Видеоурок на тему Анам мені? а? г?лім, аяла?ан ба?ытым т?рбие са?аты
«2. Жүргізуші
:Анам менің ақ гүлім,
Аялаған бақытым» атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!
1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз..
2. жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
Жиынымызды ашып беру үшін мектебіміздің директоры Мұса Қалмаханбет ағайға сөз береміз.
--Әнұран орындалады.
1. жүргізуші:
«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
2. жүргізуші:
О аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасыңдағы кәрің де
Сыйынатын осы өмірде құдырет
Сыйынар ем ана деген тәңірге.
1. жүргізуші:
Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.
2. жүргізуші: Ендігі кезекте ардақты аналар мен құрметті ұстаздарға сөз кезегін береміз.
1. жүргізуші: Сіздерге арналған сый-сияпатты қабыл алыңыздар.
2. жүргізуші: Көркем сөз «Ана» Сұлухан М.Махатаев
1. жүргізуші:Ән «Мама» орындайтын Қымбат пенГүлбанудың орындауында
2. жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам
Сонда біз кісілікке теңесеміз
Мерекеміз жалғасады. Назарларыңызға анамызға, әжемізге арналған тақпақтар
5 А сынып оқушыларының орындауында
Жүргізуші:
Үкілі кәмшат,бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі,қимылсыз билеп.
Иықтан шашың төгіліп жерге
Күмісті шашбау жарасып белге—деп ақын –жазушыларымыз жырлағандай келесі кезекте мың бұралған бишілерімізге береміз.
Би. «Әке толғауы» орындайтын 5А сынып оқушылары
2.жүргізуші:
Анасыздар әр үйге панасыздар
Бала десе от болып жанасыздар
Сәтті болса ұрпағың мерей тасып
Қыз күлкісін сусын ғып қанасыздар
5 А сынып оқушыларының орындауында аналарымызға, қыздарымызға арналған өлең шумақтар.
Жүргізуші:
Анасыздар Ақ Еділ Жайықсыздар
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар
Маздатып жүрекке от лаулатып
«Әр үйдің күні » десе лайықсыздар
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй—деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекте ән.
Орындайтын Назерке Ералы
жүргізуші:
Өр десек те сіздерді лайықсыздар
Төр десек те сіздерді лайықсыздар
Ер десек те сіздерді лайықсыздар
Зор десек те сіздерді лайықсыздар
жүргізуші:
Әйелдер баланы бесігімен баулиды....Өмірдің іргетасын солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Парагов.
Жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горькии
«Адамдар әрқашан өз аналарының перзенттері Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»
1.жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер
Көтерілсін қанеки көңіл күйлер
Алдарыңызда 8 А сынып ұл балдары таң қалдырып қанеки би билеңдер.
1.жүргізуші: «Отбасы шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы жарасқан, түтіні түзу шыққан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі
2. жүргізуші:
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған
Хор: Ана туралы жыр
1.жүргізуші: Бүгінгі жақсы тілектердің барлығы періштенің құлағына шалынсын.
2.жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен мерекелік кешімізді аяқтаймыз!