Т?л?ааралы? ?арым-?атынас элективті курсынан лекциялар жиынты?ы
№1 Лекция. Қарым-қатынас. Қарым-қатынас құрылымы және құралдары
1. Қарым-қатынас құрылымы және құралдары.
2. Қарым-қатынас түрлері.
3. Қарым-қатынас психологиясы ғылымы.
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. А.Б.Добрович пікірінше, қарым-қатынас бірліктегі қызметті реттейді, сананың алғашқы қалыптасуының және дамуының құралы болып табылады. Ол жеке тұлғаның ойы мен іс-әрекетін анықтайды деген.
Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдар бір-бірін қабылдайды, ақпарат алмасады. Сондықтан қарым-қатынас процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды:
- перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау),
- интерактивті (әңгімелесунінің өзара әсерлесуін реттеу),
- коммуникативті (ақпарат алмасу).
Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:
- вербалды,
- вербалды емес.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Альберт Мейербайн қарым-қатынаста 7% ақпарат Вербалды(сөз арқылы), 38% дыбыс құралдары (дауыс темры, интонация, дыбыс күші), ал 55% ақпарат алмасудың Вербалды емес құралы арқылы берілетіні дәлелдеді. Осыдан Публиций: «Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ал денемен әңгімелесеміз» деген.
Ақпаратты жеткізу негізгі сөз арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік өмірдегі адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі бір түрі – сөйлеу. Сөйлеу күрделі психикалық процесс. Сөйлеу адамдардың қарым-қатынас құралы.
№2 Лекция. Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас түрлері
1. Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас түрлері.
2. Қарым-қатынас стильдері.
3. Қарым-қатынас ережелері.
Қарым-қатынас процесінің маңызды бөлігі-тыңдау шеберлігі .Зейін қойып,тыңдап отырған адамда көзі ым-шиара, көзі қозғалуы ,сөйлеушіге тугелдей бөлгендігі айқын байқалады. Осы арқылы қарым-қатынас жасаудың белгілі таңбалары пайда болады. Қатынас жасаушы көіл куйін, ойын толық жеткізуге максималды ашуға мүмкіндік жасайды. Керісінше мен-мендік, сағырттық қарама-қарсы нәтиже береді.Тыңдау мен естуде үлкен айырмашылық бар. Көбіне адамдар сөзді айта алады, бірақ естімейді (түсіну,қабылдау), көбіне адамдар ести алмайды. Бұдан адамдар тыңдай отырып өзінің басқа ойына тез ауысады. Адам сөйлегеннен 4 рет жылдам ойланады. Айтылғандағы және оның мағынасын қабылдауға 1сек уақыт кетеді. Егер сіз білмейтін сөз болса 3-5 сек. уақыт кетеді, ал уақытты толық түсіну үшін 14-15 сек уақыт қажет. Адам 1минутта 60-70 сөздің мағынасын ұғынады.
Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер. Кейде біздің сөзіміз, іс-әрекетіміз қасымыздағы адамға немесе әріптесімізге дұрыс айтылып дұрыс қабылданбайды .Сондықтан олар қатынастың жасалуынан қашады. Мұның барлығы кез-келген коммуникация, екінші адамға әсер етуі, өзі туралы басқа адамға қатынасы, жанның тыныштығы т.б. Бірақ барлық ақпарат қарым-қатынаста кедергі бола бермейді. Мсыалы: ашықтар, көп жыл өмір сүрген ерлі-зайыптылар бірін-бірі бірден көзқарас қисынынан түсінеді.
Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты.Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынасжасауына түрлі сатыдағы кедергілер кейде біздің сөзіміз,іс-әрекетіміз қасымыздағы адамға немесе әріптесімізге дұрыс айтылып дұрыс қабылданбайды .Сондықтан олар қатынастың жасалуынан қашады.Мұның барлығы кез-келген коммуникация ол екінші адамға әсер ету өзі туралы,басқа адамға қатынасы,жанның тыныштығы т.б. Бірақ барлық ақпарат қарым-қатынаста кедергі бола бермейді. Мсыалы; ғашықтар,көп жыл өмір сүрген ерлі-заыптылар бір-бірін бірден көзқарас қисынынан түсінеді.
Қарым-қатынастық кедергілер түрлері.
1.Вербалды және вербалды емес қатынастық кедергілер.
Вербалды бұл сөзді бөлу талас змоцияларды сөздер жабық түрдегі сұрақтардың қойылуы.
Вербалды емес екінші адам сізбен сөз қозғағысы келмейді,көзіне тіке қараудан қашады,қайта-қайта сағатына қарап,арақашықтық сақтап және т.б әрекеттер жасайды.
2.Адамның жеке өзіндік типтеріне байланысты ерекше (мінез-құлық,темперамент,жағымсыз змоциялы жағдай)
а)қарым-қатынастағы темпераментке байланысты түрлі типтегі адамның қатынасы.
б)мінез-құлықтың сәйкес келмеуі
в)жағымсыз эмоция
г)жиіркену,жек көру
д)қорқыныш бұл бірінші биологиялық себептерге байланысиы болуы мүмкін.Ол адамның денсаулығы мен өмірге қорқыныш,ауру жұқтыратырып алу.
3.Әлеуметтік моральдық,материалдық жағдай,қоғамдық ортадағы статус,жазалаудан сақтану,бір жақтан қысым көрсету және т.б
ж)ар-ұят және күнә бұл жерде адамның өзінің епетейсіздігіне байланысты.
З)Ұлттар арасындағы кедергілер.
№3 Лекция. Вербалды қарым-қатынас
Адамдар бір-бірімен түрлі деңгейде түсініп және ақпаратты түрлі типте алмасады. Ақпарат ауызша және жазбаша қарым-қатынаста болады.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі,
сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Біз білеміз өте білімді және дұрыс ауызша және жазбаша сөз ол адамдармен өзара әрекеттесудің жемісті нәтижесі.
Сөздік қарым-қатынастың құрылымына мыналар кіреді:
- тіл – сөз жүйесі, келбеті, айтылуы, олардың мағыларының дұрыс қосылуы.
- Тілдік дыбыс құбылысы- сөз темпі, ритм, тембр, дикция. Мұнда бірізді, қарапайым, жай, өлшемді сөз манерасы маңызды.
- Дауыстың мәнерлі сапасы - өзіндік дыбыс ерекшеліктері: күлкі, жылау, сыбырлау, күрсіну, пауза, мысқылдау.
Қарым-қатынастың нәтижелігі екінші адамды үғыну, сөзді түсіну, интонацция, Вербалды емес түрдегі ақпаратты оқи алуы.
Қарым-қатынастың синтоникалық моделіне қол жеткізу мақсатында тілді мазмұнды және кедергісіз қолдану репрезантивтік жүйе деңгейіне байланысты. Яғни әңгімелесу мен іскерлік қатынастар вербалдық формада (ағылшын тілінен аударғанда – verbal – сөз, ауызша деген мағына береді) жүзеге асады. Бұл қарым-қатынасқа қатысушылардан тек сауаттылықты ғана емес, сонымен қатар тілдік қарым-қатынас этикасын сақтауды қажет етеді. Және де бірқатар сөз сапаларына да байланысты болады.
Оларға: сөз нақтылығы, сөз тазалығы, сөз жүйелігі, сөз мәнерлігі, сөз байлығы, сөз орындылығы жатады. Бұл сөз сапалары білім субъектілері арасындағы қарым-қатынастың тиімді болуында маңызды роль атқарады.
Яғни:
- сөз тазалығы - әдеби тілден тыс сөздердің қолданылмауы, соның ішінде диалектік, кәсіби, жаргон сөздер және т.б.;
- сөз нақтылығы – сөз мазмұны мен ақпарат мағынасының негізіне сәйкес келуі. Сөздің нақтылығы сөзді орынды, нақты, сөз мағынасына қарай, синоним, антоним, омоним сөздерді дұрыс қолдана алуға байланысты. Сөз нақтылығының маңызды шарты - лексикалық нормалардың сақталуында. Егер сөйлеуші қажетті ақпаратты субъектіге жеткізуде мағыналас сөздердің ішіндегі ең орындысын таңдаған кезде ғана, сөз нақтылығы көрініс береді.
- сөз жүйелігі – ойлау компоненттерінің бөліктері мен сөйлеу компоненттерінің мағынасының қатынасының көрінісі;
- сөз мәнерлігі – тіл мәнерінің бар мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде көрініс беретін сапа. Ол барлық деңгейлердегі тіл бірліктерімен жасалына береді. Сонымен қатар, тілдің арнайы көркемдік қасиеттері болады (троптар, стилистикалық фигуралар), олар айтылған ойды, әсерлі, образды, эмоционалды етуге көмек береді;
- сөз байлығы – ақпаратты барынша әсерлі жеткізе алуға мүмкіндік беретін сөз бірліктерін еркін және кең қолдана алу;
- сөз орындылығы – тілдегі сөз бірліктерінің мақсатына, жағдайына, мағынасына сәйкес қолданылуы.
Аталмыш категориялар вербальды қарым-қатынас құралдары болып табылады. Вербальды қарым-қатынас тек адамға ғана тән және тілді меңгеру міндетті шарт болып табылады. Өзінің коммуникативтік мүмкіндіктеріне қарай ол вербальды емес қарым-қатынастың барша түрлері мен формаларынан бай, дегенмен оны толықтай алмастыра алмайды. Және де вербальды қарым-қатынастың дамуы бастапқыда міндетті түрде коммуникацияның вербальды емес құралдарына келіп тіреледі /435-б./.
Жалпы адамдарда қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес түрлері маңызды болып табылады. Вербальды емес қарым-қатынас дыбыстық сөйлеуді, табиғи тілді құрал ретінде пайдалануды қажет етпейді. Вербальды емес қарым-қатынас – ол мимика, жест, пантомимика, тура сенсорлы немесе жанасудың көмегімен жүзеге асады. Бұл өзгелерден алынатын тактильді, көру, есту, иіс сезу және т.б. сезімдер мен образдар. Немов Р.С.
№4 Лекция. Вербалды емес қарым-қатынас
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.
Қарым-қатынаста Вербалды және Вербалды емес қатынастық кедергілер бар. Вербалды– сөзді бөлу, талас, эмоцияналды сөздер, жабық түрдегі сұрақтардың қойылуы.
Вербалды емес екінші адам сізбен сөз қозғағысы келмейді, көзіне тіке қараудан қашады, қайта-қайта сағатына қарап, арақашықтық сақтап және т.б әрекеттер жасайды.
Вербалды емес қарым-қатынас құралдары:
– поза, жест, жүріс.
- мимка
- визиуалды контакт
- тұлғааралық қашақтық.
