Урок на казахском языке Алтыба?ан аясында
Алтыбақан аясында
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүр түрлерімен,соның ішінде бесікке салу дәстүрімен таныстыра отырып, балалардың сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Міндеттері:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай білуге, тілдерін тақпақтар арқылы жетілдіру
2. Ойлау,есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту
3. Адамгершілікке,тазалыққа,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқоршы болуға,бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу
Тәрбиеші балаларды жайлау көрінісіне «Бес асық» ойынын ойнауға шақырады.
Балалар шеңбер жасай отырып, ойнайды.
Ойын ортасында ауылдын балалары жүгіріп келеді.
Балалар : « Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Көрші ауылда «бесік тойы» болады. Тойдан құрқалмаңыздар!», -деп балаларды шақырады.
Балалар: Тойға барайық,тойға барайық, тойдан құрқалмайық.
Зал төрінде үйішінде отырған әжесі мен келіні.
Әже: Келін шырағым,мына немеремді бесікке салатын күнде келді.
Ауылдың үлкендерін және көрші ауылдан бесік тойына әжелерді және той сәнін келтіретін балаларды да шақырып қойғанмын. Қазір өздері де келіп қалар,сен бесіктің жабдықтарын даярлап қой.
Келіні: жарайды әже даярлап қояйын.
Осы кездеТәрбиеші мен бірге балалар да кіреді.
-Амансыздарма! Бесік тойы құтты болсын! Немерелеріңіздің бауыберік болсын!
Балалар: — Сәлеметсіздерме әжелер!
Әже: — Сәлеметсіңдерме балақандарым төрлетіңдер, қош келдіңдер.
Ауылдан қыз келіншектері , қонақтары келеді.
Әже :— Балаларым ,келіңдер мына бесіктің жанына отырыңдар. Мынау бесік деп аталады. Бесікті таза ағаштан жасайды. Мен сендерге кішкентай бөбелерінді бесікке қалай бөлеу керек екенін көрсетейін.
— Ең алдымен бесіктегі баланың бас жағына жұмсақ жүннен жасалған жастық саламыз. Ал мынау баланын үстіне жамылатын көрпесі. Мынау белбеуі,бала құлапқалмас үшін белінен және аяқ тұсынан осы белбеумен байлап қояды.
Бесікті бала ұйықтағанда шошып-қорықпау үшін сіріңкемен аластаймын.
(бесікті аластайды)
«Алас-алас,пәледеналас,
Иесікеледі,пәледенқаш!
Алас-алас,пәледеналас
Көзі жаманның көзінен алас
Тіліжаманныңтіліненалас,
Отсызомыртқасынаналас»
-Балалар ,қараңдаршы бесіктіңде,төсеніштің де ортасы ойылып алыптасталған екен. Себебі сол жерде түбегі тұрады. Ал мынау шүмегі,осы шүмек арқылы баланың кіші дәреті түбекке құйылып, баланың денесі былғанбай таза болады.
Балалар жақын отырындар тыштырма жасайық қолдарынды тосындар.
Тыштыма ,тыштыма?-деп сұрайды .(Қолдарына кәмпит салады)
— Келінжан кішкентай немеремді әкел,бесігіне салайық ( Бесікке салуды көрсетеді)
— Енді кішкентай бөпемізге азан шақырып есімін қояйық.(Азан шақырып есімін қояды) Бөпеміздің ұйқысы тәтті болсын деп « Бесік жырын» айтайық:
Әлди,әлди , ақ бөпем,
Ақбесіккежат бөпем.
Жыламабөпем, жылама,
Жілікшағыпберейін
Байқұтанның құйрығын,
Жіпкетағыпберейін
Әлди,әлди бөпешім,
Қозы жүні көкешім
Жұрт сүймесе ,сүймесін
Өзім сүйген бөпешім.
— Бөпеміз ұйықтасын, бесікті тербетейін,алсендер Іңкарға арнап тілектеріңді білдіріңдерші .
