Т?рбие са?аты Адамгершілік — адам арыны? айнасы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақсай ауылы
«Ақсай орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
8-сынып жетекшісі Жунисова Айнагуль Алгазиевна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамгершілік - адам арының айнасы»
Мақсаты:
1. Білімдік - танымдық: Адамның бойындағы ұнамды – ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым – қатынас дағдыларын жасауға баулу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.
Көрнекілік: Мультимедиалық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер т.б.с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Адамгершілік тәрбиесі.
1 жүргізуші:
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады.
2 жүргізуші:
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.
1жүргізуші:
Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
2жүргізуші:
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б.
1жүргізуші:
Адамгершілік -- ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
2 жүргізуші: Адамгершілік туралы Мақал- мәтелдер
1жүргізуші:
... Адаспайсың ақылды арлыға ерсең,
Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.
Тапқыр, адал, ақниет адамдардың,
Алданбайсың артынан ере берсең.
2 жүргізуші:
Азаматтық жасай алмаған адам – Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей
1 жүргізуші: Көрініс
2 жүргізуші:
Адамгершілікке арналған үш сауал бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
1 жүргізуші: Слайд /5минут/ «Адамгершілік дегеніміз не?» - /Дидар мен Улпан/
2 жүргізуші:
Құдықтан су ішкен,
Қазғанға рахмет айтады.
Ағашты көлеңкелеген,
Еккенге рахмет айтады.
1 жүргізуші:
Адамның ұяты бетінде , Адамгершілігі ниетінде дей келе келесі кезекті
/ Оқушылардың адамгершілік туралы тақпақтарына берейік/
2 жүргізуші: Сонымен адамгершілік дегеніміз не?
1 жүргізуші:
Мұның жауабы , әрине , адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек ,асыл қасиетіміз –еңбек сүйгіштік ,достық,әдептілік, көмек беру,қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін , жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни , адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса ,ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықта, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі шайпау,менмен мақтаншақ ,керенауыз кесір мінезден аулақ болуымыз керек.
2 жүргізуші: Осы жерде үлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап,босқа күлүге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрседеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек ,өтірік, мақтаншақ,
Еріншек ,бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат рахым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз....»-
деп , адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.
1 жүргізуші:
Демек, асыл қасиет – адамгершілік ,сондықтан сөзімнің басында айтқан адамдық белгісі- адамгершілік екенін айта отырып,Б өлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдыңда сызылып сөйле,
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді,- деген екен.
Тәрбие сағатымыздың жалғасын «Балам анау не?» көрінісімен жалғастырайық.
Сатымбай Аружан: /автордың сөзін оқу/
...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп: - Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдынан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
Әкесі «Балам, анау не? » деп сұрапты. –
Баласы: «Ол - түйе» - деп жауап беріпті.
Автор: Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы: -
Баласы: «Ол - түйе, түйе !» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті.
Әкесі: - «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
Автор: Бұл көріністер қандай баланы көрдіңдер?1 оқушы: Бұл жерде бала өз әкесін құрметтеп, мен сізді тәуіпке апарамын дейді. Бірақта өзінің істеген жақсылығын,міндет қып,әкесіне екі қайталап жауап бергісі келмей ,өз қылығымен жақсылығын шайды. Сондықтан мынандай мақалды айтқым келіп тұр «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді». /Ақжол/
Автор: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік сіздерге көп рахмет.
2 жүргізуші: Олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып,
Ақсай ауылының имамы Қожай атамызға сөз берсек:
Сұрақтар:
Ислам дініндегі тәрбиенің ерекшеліктері туралы айтсаңыз?
Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.
Бұл туралы не айтасыз?
Адамгершілікке жатпайтын іс – әрекеттерді байқағанда не істер едіңіз?
Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады.
Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз?
1 жүргізуші: Ата, Сізге көп рахмет, біздің тәрбие сағатымызға келіп сұрақтарымызға жауап бергеңізге.
2 жүргізуші:
«Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес,ол өзінің тәжірибесі арқылы жететін адамның ішкі жағдайы»- деген екен, орыстың ұлы жазушысы Владимир Соловьев.
1 жүргізуші:
Дұрыс айтқан екен, адамгершілік адамдар арасындағы қарым- қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі имандылық шарттарын білдіретін ұғым.
2 жүргізуші: Қорытынды сөзді сыныптың жетекшісі А.Жүнісоваға берейік.
Слайд «Адамгершіліктің 7 қасиеті».
1 жүргізуші: Осымен «Адамгершілік – адам арының айнасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға көп рахмет!!!!