Вербалды емес тіл басқа адамның сезімін түсінуге және өзінің сезімін жеткізуге қолайлы, басқа әдістер ақпаратты жеткізе алмағанда маңызды, адамның айтқаны, қозғалыстың жасанды және оның ақиқат екендігін түсуге ыңғайлы.
Бұл тіл барлық ер және әйел адамдарға, барлық мамандықтарға да толығымен түсінікті. Бірақ түрлі көзқарастар әр түрлі ұлт өкілдеріне байланысты анықтау қиынға соғады.
Арнайы іскерлік сферада қарым-қатынас іскерлік мінездемеге ие болады қарым-қатынас түскенде іскерлік және тұрмыстық деп бөлініун арнайы және арнайы емес қарым-қатынас, формальды және фрмальды емес топтардың адамдардың байланыстырған дұрысырақ. Формалбды топтарға ұйымдастырылған ұжымға анық мақсаттар адамдарды должносттары бойынша орналастыру,онда құқықтары мен міндеттері шарттарға сәйкес анықталады,ол қарым-қатынасқа түскенде міндетті түрде көрінеді.Бірақтан әр ұжымда іскерлік қатынастың басқа тағы жекеше қатынастың болатынын естен шығармауымыз керек.
«Іскерлік қарым-қатынас» деген сөздің өзі көбінесі іскер адамдардың арасындағы, бизнесмен, комерсант пердпринимательдің арасындағы қарым-қатынас деп түсіндіріледі. Бірақ іскерлік қарым-қатынас дегенді кең көлемде түсіну қажет яғни ұйымдастырылған және служебный сферада (іскерлік әңгіме, әріптестердің, служебный талас, класс жиналысы, бастықпен әңгіме, педсовет тағыда сол сияқты.) Іскерлік қарым-қатынас бұл әңгімелесушілердің арасында бір-бірімен ақпарат, тәжірибе алмасады, нақты мәселенің шешімін табу болады. Іскерлік қатынастың басқа қатынастан өзгешелігі - бұл процесте өздерінің шешімін табатын мақсат және нақты тапсырма қойылады. Қарапайым достық қатынастық көбінесе нақты тапсырмалар қойылмайды, арнайы мақсат жоқ және ол кез-келген уақытта тоқтатуға болады. Іскерлік қатынастың мақсаты қандайда бір мәселенің шешімін табу құралы болу керек. Іскерлік қатынастың өзгешелігі және телефон арқылы сөйлесу жатады. Ауызша қатынастың келесі түрлері көрсетіледі: әңгіме, дисскусиялар, таластар. Ал жазбаша іскерлік қатынастың түрлеріне көбінесе іскерлік хат, өтініш, мірбаян, нездеме, түсініктеме,сенім хат, хаттама т.б. жатады.
Қарым-қатынас жасағанда әңгіменің шарттары маңызды роль атқарады, болатын орны, уақыты, көптеген кедергілердің болмауы, телефонның дыбыстары, бөлмеде ықтият болуы және стол үстінде қағаздарды реттемейут.б. Әңгімелесушінің қолы тимей жұмыс жасап жатқан кезінде қатынасқа түспей-ақ қойған жөн.
Қандай болмасын әңгімеге алдын ала дайындалу керектігін ұмытпаған жөн. Егер әңгіме барысында көп нәрсе білу керек болса, онда арнайы, қажетті сұрақтарды рет-ретімен жазып алу керек. Алдын ала өзіңді дайындау маңызды. Мен әңгімені қалай бастаймын? Қандай аргументтер келтіремін? Қандай қарсылықты күту керек? Мен оларды қалай теріске шығарамын? Қандай соңғы шешуші аргумент қолданамын?
Әңгіме жылу жүзбен орташа ырғақпен сөйлеген дұрыс-ол оның бойында сенімділікті ұялатады.Әңгіме белгіленген уақыт жайында ескертіп отыру қажет.Бірінші сөз ол сізге таныс,таныс емесболсын әңгімелесе беріледі.Осыдан кейін өзіңіздің көз қарасыңызды айта аласыз.
Қарым-қатынастың болмауына келесі жағдайда әсер етеді.
1.Сенімсіздік көрсету.Кешірім сұраудан қашу керек яғни бұл сенімсіздікті білдіреді. «Кешіріңіз,кедергі жасасам». «Мен тағы естісем деп едім» «Өтініш,егер сізде есені тыңдауға уақыт болса».
Керісінше,әңгімені бастағанда кездесуге не түрлі болғанын айту керек.Серіктесіңізгеоның сұрағының барлығына жауап бере алатыныңызды байқатыңыз.
2.Кездесу барысында ыңғайсыздық көрсету яғни «сізбен тесірек жағдайды қарастырайық». «Мен өтіп бара жатып сізге кіре салдым». «Ал менде бұл жөнінде басқа пікір».
№5 Лекция. Қарым-қатынас стильдері
1. Қарым-қатынас стильдері.
2. Тренинг - қарым-қатынасты үйлесімді орнату құралы.
Психология және педагогика ғылымындағы зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, қарым-қатынастың төмендегі бірнеше стилдерін атап өтуге болады:
- авторитарлық стиль;
- өктемдік стиль;
- демократиялық стиль;
- дистанциялық стиль;
- немқұрайлық стиль;
- ойнақы-қалжыңға негізделген стиль;
- аралас стиль.
Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.
Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:
- жеке тұлғаны дамыту;
- қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компонентілігін, білімін көтеру;
- қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;
- өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;
- өзін-өзі және басқаларды толық тану;
жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету
Қарым-қатынас қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қолданудың мақсаты мына міндеттерді шешеді:
- тиімді қарым-қатынасқа машықтау (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);
- эмпатиялық дамыту;
- сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;
- тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;
- айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;
- тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;
- қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- байланыс жасау іскерлігін меңгеру;
- өз коммуникациялық ерекшеліктерін сезіну;
- өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру;
ашықтық сезімді, адамдарға деген сенімді дамыту;
Топтық дискуссия – ол үлкен топтарда коммуникативтік әрекеттегі пікірталас. Кез келген мәселені талқылау барысында ой-жүйесін біріктіруге, дамытуға жаңа ойлардың туындауына түрткі болады.
Іскерлік әңгімелер – көпшілік алдында тұлғаға сұрақ қою арқылы интервью алу болғандықтан диалогты қарым-қатынас орнатылады. Ал сұрақтар қоюшының қиялынан туындаған түрлі мазмұнда болуы тиіс және ол топта талқыланады. Сонымен интервьюдің құрылымы талқыланып, айтылу барысы, стилі, қатысушылар мен қарым-қатынасты ыммен ғана түсінуі, яғни әңгіме барысында ым-ишара, күлімдеу, мақұлдау және т.б. қарым-қатынас құралдары қолданылады.
№6 Лекция. Қарым-қатынас ережелері
Қарым-қатынас ұғымының мағынасы тереңірек.
Қарым-қатынас өзіне:
-топтар арасындағы, топтар мен ұйымдардағы әріптестер, әрекет субъектілері арасындағы ақпарат алмасуын;
-қатынас субъектілерінің бірлескен әрекет стратегияларының өнімін;
-бірлескен міндеттерді шешу процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуін топтастырады.
Екі немесе бірнеше субъектілер арасындағы қатынастар барлық жағдайда олардың арасындағы қатынассыз байланыстар қатарына жатқызылмауы керек – бірлескен әрекетті жүзеге асырушы топтарда, олар бірлескен әрекеттің мақсаттары, құндылықтары және мазмұнынан алшақтап кете алмайды, бірлескен белсенді әрекет нәтижесінде ұжым құндылық-бағдарлы біртұтастыққа жете алады. Құндылық-бағдарлы біртұтастық – бұл әрекет мақсаты мен міндеттеріне деген бағыттарында, ұжым тіршілігі үшін маңызды болып табылатын адамгершілік және іскерлік аумақтарда, бағалау және сұрақтар позицияларында жақындасу.
Ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартудың көптеген басқа нақты тәсілдері бар. Біз өз зерттеулерімізде оқыту үдерісінде оқытушы мен студенттердің қарым-қатынастарын қалай қалыптастыруға болатындығын тәжірибе нәтижелері бойынша жинақтап қорытындылап, оқытушыларға арналған тәжірибелік нұсқаулар түрінде ұсынамыз.
1. Бастапқы кезеңнен бастап жылы шырайлы қалыпты ұстануға тырысу.
2. Алғашқы сабақтарда қатарлардың арасынан жүрмеуге тырысу (студенттердің психологиялық кеңістігіне кірмеу).
3. Алғашқы сабақтарды өткізу кезінде, қолайлы сәттер болғанда, қолдарын екі жаққа жаюға болады, бірақ қолдарын кеудесіне қусыруға мүлдем болмайды.
4. Оқытушы оқу материалын тиянақты түрде және дауысынан шаршағанын білдірмей түсіндіру қажет.
5. Егер сабақ барысында қателік жіберсеңіз немесе студенттің сұрағына бірден жауап бере алмасаңыз, қатеңізді дереу жөндеуге тырысу керек немесе студенттерден ойлануға уақыт беруін өтіну қажет (келесі сабаққа дейін қалдыруға да болады).
6. Бірінші сабақтарда, сәті келген қолайлы жағдайда студентті тақтаға шығару керек, осы арқылы бірден тәртіп және дәрісханамен қарым-қатынас орнайды, бұдан кейін осы әдісті ұстануға болады.
7. Студенттердің жұмыс істеу қабілетін тиісті деңгейде ұстау үшін, сабақ барысында студенттің көңілін көтеретін әзілдер айтуға және тақырыптан уақытша ауытқуға болады. Педагог жақсы тыңдаушы да бола білуі керек.
8. Сабақтың аяғына қарай үзіліс уақыты жақындағанда, студенттердің назарын өзіне аударту үшін «Тағы бірнеше сөйлемді жазып қойыңыздар», «Енді мына мәселеге тоқталу қалды» деген сияқты сөйлемдерді қолдануға болады.
9. Егер студент сұраққа жауап беруде қателессе, оны қатал сынға алудың қажеті жоқ. Байсалды қалыппен «Жақсы» немесе «Болдыңыз, рахмет» деп айту жеткілікті болады. Студент оны сынамай-ақ түсінеді. Оның есесіне, студенттің дұрыс жауап беруге тырысқаны үшін оны мақтап қойған дұрыс.
10. Студент жауап беріп отырған кезде оның сөзін бөлмеу қажет.
11. Студенттің аты-жөнін атап, «сіз» деп сөйлеу қажет, бұл тәсіл арадағы қатынастың мәденилігін көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай негізгі ойды тұжырымдауға болады: студентке әрдайым сыйластық көзқараспен қарау қажет.
