмұндау
Еңсепке мінездеме беру