Татулы? — досты? кілті


Татулық – достық кілті
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отансыз өмір сүре алмаймыз. Отан – туған жеріміз, туған-туысқанымыз, дос-жарандарымыз бен тату тұратын бақытты еліміз. Біздің Отанымыз – дүние жүзіндегі мемлекеттер таныған Қазақстан. Қазақстан – бірлігі жарасқан көп ұлт өкілдері тұратын бақытты ел.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Сонда ғана «Қазақстан 2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан» деген болатын. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.
Қостанай ауданы, Глазунов орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті С.А.Назарбаеваның туған күніне арналған іс-шаралар аясында онкүндік өткізілуде. Осы мақсатта «Татулық – достық кілті» атты 5-11 сыныптар арасында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Көшек Жұмакүл Мырзатайқызы мен Кожахметова Гаухар Тулеубайқызының ұйымдастыруымен мерекелік достық фестивалі өткізілді.
Мектебімізде оннан астам ұлт өкілдері тұрады. Фестивальдің мақсаты Отанымызды сүйіп, қорғауға тәрбиелей отырып, ынтымақ, достық, бірлік сезімдерін оқушы бойына ұялату. Қатысушылар 5«А» сыныбы – беларус, 5«Б» сыныбы – өзбек, 6«А» сыныбы – әзірбайжан, 6«Б» сыныбы – үнді, 7«А» сыныбы – орыс, 7«Б» сыныбы – қытай, 8«А» сыныбы – украин, 8«Б» сыныбы – мексика, 9 сынып – қазақ, 10-11 сыныптар – татар халықтарын бейнеледі. Фестиваль 4 кезеңнен болды. 1-ші кезең әр ұлт өз тарихы мен дәстүрлерін презентация арқылы таныстырды. 2-ші кезеңде өнерлерін көрсетті. 3-ші кезеңде ұлттық тағам түрлерін ұсынды. 4-ші кезеңде салт-дәстүрлерін тамаша орындады. Әділ-қазылар шешімі бойынша І орынды 6«А» сыныбы – әзірбайжан, ІІ орынды 6«Б» сыныбы – үнділер мен 8«Б» сыныбы – мексика, ІІІ орынды 5«Б» сыныбы – өзбектер мен 9 сынып – қазақ халқы марапатталды. Басқа ұлттар «Белсене атсалысқаны үшін», «сәнді ұлттық киімдері үшін», «үздік презентациясы үшін», «Ұлттық тағамдары» номинацияларына ие болды. Фестивальді тамашалай отырып, тамаша әсерде болдық.
Берсүгірова Дариға Сапабекқызы,
Глазунов орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қостанай ауданы