Біз зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың тағы бір тәжірибелік нұсқауларына: оқыту үдерісіндегі дидактикалық қарым-қатынас саласындағы шиеленіс түрлерін; оларды жоюдың әдіс-тәсілдерін; оқыту үдерісіндегі студенттердің оқытушы қызметіне кері әсерін және оларды тиімді шешу тәсілдерін де жатқызамыз:
1. Дидактикалық қарым-қатынас саласындағы шиеленістер. Педагогтердің студенттермен қарым-қатынасы барысында кездесетін елеусіз оқиғалармен қатар, қақтығысқа түсетін екі жаққа да жағымсыз салдарлары болуы мүмкін шиеленістер де кездеседі. Қайталану жиілігі жағынан екінші орында оқытушының дидактикалық қателіктері, атап айтқанда, студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістемесіндегі қателіктері тұрады.
Бұл жерде педагог-зерттеушілер ұсынған студенттерде интуициялық педагогикалық кәсіпқойлықтың қалыптасу заңдылықтарына назар аудару қажет. Педагогикалық әріптестік нәтижесінде студенттерде оқытушы еңбегінің нәтижелілігін студенттердің оқу пәндерін меңгерудегі табысқа жету деңгейі бойынша бағалау критерийлері қалыптасатыны дәлелденген. Оқытушылардың кәсіби-педагогикалық еңбегінің стилі мен ерекшеліктерін бақылай отырып және әр түрлі оқытушылардың жетекшілігімен когнитивтік операцияларға қатысу барысында студенттер өз ісінің шебері болып табылатын білікті оқытушыларды, өз пәнін меңгерте алмайтын нашар оқытушыларды қатесіз анықтайды.
№7 Лекция. Қарым-қатынастағы эмоция
Басқа адамның жағымсыз эмоциясына қалай ықпал ету және өзінің эмоциясын қалай басқаруға болады?
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды, немесе жағымсыз қатынастың сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтың жүйкеде сәулеленуінің айрықша бір түрі.
Сыртқы бір дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай , адам оған толғанып , тебіреніп, өзінің қатынасын білдіреді. Бұған адамға жағымды,не жағымсыз сезімдер туып отыврады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі , қимылдары , даусы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организмінің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор. Адам эмоциялары хайуан эмоцияларымен салыстырғанда өте бай және мазмұнды. Әрине, адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне , мінезіне, олардың басынан кешкен тәжірибесіне қарай сыртқы дүниенің әсеріне жауап қайтаруы түрліше болады. Адам эмоцияларының бір- бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан олардың сыртқы қимылдары , бет әжімі арқылы білініп отырады.
Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады. Олар адамға адамдық сипат беріп оның әрекетін жылытып , көрік беріп отырады. Эмоциялардың аз мерзімде бұрқ етіп сыртқа шығырып, аз уақыт әрекет ететін түрін – аффект дейді.
Қарым-қатынас үрдісінде саналы және бейсаналы түрде адамдар өздерінің махаббатта, қорғануда, өзінің маңыздылығын сезінуде, ал кейде – басқа адамды билеуде де қанағаттануға тырысады. Ал қарым-қатынаста эмоциясыз әрекеттесуге мүлдем болмайды, міндетті түрде екінші адамға қандайда бір сезім болады. Олар жағымды, жағымсыз немесе бейтарап.
Жаттығу: «Құнсыз қарым-қатынас»
Жаттығу екі адам арасында ұйымдастырылады. Олар бір бірін кезекпен кезек бірнеше минут аралығында сыртқы келбеті туралы сипаттама береді. Бірақ бұл жаттығудың мақсаты бір біріне ешқандай бағалау айтылмайды. Мысалы: «көзің қандай әдемі», «ақылды көзқарас» және тб.
Міне, осыдан бағалаумадың қандай атқаратын рөлі бар екенін байқадық. Әрине басқаға берілетін бағалау жағымды болса жақсы, ал кейде екінші адамға жағымсыз сипатта жасалынса оның тарапынан мінез құлқында ашу мен ыза көрінеді. Міндетті түрде екінші серіктесте эмоционалды қысым пайда болады.
Қарым-қатынаста бұл эмоционалды толысқан іс-әрекет және күшті эмоция екінші адамды дұрыс қабылдауға кедергі жасайды, оның шынайы мінез-құлқын түсінуге қиындық туғызады, сонымен қатар түсініспеушілік және қақтығысқа соқтырады. Мысалы: біреу сізге себепсіз айқайлап тұр. Оның себебі сізге түсінікті болса да, ол сізге жағымсыз әсер етеді. Сондықтан екінші ашулы адамға жауап қайтарудың үш тәсілі бар екен:
1. Агрессивті реакция /ашулы/ - егер айқайлап жауап берсек. Оны одан әрі өршітеміз және өзара қатынас бұзылады.
2. Басқа жаққа кету, бұл шегіну, мұндай енжарлық көбіне өзара қатынастың салқындап, кейде мүлдеп үзілуіне әкеліп соқтырады.
3. Өзіндік ұтымды бекітілуді қолдану: ол үшін қажетті жағдайды ойластыру керек. Неден бастау ұтымды нәтиже береді? Екінші адамды одан әрі ашуландырмайтындай, керісінше қорғаныс мақсатында жоспарлау маңызды. Мысалы: осындай болғанына маған да өкінішті.
Егер сізге біреу қарсы шағымданып қысым жасаса және сын айтса, яғни оның сәтсіздігіне сізді кіналаса, мұндай жағдайда сіздің мақсатыңыз – жауласуды басу және мәселенә реттеуге жанқындау. Сіздің жағыңызға өкпелеу сөздері айтылған күндеде, ақиқаттың себеін түсінуге тырысыңыз, сіздің мінез құлқыңызды қай жеріне оның көңілі толмады /өкпелі, тітіркенулі/ және алғашқы реакцияңыздан ұстану керек /ашуға ашу.
Сезім мен эмоцияны басқару. Жоғары эмоционалды қысымды жағдайда өздеріңіздің эмоцияларыңызды басқаруға және қарым-қатынас серіктесіңіздің эмоционалды уайымына ықпал етуге арналған ережелер:
- басқаның сезімін сыйлау. Адам өзінің сезіміне құқылы , әрине кейде басқаның сол жағдайды қабылдауын түсіну өте қиын. Көбіне адамда ашу шақыратын сол мәселе емес, ол тек түрткі болып отыр, керісінше басқа бір бұрыннан жиналған түсініксіз жайлар болуы мүмкін. /Ашуын мен алды/.
- Егерде кім де кім орасан ашулы эмоционалды жағдайды басынан өткеріп жатса, онда сіз шыдамдылық көрсетіңіз.
- Билік үшін жүйкелі күрестен алшақ болыңыз. Кейде адам өзіндік бағалауды көтеру мақсатында сізді пайдалануы мүмкін. Онда сіз жай ғана басқа жаққа бұрмалап, оның нақты жақсы жақтарын мадақтауға әрекет жасаңыз.
- Жазалау, кек алу немесе кіналау, сонымен қатар сынау мен мысқылдаудан алшақ болыңыз. Мысалы, әсіресе әйел адамдар: «мен саған айттым ғой», «Өзің кінәлісің» деген
сөздер керісінше қарсы өкпе мен ашуды туғызады. Кек алу қажеттігі, мұнда терең өкпеден пайда болады.
№8 Лекция. Қарым-қатынастағы кедергілер
Мәдениеттің терең қабаттарындағы құндылықтар мен құнды бағыттардың қатарында жалпы қабылдаушы, стандартты әрекеттермен тәртіптерінде мәдени құндылықтарды жинақтайтын нормалар, және ол нормативтік жарлықтар мен заңдарды жіне қоғамдағы индивидтің тәртібін реттейді.
өнер,
заңдар,
салт-дәстүрлер,
ритуалдар,
ым-ишаралар,
киім стилі, тағам,
сөйлеу ритуалдары,
сәлемдесу стилі,
қоштасу
мыналарға қатысты ережелер
және құндылық бағдарлар:
іс-әрекет, қарым-қатынас,
ситуативті қоршаған орта
уақыт, кеңістік, билік, даралық,
бәсеке, қоғам құрылымы, ойлау
Ережелер қоршаған ортадағы жүріс-тұрыстың дәл немесе дәл еместігін көрсететін критерий, яғни өз тұрғысынан алып қарағанда өзгелермен өзараәрекеттестік барысындағы мәдени-спецификалық жарамды немесе жарамсыз жүріс-тұрыстың «фильтрі», яғни белгілі бір жағдайларда күтілетін жүріс-тұрыс эталоны болып табылады.
Құндылықтардың негізгі мазмұнына бірнәрсеге деген, яғни заттарға, құбылыстарға, жағдайларға, процестерге, қоршаған ортаға деген қатынас, өзіне «жақсы» немесе «жаман» адам ретінде қарау қатынасы жатады. Шетелдік мәдениет зерттеушілерінің жұмыстарында құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әлеуметтік өмірдің өзіне қажетті нәтижелері мен оларға қол жеткізудің жолдары туралы ұғым ретінде қарастырылады. Жеке тұлға құндылықтарды қабылдаған жағдайда олар сол адамның санасында құндылық бағдарларға айналады да мәдениет өлшемінің критерийіне жатады (басқа мәдениеттермен салыстыру барысындағы оның ұқсастықтары мен айырмашылықтары). Олар адамның қарым-қатынас жасау барысында маңызды рөл ойнайды, солардың негізінде «әлеуметтік қарым-қатынас орнайды, эмоциялар және сезімдер (аффекттер), өзараәрекеттестік дағдылары қалыптасады». Серігіңнің құндылық бағдарларының ерекшелігін білу қарым-қатынастың табысты болуын қамтамасыз етеді, яғни серігіңнің жүріс-тұрысын, ұмтылыстарын және тілектерін болжауға мүмкіндік береді. Е.Холл үлгісінде белгілі бір қоршаған ортадағы сөйлеу іс-әрекеті мен қарым-қатынасқа, яғни контекстке көп мән беріледі. Ол мәдени контекстеен тысқары айтылатын ойдың еш мағынаға ие бола алмайтынын атап өткен. Сонымен қатар автор мәдениеттің детерминдеуші рөлін құндылықтар, идеялар, көріністер, тіл көмегі арқылы ойды білдіру жолдары негізінде басқалармен өзара қарым-қатынас жасау барысында адам жүріс-тұрысына әсер ететін әлеуметтік өмірдің негізі деп атап көрсеткен.