Ол өскенде қандай болсын?( Балалар тілектерін білдіреді)
— Өте жақсы ,өркендерің өссін!
— Ал, балалар тойға келген соң өз өнерлерін,өлең-тақпақтарың болса айта отырыңдар:
Айдар:
Алдын орап кісініңКесіп өтпей көлденеңІзетімен кішініңСәлемдесіп қол берем.
Күнсұлу:
Сүп-сүйкімді бөбегім,
Сондайжақсыкөремін.
Сенсізменіңбайлығым,
Сенсің менің өлеңім.
Жанбота:
Бақшаға біз барғандаЖолыққан бар жандарғаАқниетпен пейілмен,Қайырлы таң!- дейміз бізКүндіз де елді елеймізҚайырлы күн!- тілейміз.
Рамазан:
Бабаға қарап,киелі
Баласы бас иеді.
« Бала бауыреті» деп
Баласынолсүйеді.
Ақерке:
Жас - кәріге сіз дегенЖақсы үлгі іздеген.Дос боламыз біз деген,Ізетті ұл мен қызбенен.
Ильяс:
Атам маған қашан да,әділетті бол деген.Ата сөзі санамда,Жүрем тура жолменен.Колерия:
Ата бәйтерек,
Бала жапырақ.
Мейіржан:
Сыйлап сәлем беремінКөршілерді көргенде.Ізетпен бас иемін,Үйге қонақ келгенде.Әдепсіз деп сөкпесін,Анама айтып өкпесін.
Софья:
Әдепті бала арлы бала ,
Әдепсіз бала сорлы бала.
Әже: Өте жақсы, балаларым өркендерің өссін! Жақсы айттыңдар.Ауылдың алты аузы дегендей ,кәне қыз келіншектер өз өнерлерінді көрсетіңдер.
Қыздар:Қыздар жүріндер бір би – билеп жіберейік.Тойымыздың сәнін келтірейік.
Би: «Киіз басу».
Тәр: — Балалар той қызықты өтсін, сендер көңілдеріңді көтеріп, тағы бір ойын ойнаңдар , ойын « Хан талапай» деп аталады.
Ойын« Хан талапай».
ойын ережесі :
Ойынды жүргізуші педогог ойынды бастар алдында « Талапай – ау, талапай , табылды ойын алақай » деп өзі айтады және балалармен бірге қайталап , қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады.
Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап ,асықтарды таласып бөліп алады.
Жинаған асықтарын санай бастайды.Кім көп асық жинаса сол бала жеңімпаз болып аталады.
Әже:Мен бүгін осы бесік тойына арнап қоржын әкелдім.Ал тамашалайық.
(Қоржынды ашып ішіндегі сыйлықтарды таратады).
Әже : Балалар тойдың қызығы да аяқталды ,енді Сулейменнің әжесінен бата сұрайық.
Әже:
« Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін
Кетпес дәулет
Кең пейіл берсін
Ата-анасына мейірімді болсын
Қатарының алды болсын
Ырысты ,нәсіптіболсын
Елінеелеулі,халқына қалаулы болсын
Әумин!»
Тәрбиеші:
— Әже батаңыз қабыл болсын! Ауырмай аман-есен жүреберіңіз.
Қонақтар-Ал, енді біз жолға шығайық.
Әже- Біздің қазақ халқының көгентүп деген салты бар, біздің жиеніміз осы үйге бірінші рет келіп отырғандықтан біз сый ретінде ботаны ескерткішке сыйлаймыз.
(балаға көгентүп сыйлығын сыйлайды)
МКҚК № 18 балабақша
Қалалық семинар
Тақырыбы: «Халықтық педагогика- ұрпақ тәрбиесінің құралы»
«Алтыбақан аясында»
Естияр «б»тобы
Тәрбиеші:Н.Т.Жагипарова
Ақсу қаласы 2016ж