Саба?ты? та?ырыбы: Онды?тармен санау


Сабақтың тақырыбы:Ондықтармен санау
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға ондықтармен санауға, ондықтардан тұратын сандарды шығарып алуға және оларды атауға үйрету.Бір ондықты қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
Білімділігі:Оқушыларға кестелік қосу жіне азайту тақырыбынан алған білімдерін пысықтай отырып, онға кез келген бір таңбалы санды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылығы:Ойнай отырып,ойлай білуге тез шешім қабылдап,қорытынды шығаруға ой-пікірлерін білдіре алуын дамыту.
Тәрбиелігі:Сыйластыққа,татулыққа, бірлікке,ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас,ойын сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:Қима қағаздар,конверттер т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық: Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сәтті күн болсын!
Сәлеметсіздерме бүгін бізде ерекше сабақ.Себебі бізге қонақтар келіп отыр.Сабағымызды көңілді,қызықты өткізуге тырысайық.
Балалар жалқау болмай оқы сабақ,
Ашылмас оқымасақ көз бен қабақ.
Өткенді еске түсіру
“Кім көп біледі”ойыны.1.Санды немен белгілейміз?2.Сандарды тура және кері санау.
3.Қосудың компанентерін атау.
4.Геометриялық фигураларды атау.
5.Кесінді дегеніміз не?
6.Өрнектер қандай болып жіктеледі?
7.Натурал сан қалай бөлінеді?
8.Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданылады?
9.Заттарды бөліп алғанда қандай амал қолданылады?
Өткен сабақты бекіту
Қима қағаздармен жұмыс.
3+ =10 8- =1 +4=7 + =9
<10 5+ =9 -2=8 - =3
Үй жұмысын өздеріне оқытып бағалау,қосымша сұрақ қою.
Жаңа сабақпен байланыстыру.
Мақсат қою
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Ондықтармен санау.Мақсаты толық ондықтарды меңгеру.Бірліктермен толық ондықтар арасында ұқсастық бар ма?Айырмашылықтар бар ма түсіндіру.
Жаңа сабақ
-Балалар,дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз.
-Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
-Төрт мезгіл бар.
-Қазір қай мезгіл?
-Көктем.
-Көктем мезгілінің нешінші айы?
-Екінші.
-Балалар,толық ондық-1бума-1бумада-10таяқша.10-екі таңбалы сан.
1.2.3.4.5.6.7.8.9.-бұлар бір таңбалы сандар.
-Балалар, менің қолымда 1 бума 10 таяқшаны жасату санатып.
1 бума – 1 ондық – он - 10
2 бума – 2 ондық – жиырма - 20
3 бума – 3 ондық – отыз - 30
4 бума – 4 ондық – қырық - 40
5 бума – 5 ондық – елу - 50
6 бума – 6 ондық – алпыс - 60
7 бума – 7 ондық – жетпіс - 70
8 бума – 8 ондық – сексен - 80
9 бума – 9 ондық – тоқсан - 90
10 бума – 10 ондық – жүз – 100
-Балалар, біз қазір “почта” ойынын ойнаймыз.Тақтаға үйлердің нөмерлері ілінген.
№4 №40 №7 №3 №30
Почташы әр оқушының алдына конвертке салынған есеп таратады.Оқушылар конверттегі есепті алып тез есептеп,жауабы немесе мәні сәйкес үйдің нөмеріне салады.
“Кім зерек” ойыны ауызша
Кітабымыздағы №2 мысалдағы қалып қойған сандар, яғни ондықтармен санау.
20 – 90 50 – 80 40 – 90 сандар құрамын атау.
№3 Балалар көкөніс теруге бақшаға барды.Ол жерде бір себет қияр бес,ал бір себе қызанақ төртеуін терді.Балалар қызанаққа қарағанда неше қияр артық терді?
Шарты
Қияр – 5 Қияр - 5
Қызанақ – 4 Қызанақ - 4
Қияр қаншаға артық? Қызанақ қаншаға кем?
Шешуі: 5-4=1 Шешуі: 5-4=1
Жауабы: 1-ге артық. Жауабы: 1-ге кем.
Сергіту сәті
Қостық біз,азайттық біз,
Қатты шаршап кеттік біз.
Қане,тұра қалайық,
Қимылдасын қол-аяқ,
Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,
Орнымызға отырып,
Сабаққа назар салайық.
“Маған қай ойыншық ұнайды?”ойыны арқылы теңдеуді орындау.
Доп Қоян Машина Аю
4+a=7 a-6=2 7-a=1 a+1=8
Теңдеуді дұрыс орындаған бала ойыншықтың суретін алады.
Сабақты бекіту
-Ақша,тиын деген не?
-Ақшаны қалай қай кезде жұмсаймыз?
-Қазақтың яғни біздің сауатын,жұмсайтын ақшамыздың аты не?
-Теңге.
Слайд.
Біз қазір өзімізге қажетті заттарды сатып алу үшін дүкенге барамыз.Дүкенде 10 теңге сағыз,20 теңге қаламсап,50 теңге қалың дәптер,20 теңге сызғыш,10 теңге құрт.
Қолымызда 100 теңге бар соны жарата білеміз бе?
Сабақты қорыту
“Шатаспақ” ойыны
Шарты логикалық ойлап жауап беру.
1.2 жылқының неше аяғы бар? 8 аяқ.
2.4 жұмыртқа 4 минутта піседі,ал 1 жұмыртқа неше минутта піседі? 4 минутта.
3.Ит мысықты,мысық тышқанды қуалап келеді.Қайсысы бірінші келеді? Тышқан.
4.Автобустан түсу үшін алдымен не істеу керек? Міну керек.
Үй жұмысы
№3 есеп 175 бет