Адам үйренген барлық нәрсе жүріс-тұрыста көрінеді. Жүріс-тұрыстағы айырмашылықтарды сезіне отырып, мәдениеттердің айырмашылықтарын сезінеміз. Мәдениетті игеру жүріс-тұрыстың мәдени-спецификалық айырмашылықтарында көрінетін құндылықтарды сезінуден басталады. Сондықтан ғылыми қызығушылық әртүрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімеен ұқсас болып келетін немесе бір-бірінен айрықша болып келетін мәдениаралық жүріс-тұрыс үлгілерін салыстыруды көздейді. Мәдениет кеңейген сайын олардың құндылық бағдарлары бір-біріне қарама-қарсы қойылған, ал ол қарым-қатынасты одан сайын қиындатады. Сонымен қатар, мәдениет жүріс-тұрыс үлгісі үшін тыйымдар мен рұқсаттардың деңгейлерін белгілейді, олардың негізінде мынадай аттитюдтер – құрамында ережелер, рөлдер, құндылық бағдарлар, үміттер бар жүріс-тұрыс заңдары – жатады. Жүріс-тұрыс ережелері мен ойды білдірудің дәлме-дәл жолдары бұзылатын коммуникативті жүріс-тұрыс мәдениаралық жанжал формасында пайда болатын қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады. Оның нәтижесі коммуникантты қарым-қатынасқа қатыстырмай, қарым-қатынасты блоктау болып табылады. Мәдениет компоненттері әлемді көру – «әлем бейнесін», менталитет, халықтың ментальділігін – жалпы адам қоғамына қатысты әлемді түсінудің эмоционалды түстелген жүйесін бейнелейді. Мәдениаралық процесте қарым-қатынас тиімділігі ешқандай да символдар мен артефактардағы нақты айырмашылықтар үшін емес, серіктің әлем бейнесінің айырмашылықтарының салдарынан төмендеп кетуі немесе нөлге жетуі мүмкін.
№9 Лекция. Тыңдау түрлері және техникалары
Адамдардың көпшілігі әңгімелесуде екінші біреуді тыңдауды немесе сөйлеуді қалайды ма?
Қатынас процесінің маңызды бөлігі-тыңдау шеберлігі. Зейін қойып тыңдап отырған адамда ым-шиара, көзінің қозғалуы, бет әлпеті сөйлеушіге тугелдей көңіл бөлінеді. Осы арқылы екінші адамға көңіл күйін,ойын толық жеткізуге, ойындағы ақиқатты максималды ашуға мүмкіндік жасайды. Керісінше мен-мендік, салғырттық қарама-қарсы нәтиже береді.Тыңдау мен естуде үлкен айырмашылық бар. Көбіне адамдар өзінің ойын айта алады, бірақ басқаны естімейді (түсіну, қабылдау). Көбіне адамдардың ести алмайтындығы оның, басқа адамдарды тыңдай отырып өзінің ойын басқа жаққа тез ауыстыруы. Адам сөйлегеннен 4 есе жылдам ойланады.Айтылғандағы және оның мағынасын қабылдауға 1сек. уақыт кетеді. Егер сіз білмейтін жаңа сөз болса 3-5 сек. уақыт кетеді, ал сұрақты толық түсіну үшін 14-15 сек. уақыт қажет. Адам 1 мин. 60-70 сөздің мағынасын ұғынады.
Көбіне тыңдау әңгіме кезінде енжар мінез-құлық болып қабылданады. Мұндайда, біреуі сөйлегенде, екіншісі оның сөзінің үзілісін үнсіз күтіп тұрады да, тоқтаған кезде бірден өзінің мәселесін айта бастайды. Ал кей жағдайда серіктесінің сөзін іле шала бөліп тастайды.
Тыңдау барысында екі міндет шешіледі: ақпараттың мазмұны қабылданады және әңгімелесушінің эмоционалды жағдайы ұсталынады. Әрбір әңгімелесуде өзіңізден серіктесіңізбен не және қалай сөйлесу керек екендігін сұрау маңызды. Әңгіменің мазмұнымен қатар, серіктесіңіз /әңгімелесушіңіз/ не сезінеді /шыдамсыздық, жасырын тітіркену, қобалжу, салғырттық және тб./. тыңдауда оған кері байланыс жасаған дұрыс. Кері байланыс:
1. сөйлеушінің сезімін бейнелеуі;
2. ақпараттың бейнеленуі.
Барлығымызда енжар /ырықсыз/ және белсенді /ырықты/ зейін бар. Енжар зейінділік ол тума рефлекс, жаңа және таныс емеске бейсаналы реакция, ал белсенді – бұл еріктің күшімен және белгілі мақсатты түрде: ойлау, ұғыну және есте сақтау арқылы болатын зейін. Енжар тыңдау бұл бос ыдыс сияқты, ал белсенді тыңдау – бұл насос сияқты, сұрақтар арқылы барлық ақпаратты тартып алады.
Тыңдау түрлері:
1.Бесенді (активный)
2.Енжар (пассивный)
3.Эмпатиялық
Белсенді тыңдау /рефлексті/ - мұнда рефлексия болатын тыңдау, яғни өзінің сезіміне, іс-әрекеттерінің себептеріне талдау жасап және ұғынуы.
Енжар тыңдау /рефлексті емес/ - мұнда үндемей зейін қойып, әңгімелесушінің сөзіне өзінің ескертулерін араластырмай тыңдау. Бұл 2-ші адамның ойын толық жеткізгісі келгенде, терең сезімге кіруде пайдалы. Сіз оны естіп тұрғаныңызды, оның жалғыз емес екендігі «иә», «солай» деген сөзбен қоштап отыру маңызды.
Эмпатиялық тыңдау әңгімелесушінің уайымдаған сезімін сізде сезіне аласыз, сол сезімді бейнелеп, эмоциялық күйін түсініп және бөлісу.
1.Тыңдауға бейімделу қажет өзіңіздің ойыңыздағы мәселеден арылу керек. Белсенді әңгімелесушіге көңіл бөлгенде ғана сіз онымен бірге сезініп змоциясын көресіз.
2. Серіктесіңіздің сөзіне уайым, сезім, эмоция көрсете білуіңіз қажет.
3.Үзіліс ұстай біліңіз.
4. Бұл эмпатиялық тыңдау сіздің әңгімелесуіңіздің мінез-құлығының жасырын мотивтері емес. Мұнда біз тек пайда болған сезімнің себебін түсіндіреміз.
5. Бұл жерде серіктес немесе тыңдаушыны басыңызды изеп «иә», «мақұл» деген сөздермен мақұлап отыру.
Белсенді тыңдау серіктесіңізбен қарым-қатынаста көптеген кедергілердің болуынан бұзылады. Олар: бөлмедегі ауаның температурасы, бөгде адамдардың сөздері, айқай шу, серіктестердің біреуінің кешігіуі және тб. Сонымен қатар әңгімелесушінің шаршауы, сондықтан кездесулерді күннің бірінші жартысында ұйымдастыру ұтымды. Қалай белсенді тыңдауға болады? Деген сұраққа жаттығулар және арнайы әдістер арқылы қол жеткізуге болады. Американдық әдіс:
Зейін қойып тыңда,
Сөйлеме, тыңда,
Тыңда, адам
Айта алады,
Айта алмайды,
Айтқысы келмейді.
Белсенді тыңдауға арналған ұсыныстар:
1.Әңгімелесушіңізгезерек болыңыз. Оған бетіңізбен бұрылып, визуалды қатынас жасаңыз. Қозғалыс пен ым ишара сіздің тыңдап тұрғаныңызды көрсетуі тиіс. Аралық дистанция екі серіктеске де ыңғайлы болуы маңызды. Денеңіз соған қарай ықтиланып, оны қолданушы бет келбет жасап, басыңызбен иіп тыңдауға дайынмын деген белгі беруу және тб.
2. Әңгімелесушіге бар зейініңізді шоғырландырыңыз. Оның не айтып тұрғанына шоғырлану. Тек сөз құрылымына ғана емес, бейВербалдыжақтарына да мән беру.
3. Сөздің мәнін ғана емес, оның сезімін де түсінуге тырысу.
4. Егер сізге оның не айтқаны түсініксіз болса, онда белсенді тыңдау арқылы нақтылау сұрақтарын қож қажет. Сіз оның сөзін дұрыс ұғынғаныңды тексеріңіз.
5. Серіктесіңізге қатысты мақұлдаушы ұстанымды қолдану. Бұл қарым-қатынаста жағымды ахуал туғызады. Сөйлеуші мақұлдауды көбірек сезінсе, ол өзінің не қажет екенін дәл жеткізеді.
6. Баға бермеңіз. Кейде жағымды бағалаудың өзі кедергі болуы мүмкін. Ал кез келген жағымсыз ұстаным тыңдаушы тарапынан сенімсіз сезім мен қарым-қатынаста абайлылықты туғызады.
Әңгімелесушімен қарым-қатынаста тыңдау қателерінен сақ болу қажет, олар:
1. Оның хабарлауы кезінде бөлу. Көптеген адамдар оның сөзін еріксіз, бейсаналы түрде бөледі. Мұндайда бірден ойды қайта тиянақтауға әрекет жасау.
2. Асығыс қорытынды, сіздің әңгімелесушіңізге қорғану позициясын жасауға мүмкіндік туғызады.
3. Асығыс жасалған келбет оның айтушымен келіспегеніңзді жиі білдіреді. Жиі адамдар тыңдамай, оған қарсылығын ойша құрастырып, жылдамырақ жеткізу кезегін күтіп тұрады. Содан соң ойын өз бетінше негіздеп, серіктесі де соны айтайын деп тұрғандығын байқамайды.
4. Сұралмаған кеңестерді адамдар нақты көмек көрсеткісі келмеген жағдайда береді. Ең бірінші әңгімелесушіңіз не қажет екентіндігі анықтау қажет: бірлесіп ойласып немесе нақты көмек алу.
№10 Лекция. Іскерлік қарым-қатынас. Жазбаша іскерлік қарым-қатынас.
Іскерлік қатынас этикасы – мінез – құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы.
Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады:
1. іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек;
2. адамгершілік;
3. мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі;
4. құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет.
Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы.
Кәсіби такт – бұл қарым – қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.
Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді.
Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді. Қабылданған нормалардан қандац да болмасын бас тарту мемлекеттердің абыройына нұқсан келтіру сияқты бағаланады. Тіпті белгісіз бір кеткен қателік қасақана жасалған қорлауға тең. Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар.
Дипломатиялық хаттаманың ережелері «халықаралық әдептілік» қағидасына негізделген, яғни мемлекетті таныстырып, көрсеттетін құрметтеулер мен қадірлеулердің барлығын сақтауды білдіреді.
Хаттамамен шет мемлекетке келген ресми тұлғалардың өзін - өзі ұстауы, ресми жағдайларда киінуі және т.б. белгіленеді. Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Бірақта осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік таныту сияқты бағаланатын жағдайлардан аулақ болған жөн. Қызметтік немесе қоғамдық кездесу мен өзара сөйлесу барысында сыйлық сыйлау туралы ой келеді. әр бір мекемеде өздерінің сыйлық силау ережелері қалыптасқан дәстүрлері болады, бірақ осындай дәстүрлерге қарамастан барлығына ортақ негізгі ережелер де бар.
Егер сізді біреу үйіне түстенуге немесе қонаққа шақырған болса, онда кішігірім сыйлық алып барған жөн. Сыйлық кімге сыйланса сол адамның талғамына байланысты болуы керек.
Сыйлық қабылдар кезінде өзіңізді келесідей ұстауыңыз тиіс. Сыйлаған сыйлық қандай түрде болмасын оны қонақ кеткенге дейін ашпау қажет, себебі сыйлық туралы ойламаған басқа адамдарды ыңғайсыз жағдайға қалдыруыңыз мүмкін. Сыйлықты алғаннан кейін құр ризашылық аз болады, сондықтан өз ризашылығыңды ашық хат арқылы білдірген жөн.
Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар:
іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің амбициясына байланысты болмауы керек;
адалдық, ол өтірікке баралмайтын, әдепті сондай-ақ адамгершілік сапасын тудырады;
ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың басты категориясы).
қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады.
Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.
1. Күнделікті қызметтік араласу.
әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;
келушілерді қабылдау;
жиналыстарға, мекемелерге бару;
азаматтардың тұрған орындарына бару;
жиналыс, конференция, отырыстар;
кезекшілік, күзет.
2. Спецификалық қызмет араласуы.
жұмыс кезінде коллективімен араласу: а) субординациялық араласу түрі; б)жұмыскерлер арасында араласу;
үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу.
шет азаматтармен іскерлік қатынас.
3. Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу.
өзара келіспеушілік қарым-қатынасы;
митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу;
спецконтингентермен араласу.
4. Вербалдық емес және арнайы емес араласу түрі.
публикалық қатынас және интерьвю;
баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;
телефон, телесайт, радиохабар;
іскерлік жазу.
3. Іскерлік хаттың мәдениеті.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жұмысын құжаттармен тығыз байланысты. Мамандардың айтуынша, жұмысн құжаттарын жасау және әртүрлі деңгейдегі жұмыскерлер жұмыс істеу кезінде 30 проценттен 70 процентке дейін уақыттары кетеді.
Талапқа сәйкес, қызметтік құжат қатаң қалыптасқан. Олар нақты жасалған, көп тілде және артық, керексіз сөздер болмауы қажет.
Іскерлік қарым-қатынас қағидасына сәйкес тәжірибеде құжаттар мен жұмыс істеуде бүкіл әлемде бірдей және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттің қызметкерлері мен, халықаралық қылмыспен күрес қызметкерлерімен байланыста болады.
Барлық қызметтік құжаттарды былай бөлуге болады: нұсқаулы (нұсқау, шешім, бұйрық); анықтама (қызметтік хаттар, жазба, телефонограммалар және т.б) және ұйымдық (жарғы, дәреже, нұсқау). Қызметтік құжаттардың ішіндегі ең көп таралған түрі бұл – бұйрық. Бұйрық нақты, түсінікті және талапқа сәйкес болуы керек. Оның құрамы тақырыпша сияқты және көмектес септігінде тұрады. Қылмыстық құжаттардың ішіндегі үлкен орын алатын құжаттың бірі бұл іскерлік хат,ол әртүрлі себептерде қолданылады. Сауатты-түсінікті құралған хат керекті нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Қызметтік құжатты құрған кезде маңызды талаптарды орындау керек.
орындаушы жеткізетін хабарды, қоятын сұрағын өзі нақты білу керек;
хат нақты, дәл, қисынды болу тиіс;
хат түсінікті, жеткілікті аргументті болуы тиіс;
хат бейнетарапты жазылуы тиіс және эмоциялық рең болмау керек;
қыметтік хаттың көлемі;
салақ жасалған хат, орфографиялық, синтактистік және стилистикалық қателермен жаман әсерлер болмауы керек.
Хатты бағалау хаттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ конвертпен және жазылған бланкаға байланысты болады.
Қызметтік хат белгілі бір бланкта, стандартарға сәйкес, керекті ревервтері бар қағазда жасалады. Оған келесі реквезиттер қолданылады: ведоство атауы, ұйымның атау, почта және телеграф мекен-жайы, телефон және факс нөмірі, күні, құжат индексі.
Іскерлік хат- бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді. Мұнда ұйымның атын қысқартуға болмайды, бірақ ресми қысқарту рұқсат етіледі, бұл іскерлік хаттың реквизиті ретінде қажет. Хатты алушының аты және адресі бланктың үстінгі оң жағында белгіленеді.
Іскерлік әдепті құжаттын анық, дәлелденген, обьективті және түсінікті болу керек. Қызметтік құжаттарда дұрыс жазылмаған сөздермен, терминдермен, қысқартылған сөздермен, шет сөздерді қолданудың дұрыссыздығымен күресу керек. Әрине, әрбір құқық қорғау органдарында және бөлімшелерінде құжаттарды жөндеудің өз дәстүрі бар, бірақ әрбір құжат, дәл, нақты, дәлелдемелі, обьективті жазылу тиіс, ал мазмұны іскерлік талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Сұхбат. Шет елде іссапарында, құқық қорғау органының қызметкері өз қызметін ресми адамдармен тиісті қызметтік дәреже деңгейінде, басты мақсатынан және іссапар тапрсымасынан орындаудан бастайды.
Бұл байланыс кезінде, сұхбат өзіне мұқият дайындықты талап етеді. Байланысқа дайындалғанда және байланысты өткізу уақытында үш негізгі тірек орынды еске түсіру қажет. Біріншіден, пайдалы іскерлік көрісу, бұл әңгімелесушінің тыңдауына шеберлік қызықтыру. Екіншіден, өзара кездесу құбылысында, сенімділік ортасын жасау.Және үшіншіден, бұл іскерлік уақыт кезінде ақпаратты өнерлі пайдалану әдісі. Сұхбат ең алдымен алдына қойған мақсаттарға және нұсқауларға байланысты әртүрлі сипатқа ие болады.
№11 Лекция. Этика және этикет. Телефон арқылы қарым-қатынас жасау мәдениеті
Жұмыс бойынша керекті мәселелерді телефон арқылы тез шешуге болады, ал егерде жеке мәселеге келсек ол көп уақыт алады. Сондықтанда іскер адамға телефон арқылы сөйлесу ережесін сақтау керек, керексіз мәліметтерді телефон арқылы шешсе ол жұмыс уақытының тәртібін бұзып, керекті сұрақтарды қиындатып, қасындағы әріптестерге кедергі жасайды. Телефон жұмыс уақытында психеологиялық тітіркендіргіш болып есептеледі. Тағыда телефон адамның өміріне өте қауіп төндіреді, себебі ол сөйлесер алдында немесе күтіп отырғанда немесе оның даусынан адамның психологиялық клеткалары бұзылады. Телефон мен сөйлесер алдында біріншіден не айту керек екенін дайындалып алу керек. Есте сақтау қабілетінің жақсы болсада телефон арқылы сөйлесіп отырған сұрақтарыңызды жазып алуыңыз жөн. Жазылған сұрақтарыңызды сізге бірден есте болмауы мүмкін. Телефон шығарылған кезде сіз тұтқаны аласыз. Неден бастау керек? Егерде үйдің телефонына звандаса онда қиналмай «Алло» деуге болады, ал егер жұмыстың телефонынан звандаса онда амандасып сыпайы түрде сөйлесу керек. Жұмыс телефонмен жұмыс уақытында тек жұмысқа байланысты мәселелерді талқылау керек. Мысалы: сәлеметсіз бе, сіз қандай жұмыспен телефон соғып тұрсыз. Егерде сөйлесіп жатқанда телефон үзіліп қалсаонда, тұтқаны қою керек. Ереже бойынша телефон соққан кісі қайта звандау керек. Мына ереже ұзақ сөздің арасында да қолданылады. Егерде телефон бос болмаса немесе шақырған кісіңіз келмесе онда қоя тұрып телефон шалғаныңыз дұрыс. Телефонмен сөйлесіп жатқанда кішкене үзіліс жасау керек. Себебі, тыңдап отырған кісі сұрақтарыңызға жауап беру үшін. Сұрақтарыңыздың шешімін тапқаннан кейін, қайтадан сқрақты қайталау міндетті емес. Сөздің соңында телефонмен сөйлесіп отырған көршіңізге қызық жауаптары үшін алғыстарыңызды білдіру керексіз. Сөйлесер алдында айқайламай жайлап сөйлесу керек, егерде сөйлесіп жатқанда сөзің даусы естілмей кетсе онда телефон дұрыс істемей тұр.
№12-13 Лекция. Тренинг қарым-қатынасты дамыту құралы.
Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады.
Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.
Тренинг оған қатысушыларға ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай дағды, тәлім (мінез-құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу процесіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тренинг өткізуге қойылатын талап қандай? Бұл, ең алдымен:
* тренингке қатысушылардың қолайлы саны 20-25 адам;
* тренингке қатысушылардың көлеміне сәйкес, қатысушылардың өзара белсенді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, «тренингтік шеңбер» бойынша орналастыратын орны бар ғимараттың болуы;
* тренингтің кез-келген сабағының басында аталған сабақтың мақсаттарымен және тапсырмаларымен қатысушылардың танысу міндеттілігі;
* тренингтің бірінші сабағында «таныстыру» мен «келісім» қабылдау жаттығуларын – топтардың жұмыс істеу ережесін өткізу;
* достық қалыптағы сенімді атмосфера қалыптастыру және бүкіл тренинг бойында соған қолдау көрсетіп отыру;
* бүкіл тренинг бойында барлық қатысушыларды белсенді араласуға тарту;
* әрбір қатысушының сезімдері мен пікірлерін құрметтеу;
* тренингке қатысушыларды мадақтау;
* тренингке қатысушылардың (оқытушылардың) алдарына қойған оқу-жаттығуларының мақсатына, өз пікірлерін таңбай қол жеткізу;
* тренингтің әрбір кезеңінде тренерлердің уақытша шекті қадағалауын қамтамасыз ету;
* теориялық материиалдар мен интерактивті жаттығуларды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету;
* тренинг аяқталысымен оның қорытындысын шығарудың міндттілігі.
Тренинг бір немесе бірнеше сабақтан тұрады, олардың ұзақтығы – бір сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Тренингті өткізу құрылымы мен кезеңдері қандай?
1. Тренер (оқытушы) ең алдымен қатысушыларға міндетті түрде тренингтің тақырыбын хабарлауы тиіс.
2. Содан кейін қатысушылар тренингтің мақсаттарымен және тапсырмаларымен таныстырылады. Егер тренингтің мақсаттары және тапсырмалары жазылып, көрінетін жерге ілініп қойылса, онда жақсы.
3. Тренингті өткізуге қажетті материалдар мен жабдықтар алдын ала дайындалады. Оны дайындауға тренингке қатысушыларды тартуға болады.
Кіріспе
Бұл кезең кез-келген қолайлы нысанда өткізілуі мүмкін, бірақ ол келесі жұмыстың сарынына бағыт береді. Сондықтан бұл кезеңде тренер демократиялық, дем беруші атмосфера жасауы тиіс. Егер тренер-педагог өзінің күтетіні туралы және алда тұрған жұмысқа қатысты ережелер туралы айтса, ол дұрыс. Қатысушыларды жұмысқа кіріспе сөздің, мультимедиалық таныстырудың және т. б. көмегімен «кіргізуге» болады.
Таныстыру
Таныстыру кез-келген тренингтің бірінші сабағының қажетті процедурасы болып есептеледі. Таныстыру топтарды жандандыруға, оларға қатысушыларды оқу процесіне тартуға, қарым-қатынас жасау машығын өрістетуге мүмкіндік береді. Таныстыру қатысушылар бірін-бірі білетін жағдайда да жүргізіледі. Таныстыруға: «Сұхбат», «Мені таны», «Визит картасымен алмасу» ойындарын өткізуге болады.
Қатысушыларды күту
Бұл кезеңге семинар-тренингтен олар «айналым бойынша» кезекпен жауап беретін сұрақтардың көмегімен қатысушыларды күту ұғымы жатқызылады. Мысалы: «Бұл семинардан сіздер нені білуді/алуды қалайсыздар?»
Алдын ала ватманға «күту ағашын» салуға болады. Әрбір қатысушыдан семинар-тренингтен жапсырылатын түрлі-түсті парақтарға (стикерлерге) және олар нені күтуге болатынын сұрап жазу және өзінің парағын күту ағашына жапсыру. Содан кейін осы барлық күтуді дауыстап оқу.
Тағы бір нұсқасы, бұл, әрбір оқушы шығып өзінің күтетінін флипчартқа жазу.
Тренингті өткізу тәртібі
Әрбір қатысушы өзінің күтетінін айтып (жазып) болғаннан кейін, тренер-оқытушы оған тренингті өткізу тәртібін хабарлайды. Бұл аталған тренинг-семинардың қаншаға созылатынына, онда қанша сабақ болатынына байланыссыз жасалады. Қатысушылардың сұрақтары бар ма, соны міндетті түрде анықтау керек.
Топтардың жұмыс ережелерін («келісімдерін») қабылдауы
Тренинг-сабағының басынан бастап қатысушылар өз оқуының жауапкершілігін сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құруы, өзара сыйластық пен сенімге кіруі, сондай-ақ материалды меңгеру тиімділігін арттыруы үшін сабаққа мінез-құлық ережесін – тренинг немесе «келісім» қабылдау ұсынылады.
«Келісім» пункттерін парақ қағазға немесе тақтаға жазу қажет. Әрбір пунктті бірігіп талқылағаннан кейін, көпшілік дауыспен қабылданады және көрнекті орынға ілінеді. Тренинигке қатысушылардың назарын дауыс берілгеннен кейін олардың әрқайсысы аталған «келісімнің» орындалуы үшін жауап беретіндігіне аудару қажет.
«Келісімнің» үлгісі
* кешікпейміз;
* білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;
* «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;
* ашық айтамыз;
* бір-бірлеп сөйлейміз;
* мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;
* бір-бірімізді тыңдаймыз;
* бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;
* өзгелердің сезімін сыйлаймыз;
* құпиялылықты қадағалаймыз;
* уақытша шекараны қадағалаймыз;
* бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.
Топтардың хабарландырылу деңгейінің бағасы
Оқытушылардың (тренерлердің) алдында тұрған міндеттердің бірі тренингке қатысушылардың хабарландырылу деңгейін бағалау болып табылады. Осы мақсат үшін тренинг тақырыбы жөнінде сұрақтары бар сұрақнамалар немесе сауалнамалар пайдаланылады. Сауалнамалар барлық тренинг өтіп болғанша сақталады, содан кейін оқушылардың білім деңгейі тағы бір рет бағаланылады. Нәтижелерін салыстыра отырып, қатысушылардың білімдері мен машықтарында қандай өзгеріс бар екенін білу қызық болады. Оның үстіне, тренингтің тиімділігін бағалауға болады.
Мәселелерді маңыздандыру
Мінез-құлықты өзгертуге уәж дайындау үшін тренингте талқыланатын мәселелерге қатысушылардың қызығушылығын ояту керек, бұл мәселені әрқайсысы үшін өзекті етіп жасау керек.
Осы мақсатпен рөлдік ойын өткізуге болады.
Оқыту
Оқытушы-тренер психологиялық-педагогикалық білімді меңгеруі және оларды оқу процесінде іскерлікпен қабылдап алу әдістерін меңгеру қажет, ақпараттарды қатысушылардың жинақтауы және ұсынуы, олардың мінез-құлық қатынастарына ықпал ету керек.
Оқытушы-тренер оқудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін, ақпараттардың қайнарларын, алдын алу, білім беру бағдарламаларын білулері тиіс.
Табысты оқу үшін қажетті шарттар:
- оқушының оқуға дайындығы;
- оқудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану;
- білімді нығайту үшін қайталауды пайдалану;
- шынайы өмірлік жағдаймен оқу процесінің сәйкестігі;
- дұрыс пікірдің, оқытушы-тренерлердің оқушылардың әрекеттерін адекватты бағалаудың дер кезінде болуы.
Тікелей оқудың 2 кезеңі өзіне:
І. Ақпараттық блок немесе теориялық білімді
ұсынуды;
ІІ. Тәжірибелік машықты шыңдандыруды
қосады.
1. Ақпараттық блок
Бұл кезеңді толып жатқан қиындықтар туындаған сұрақ берушілердің сұрақтарына жауап беруден бастауға болады. Негізгі материал лекция, мультиймедиялық таныстыру түрінде ұсынылады. Содан кейін оқытушының (тренердің) таңдауына интерактивті оқытудың келесідей: рөлдік ойындар, сөзсайыстар, сапаршыны шақыру, кіші топтардағы жұмыс және т.б. әртүрлі әдістерін пайдалануға болады.
2. Тәжірибелік машықтарды шыңдандыру
Ақпараттық, теориялық тұрғыдағы кез-келген білімді ескере отырып, тәжірибелік іскерлікпен және машықпен міндетті түрде үйлесуі тиіс, осы машықтарды шыңдандыру қажет. Тренингтің аталған кезеңі өзінің өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатысушылардың іс жүзінде меңгеру бейімділігіне шақырады. Осы мақсатпен рөлдік ойындарды, инсценировкаларды, сөз сайыстарды, «ми шабуылын» және жағдайға байланысты жұмыстың басқа да интерактивті нысандарын пайдалануға болады.
Қорытындысын шығару
Қорытынды тренингтің кез-келген сабағының аяғында шығарылады. Ереже бойынша, бұл процедура қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен, сезімдерімен бөлісуге, өздерінің ниеттерін айтуға есептелінген.
Тренер семинарға қатысушылардан олар жаңалардың қандайын біледі, оларға қайсысы қызық, пайдалы, олар қандай жаттығулар орындады, естеріне түсіруді өтінуі, сұрауы мүмкін, сөйте отырып өткен материалдарды нығайтады. Егер тренер тренингке қатысушыларды олардың істеуіне мүмкіндігі бар тәсілдермен: ауызша және жазбаша алғыс жариялап, әлдеқандай бір кітапшалар, буклеттер, кәдесыйлар және тағы басқалармен үнемі көтермелеп отырса, ол жақсы. Не болмаса әлдеқайда жауапты тапсырмаларды сеніп тапсырады.
Интерактивті әдістер әмбебап болып табыла ма?
Жоқ, интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да сабақ өткізудің лекциялық нысанын алмастыра алмайды, бірақ лекциялық материалдарды жақсылап меңгеруге бейімдейді, ең маңыздысы сол, пікірлерді, қатынастарды, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланудың жағымды сәттері немен тұжырымдалады?
Интерактивті әдістерін пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт өзгереді, ол тек қана процестерді реттеп отырады және оны жалпы ұйымдастырумен айналысады, қажетті тапсырмаларды алдын ала дайындайды және сұрақтарды немесе топтарда талқылауға арналған тақырыптарды қалыптастырады, кеңестер береді, белгіленген жоспардың орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды.
Қатысушылар әлеуметтік тәжірибеге - өзінің немесе басқа адамдардың тәжірибесіне жүгінеді, сондықтан оларға бір-бірімен коммуникацияға түсуге, берілген тапсырмаларды бірігіп шешуге, кикілжіңдерді болдырмауға, жақындасудың ортақ нүктелерін табуға, ымырашықлыдққа баруға тура келеді.
Психологтар оқу қарым-қатынасы жағдайында дәл қабылдаудың жоғарылайтынын қадағалаған, жаднама жұмыстарының нәтижелері артады, жеке тұлғаның – назар аудару тұрақтылығы, оны тарата білу сияқты интеллектуалдық және эмоционалдық өзіндік ерекшелігі дамиды; қабылдау кезінде қырағылығы; әріптесінің іс-әрекетін оның дәлелдері мен мақсаттарын талдау қабілеті артады.
№14-15 Лекция. Қарым-қатынасты диагностикалау және құралдары. Әдістері. Жолдары.
Профессор Қ.Жарықбаев: «қарым-қатынас – адам іс-әрекетінің аса ауқымды саласы, өмір сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа, тамақ, киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да аса маңызды» деген анықтама береді.
Ғалым тұжырымын басшылыққа алып, мәселені талдаудың түйіні ретінде айтарымыз: қарым-қатынас үдерісі адам өмірінде болып жатқан түрлі ақпарат алмасулар, әлеуметтік, мәдени және рухани құндылықтармен алмасу, адам санасы мен мінез-құлқына өзара әсер ету, өзара әрекеттесу тәсілдері және т.б. маңызды қызметтерді атқарады. Осы ретте ғалым Қ.Жарықбаевтың «өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым» деген пікірі жоғарыда айтылғандарды қорытындылауға өте орынды. Қарым-қатынас қызметтерінің сан алуандығын қарастыра отырып, қайсыбірін дұрыс не бұрыс деп айтуға болмас, себебі олар бір-бірін жоққа шығармайды. Дегенмен, жалпы қарым-қатынас үдерісі көп өлшемді және полиқызметті процесс тұрғысында зерттелуі тиіс.
Кез келген психологиялық экспериментті жүргізуде нәтиженің тиімді болуы – қажетті экспериментальды әдістемелерді дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Осы тұста бірқатар психолог-зерттеушілер, «зерттеу әдістемесі – бұл әдісті жүзеге асыру құралы, операциялар мен тәсілдердің (олардың жүйелілігі мен өзара байланыстылығы) біртұтастығы, сонымен қатар ақпаратты талдау және өңдеудің қалыпқа келтірілген ережелері» деген анықтама береді. Демек, зерттеу нәтижесінің нақты болуы экспериментаьды әдістемелердің бір-бірін өзара толықтырушы ретінде жүзеге асырылуына байланысты.
Топтың ұйымшылдығы – оның мүшелерінің біртұтастығын көрсететін ең маңызды өлшем болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың бастапқы кезеңінде курс тыңдаушыларының полиэтностық құрамына қарай психология ғылымының даму тенденциясына сәйкес топтың ұйымшылдығын көптеген әдістемелердің (социометриялық, референтометриялық және т.б.) көмегімен анықтауға болады. Сонымен қатар, топтың ұйымшылдық индексін анықтауда Сишор әдістемесін пайдалана отырып, анықталады. Әдістеме сұрақтарының жалпы нәтиже көрсеткіштеріне (жоғарғысы-19; минималды-5) қарай:
- «жоғары» (19-15 ұпай);
- «орташа» (14-10 ұпай);
- «төмен» (9-5 ұпай) деңгейлерге бөлінді. Тыңдаушыларға арнайы нұсқау беріледі. Жауаптар жақша ішінде берілген ұпайлармен есептеледі. Бірақ жауап алу барысында ұпай сандарын көрсетудің қажеті жоқ. Максималды ұпай-19, ал минималды-5.
Психология ғылымдарының докторы, профессор Джакупов С.М. «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» атты еңбегінде моноэтникалық және полиэтникалық оқу топтарындағы бірлескен таным әрекетінің нәтижелері әр түрлі болатындығына тоқталады. Біздің ойымызша, көп жағдайда бұл нәтижелер ұлттық мәдениет көрсеткіштеріне тікелей байланысты. Сонымен қатар, ғалым Т.Сәрсенбаев ұлтаралық қатынас мәдениеті ең алдымен көпэтносты, не моноұлттық болып келетін қатынас ортасына тығыз байланысты болады дейді. Осы айтылған пікірлерге байланысты курс тыңдаушыларының мәдени және құндылық бағдарларын анықтау мақсатында Дж.Таусендтің „мәдени-құндылық бағдарын“ анықтау тесті жүргізілді.
Тест құрылымы жағынан өте қарапайым және пайдалануға қолайлы. Тест 5 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа үш нұсқалы жауап берілген.
Тест нәтижесі төмендегі кілт бойынша есептеледі:
Тест нәтижесін өңдеуде респондент жауаптарының мәдениет типтеріне қарай орташа пайыздық көрсеткішін шығару қажет. Алынған нәтиже бойынша топ мүшелерінің қай мәдениет типіне жатқызу керектігін анықтауға болады.
Тест интерпретациясы төмендегідей үш деңгейді анықтауға мүмкіндік береді:
Бірінші тип – дәстүрлі мәдениет (ДМ) – адамдардың тарихқа, мәдени-тарихи мұраларға, салт-дәстүрге, ұлттық мәдениетке деген жоғары қызығушылық деңгейімен сипатталады. Мәдениеттің осы типіне жататын адамдар табиғатттың тылсым күштеріне, құбылыстарына өызығады, дегенмен оларды шешуге ұмтылыстары жоқ деп айтуға болады. Отбасын, діни наным-сенімдерін жоғары қояды. Мұндай мәдениет типінде адамдардың ішкі жан дүниесінің бостандығына жол берілмейді, өйткені адамдар теріс қылыққа бармау үшін, оғат қылық жасамауы үшін өз қоғамдастарының қатаң бақылауында болуы тиіс деп санайды. Шешімді қауым болып табады, ал шешімнің нәтижесі аға ұрпаққа байланысты болады.
Екінші тип – қазіргі мәдениет (ҚМ) – заман ағымына қарай өзгеріске ұшырауға бейім. Табиғатпен үйлесімде өмір сүруге, табиғат заңдылықтарын сақтауға тырысады. Бұл мәдениет типінде басты фактор – адам және оның құқтары, тұлға ретінде дамуы, өмірлік орнын табуы. Адамдар арасындағы өзара қатынастар әлеуметтік жүйедегі ролі мен статусына байланысты қалыптасады. Достық қатынастар өте баяу дамығанымен, уақыт өткен сайын терең мағынаға ие болады. Мұндай қоғамда адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін адамгершілік, этикалық нормалар мен ережелер арқылы реттеп отырады. Тұлғааралық қатынаста өздерін ұстай біледі, ролдік және әлеуметтік қашықтық сақтауға тырысады. Қандай да жеке шешімдерді қабылдау барысында топтардың, отбасының, еңбек ұжымы мүшелерінің қызығушылығы, жоспары, қажеттіліктері, келісімдері ескеріледі. Өз жұмыс нәтижесіне материалдық емес, моралдық марапат (атақ-даңқ, мойындау, табысқа жету) алуға тырысады.
Үшінші тип – динамикалық дамушы мәдениет (ДДМ) – адамдардың болашаққа көзқарастарын, нәтижеге жылдам жетуді көрсетеді. Өз жоспарларын қысқа және тез шешімге жетуге болатындай етіп жоспарлауға тырысады. Бұл типтегі адамдар үшін «уақыт, ол - ақша». Табиғатқа «жұмбақ», тылсым дүние ретінде қарамайды, керісінше табиғат адамға бағынуы қажет деп есептейді. Еркіндікті жоғары қояды, тәуелсіздікті, жеке даралықты, дербестікті маңызды деп түсінеді. Жұмыс нәтижесін материалдық тұрғыда бағалау қажет деп есептейді. Көбіне өзін саналы түрде табысқа жету жолында, материалдық құндылықтардың жолында құрбандыққа шалуға дайын.
Американдық әлеуметтік психологияда интеракционистік бағдар шеңберінде референтті топтарды зерттеу 1940 жылдардан басталған. Референтті топтар мәселелерін талқылауда алғашқылар ретінде Т.Хаймен, Т.Ньюком, М.Шериф, Р.Мертон, Т.Келли, Т.Шибутани жіне т.б. зерттеушілерді атауға болады. Олардың жұмыстарының нәтижесі бойынша референтті топ теориясы белгілі деңгейде танымал болды.
Қарым-қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік пихологиялық факторларды (бұйығылық, ұялшақтық, сенімсіздік) меңгеру. Олай болса, тыңдаушылардың тіл табысқыштық деңгейлерін дамытудың маңызы зор болып табылады. Зерттеу жұмысымызда В.Ф.Ряховскийдің «Тіл табысқыштық деңгейін бағалау» тестін алуымыздың басты мақсаты – полиэтностық және моноэтностық топтардағы тыңдаушылардың өзара тіл табысқыштық деңгейлері қандай деңгейде екендігін анықтау. Тест 16 сұрақтан тұрады және оның нәтижесін тест классификаторы арқылы көруге болады. Тест екі тұрғыда қолданылды:
1) топ мүшелерінің тіл табысқыштық деңгейлерін бағалау;
2) топтардағы этностардың тіл табысқыштық деңгейлерін бағалау.
Тыңдаушыларға алдын-ала келесі нұсқау берілді: Тест адамның қарым-қатынас құзыреттілігін анықтауға көмектеседі. Берілген сұрақтарға «иә», «кейде» немесе «жоқ» деп жауап қайтару қажет.
Нәтижені бағалау төмендегідей жүргізіледі:
-«иә» - 2 ұпай;
-«кейде» - 1 ұпай;
-«жоқ» - 0 ұпай.
Тест классификаторы 7 деңгейден тұрады:
30-31 ұпай – коммуникативтілігі өте төмен. Топтық жұмысқа мүлде қатыса алмайды. Бұл тек өзіне ғана емес, өзгелерге де зиянын тигізетіні бар.
25-29 ұпай – тұйық, жалғыздықты ұнататын адам. Жаңа ортаға ауысу деген сияқты пікірлерден бойын қорқыныш билейді. Дегенмен, өзіне көңілі толмайды.
19-24 ұпай – қарым-қатынасқа барынша ашық, бөтен ортада өзін еркін сезіне алады. Дегенмен, топтағы басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуде өзін абайлап ұстауға тырысады. Пікірталаста өзінен-өзі маңғаздық танытып жататын сәттері кейде болып тұрады.
14-18 ұпай – коммуникативтілік құзыреттілігі жеткілікті. Басқа адамдармен қарым-қатынаста қызығушылық таныта біледі, тіл табыса алады. Жаңа адамдармен таныстыққа қуанады, дегенмен шулы ортаны және тым көп сөйлейтін адамдарды онша ұнатпайды.
9-13 ұпай – мұндай адамдар өте коммуникативті. Кейде тіпті шектен де шығып кететін кездері болады. Қызыққыш, көп сөйлейді; түрлі сұрақтарға оған тіпті қатысты болмаса да жауап қайтарып отырады. Өзін көпшілік назарының ортасында болғанды ұнатады. Тез ашуланып, тез қайтады. Бірақ шыдамды болуды естен шығармағаны абзал.
4-8 ұпай – кез-келген істе, кез-келген сұраққа жауабы дайын тұрады. Пікірталастарға аса белсенділікпен қатысады. Шешімін білмейтін істермен де шұғылдана беруге мақұл. Жұмысты аяғына дейін жеткізуге еркі жетпейді. Осыған байланысты басшылары тарапынан көп жағдайда сенімсіздік танытатын жағдайлар болып тұрады.
3-одан төмен ұпай – өзіне қатысты болмаса да басқалардың әрекетіне араласқанды ұнататын адамдар. Құзыретіне жатпайтын мәселелердің шешімін табуға ұмтыла береді. Ашуланып, ренжіп, көп жағдайда шектен шығып жатады. Мұндай адамдармен қарым-қатынасқа түсу басқаларға оңай еместігін естен шығармаған жөн.
Бірлестікке объективті қажеттілік және қарым-қатынасқа субъективті қажеттілік адамдардың ерекше ұйымдарының құрылуына алып келеді, олар топтар деп аталады. «Топ» ұғымының өте көп қолданылуына қарай, оған нақты бір анықтама беруге мүмкін емес. Адамның бүкіл өмірі қандай да шартты немесе нақты топтарда өтеді.
Тұлғаның өзін-өзі таныту процесі мен оның этномәдени сәйкестілігі арасындағы байланысты қарастыру тұлға дамуының жекедара және әлеуметтік шартталу мәселесін талдауға алып келеді. Өзіндік бағалау және қарым-қатынас процесі өзара тікелей байланысты, ажырамас процестер болып табылады. Осы тұрғыда, зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімінде біліктілікті арттыру курстарына қатысушы тыңдаушылардың өзіндік бағалау деңгейлерін анықтауды жөн көрдік. Осы мақсатта М.Снайдердің «қарым-қатынаста өзін-өзі бақылауын анықтау» тестін қолдандық.
Тест құрылымы жағынан өте қарапайым және өңдеуге өте қолайлы.
Нәтижесін өңдеу төмендегідей :
1, 5 және 7 сұрақтарға «Б» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан, ал қалған 2, 3, 4, 6, 8, 9, 10 сұрақтарға «Д» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан беріледі. Алынған нәтиже көрсеткіштерінің ортақ қосындысы есептелінуі қажет.
Тест алдында қатысушыларға келесі нұсқау берілуі қажет: төменде берілген 10 сөйлеммен жақсылып танысып, жауап беріңіз. Әр сұрақты «дұрыс» немесе «бұрыс» деп белгілеп шығыңыз. Дұрыс деп тапсаңыз «Д» әріпін, ал керісінше болса, «Б» әріпін әр сұраққа қойыңыз.
Тест классификаторы бойынша келесі үш деңгей анықталады:
0 – 3 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі төмен. Мінез-құлқы бірқалыпты және жағдайға қарай өзін өзгертуге тырыспайды. Қарым-қатынаста шынайы ұстайды. Мұндай адамдардың тікбақайлығына қарай көп адамдар ұната бермейді.
4 – 6 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі орташа. Шынайы болуға тырысқанмен, эмоциясын игере алмайды. Айналасындағы адамдармен санаса біледі.
7 – 10 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі жоғары. Кез-келген ролге оңай кіріп, жағдайдың өзгеруіне қарай бейімділіп отырады. Кез-келген ортада өзін жақсы сезінеді және ортаның өзі туралы ой-пікірін алдын-ала білуге мүмкіндігі жетеді.
Көптеген зерттеушілер құзырлы қарым-қатынас - субъектілердің танымдық іс-әрекеттерін дамытуда, айналасындағы адамдармен тиімді қатынас жасауда, өмірде өз орнын табуда оң ықпалын білдіреді. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі педагогтың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту мақсатын қояды. Құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Яғни, педагогтың коммуникативтік құзырлылығы – білім жүйесінің және басқа да субъектілермен еркін, үйлесімді, белсенді қарым-қатынасқа түсе алуы. Осы жағдайға байланысты тыңдаушыларға «коммуникативтік іскерлікті бағалау тесті» жүргізілді. Тесттің екі нұсқасы бар. Зерттеу жұмысымызда біз тесттің алғашқы нұсқасын пайдалануды ұйғардық.
Тесттің осы нұсқасында барлығы 25 сұрақ берілген. Тыңдаушыларға алдын-ала дайындалған жауап бланкілері таратылып беріледі және келесі мазмұнда нұсқау берілуі тиіс: «өз көңіліңіз толмайтын және кез-келген адаммен қарым-қатынасқа түскен жағдайда ашуландыратын жағдайлардың тұсына белгі қойып шығыңыз».
Тест нәтижесін өңдеуде адамды мазасыздандыратын және реніш туғызатын жағдайлар бойынша пайыздық көрсеткіш шығарылады.
Нәтижесін өңдеу барысында белгі қойылған жағдайлардың пайыздық көрсеткішін шығару қажет.
Тест төмендегі классификаторлар бойынша төрт деңгейде бағаланады:
70 – 100 % - коомуникативтілік іскерлігі төмен. Өзгелерді тыңдауға және өзіңізді ұстай білуді үйрену қажет.
40 – 69 % - қандай да кемшіліктер кездеседі. Айтылған сындарды найзаның ұшымен қабылдайды. Жақсы әңгімелесуші болу үшін әлі де біраз іскерліктерді меңгеру қажет. Асығыс шешім қабылдауға бейім.
10 – 39 % - жақсы әңгімелесуші болғанмен, кейде өзгелерді тыңдауға шыдамы жетпейді. Ойды аяғына дейін, толық тыңдауға дағдылану қажет.
0 – 9 % - өте жақсы серіктес бола алады. Өзгелерді тыңдай біледі. Мұндай адамдардың қарым-қатынас стиліне өзгелер үнемі қызығушылықпен қарайды.
Зерттеу жұмысымыздың келесі кезеңінде А.М.Кузнецованың «вербальды емес коммуникацияны бағалаудың эксперттік» әдістемесін пайдалануда алдымызға мынадай мақсаттар қойдық:
1. әр этнос өкіліне тән вербалсіз коммуникация сигналдары туралы жалпы түсінік деңгейлерін анықтау;
2. этнос өкілдерінің көзқарастарының үйлесімділігін, басқа адамдардың вербальды емес әрекетін танудағы сезімталдықтарын анықтау;
Әдістеме 20 сұрақтан тұрады және әр сұраққа төрт вариантты жауап берілген. Тыңдаушылар әр сұрақта бір ғана жауап вариантын таңдауы тиіс. Сәйкесінше, әр вариантқа 1-ден 4-ке дейін ұпай беріледі. Әдістеме нәтижесін өңдеуде келесі өлшемдер бойынша нәтиже көрсеткіштері алынады:
1. Көзқарастың жан-жақтылығы мен үйлесімділігінің көрсеткіштері – 1, 5, 8, 12, 15, 17 сұрақтар.
Жалпы ұпай саны +9 –дан -9 –ға дейін болуы мүмкін.
2. Басқа адамның вербальды емес әрекетіне деген сензитивтілік пен сезімталдық көрсеткіштері – 2, 4, 7, 11, 14, 18, 20 сұрақтар.
Жалпы ұпай саны 28 –ден 7 –ге дейін болуы мүмкін.
3. Қарым-қатынас жағдайына байланысты өз вербалсіз әрекетін басқара алу көрсеткіштері – 3, 6, 9, 10, 13, 16, 19 сұрақтар.
Жалпы ұпай саны 23 –тен 2-ге дейін болуы мүмкін.
Әр берілген өлшемдер бойынша респиенттің жеке-жеке нәтижелері есептеліп, 5, 8, 12, 19 сұрақтардың ұпайлары өз өлшемдерінің жалпы көрсеткіштерінен алынып тасталынады.
Әдістеме нәтижесі әр респиентті үш тұрғыдан және перцептивті-коммуникативтік даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Соңғы жағдайда жалпы ұпай саны 0 –ден 60 –қа дейін болуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттелушінің вербалсіз коммуникациясы құрылымының сапалық талдауын жасауға болады.
Тыңдаушыларға берілуі тиіс нұсқау: «Сізбен қарым-қатынасқа түскен адамның іс-әрекетіне сәйкес әр сұраққа жауап бланкіндегі берілген 4 нұсқасының біреуін таңдаңыз».
Тесттің бірнеше өлшемдерді қамтуына байланысты, өңдеуде өте мұқият болуды және біршама уақытты қажет етеді.
Тесттің жауап бланкі қосымшада көрсетілген формада алдын ала дайындалады /қосымша №/.
Сонымен тәжірибелік диагностика жүргізуге алынған жоғарыдағы әдістемелерді іріктеуде әдістемелер бірқатар өлшемдер бойынша таңдалды. Олар:
- әдіснамалық ұстанымдарға сәйкестілігі;
- әдістемелердің нақтылығы;
- түсініктілігі;
- қарапайымдылығы;
- өңдеуге ыңғайлығы
- әдістемелердің өзара бірін-бірі толықтырушылық функциясы және т.б.
Яғни, осы анықталған өлшемдерге байланысты әдістемелер бойынша алынған нәтижелердің шынайы және нақты болуына айтулы септігін тигізді деуге болады.
Әдебиеттер тізімі
Аллахвердова О. В. и др. Конфликтология — СПб.: Лань. 1999.
Анцупов А. Я., Шипилов А. И. Конфликтология.— М.: ЮНИТИ. 1999.
Ликсон Ч. Конфликт. — СПб.: Питер, 1997.
Немов Р.С. Психология. В 3-х кн.— М.: Просвещение, 1995. Кн. 1.
Нечипоренко Л.А. Буржуазная “социология конфликта”. — М.: Политиздат. 1982.
Основы конфликтологии. / Под ред. Кудрявцева В. Н. — М.: Юристъ, 1997.
Саати Т. Математические модели конфликтных ситуаций. — М.: Радио. 1977,
Современная западная социология: Словарь. — М.: Политиздат, 1990.
Социальный конфликт: современные исследования. — М.: ИНИОН.1991.
Хрестоматия по социальной психологии. / Под ред. Кутасовой Т. В. — М.: МГУ. 1994.
Цибульская М. В. и др. Конфликтология. — М.: МГИЭСИ, 1998.
Бородкин Ф.М., Коряк Н. М. Внимание: конфликт! — Новосибирск: Наука, 1989.
Гительмахер Р. Б. Конфликт: социально-психологический аспект. — Иванове: ИГУ, 1995.
Громова О. Н. Конфликтология. — М: ГАУ. 1993.
Зайцев А. К. Социальный конфликт на предприятии. — Калуга: КИСИ. 1993,
Здравомыслов А.Г. Социология конфликта: Россия на путях преодоления кризиса. — М.: Аспект Пресс. 1995-
Конфликты: борьба, взаимодействие, сотрудничество.— Белгород: БГУ. 1997.
Конфликты в коллективе и пути их преодоления. — Л.: ВИПК. 1991.
Конфликты и согласие в современной России. — М.: ИФ РАН. 1998.
Kopнелиус X., Фэйр Ш. Выиграть может каждый. Как разрешать конфликты. — М.: Стрингер, 1992.
Петровская Л.А. О понятийной схеме социально-психологического анализа конфликта. // Теоретические и методологические проблемы социальной психологии. — М.: МГУ, 1977.
Скотт Дж. Г. Сила ума. Способы разрешения конфликтов. — СПб: ВИС, 1994.
Социальные конфликты.— М.: ИС РАН, 1994.