?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары Та?ырыбы: Татулы? досты? кілті 9-сынып


Мектеп:№2 Қазанбасы ОМ
Мерзімі: 19.01.17
№ 18
Тақырып: Татулық достық кілті
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: қанағатшылдық, адамгершілік, жақсы көре білу, түсіне білу, кішіпейілділік, әдептілік.
Мұғалім: Абузара Г.С.
Сынып: 9
Оқушылар саны: 4
Сабақтың мақсаты: оқушылардың татулық, бірік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;
адамдармен, сыйастықты, жарсты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу; Ресурстар (құрал-жабдықтар).Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті «Орманға саяхат»
Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.
Қазір біз бірге орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезіді жүректеріңізде сақтаңыздар.Жаймен ғана көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру
Мәтін: «Құстар торға қалай түсті?» (Үнді аңызы). Татулық, достық, бірлік туралы мақал-мәтелдер жазып келу.
- Аңыздан қандай ой түйдіңіз?
- Адамдар неліктен бір-бірімен ренжіседі?
- Татулықтың адам өмірінде маңызы бар ма?
Дәйексөз.
«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық»
Мұхтар Әуезов
-Татулық бар жерде бірлік те, қуаныш та болады. Татулық достар арасындағы ең керемет қасиет.
1 рет- ұлдар
1рет –қыздар
Бәрі бірге – 1 рет
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Әңгімелеу
Мұғалім сыйы
Отбасы татулығы
Аңыз әңгіме
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар мсаны өте көп екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда ұрыс-керіс,дау-жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағынада жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді.Ауылда тап-таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған.Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен.Бұған патша таң-тамаша болды.Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келді.Ол ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып берді.Үш сөзді оқып патша таң қалып осы –ақ па?
-Иә деді ақсақал.Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Сұрақтар:
Мазмұны бойынша сұрақтар
- Аңыз әңгіме не туралы?
2. Құндылығын айқындайтын сұрақтар
- Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?
3.Өмірмен байланысты сұрақтар
- Сендер тату болу үшін не істер едіндер?
«Достық байланыстар» бейнеролик.
-Қандай достық байланыстар бар? 5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
1 топ – Бір күні қария өмірден өтіп бара жатып «Құдіретті күшті жартқан ием , тағы біраз ғұмыр берші», -деп құдайға жалынып , жалбарыныпты. Сонда құдай періштелер арқылы аян беріп, әлгі қариядан:
-Пендем, қанша жас сұрайсың?
-Ағаштың жапырақтарына тең ғұмыр бере көр,-депті қария жалынып.
-Жоқ, адамға өлшеп пішіп берілген ғұмыр оған жетпейді.
-Онда үлкен ағашта қанша бұтақ бар, депті қария.
-Жоқ, ол да жарамайды, тым көп.
-Онда қанша өмір бере аласың?-деп сұрапты қария.
-Өмірде қанша досың бар, сонша өмір берейін, деген екен.Осы сөзді естігенде төсек тартып жатқан қария көзіне жас алып, қатты күрсініпті де,о дүниеге жүріп кетіпті. Сөйтсе, бұл қария бар өмірін дос жинаумен емес, дүние мүлік жинаумен өткізген екен.
Сұрақ:
Қария неліктен көзіне жас алды?
«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын»-деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?
2 топ – Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».
2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».
3. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
4. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».
5. «Досы көппен …. ,
Досы жоқпен … ».
6. «Досы … , өзі де жақсы».
7. «…. басқа қарайды,
… аяққа қарайды».
8. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».
9. « Досың мың ….,
… біреу болса да көп».
10. « … адам тамыры жоқ … тең»
11. « … дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
… дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
4. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
5. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
6. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
7. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
8. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
9. «Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп».
10. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
11. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
3 топ - «Татулық достық кілті» тақырыбында эссе жазу.
4 топ – Жағдаятты талдау.
-Қара бала, қара бала!
Оқыс дауыс қатты естілді. Ғалия апай жалма-жан терезеге үңілді. Сыныпқа жаңа келген негр баланы барлық балалар мазақ қылып жүр екен. Қалай балаларды бір-бірімен достастырамын деп ойлады мұғалім. Бір кезде әлгі баланы өздерінен бір жас кіші оқитын Әлібек жетелеп алып келгенде мұғалім таң қалды. Қоңырау соғылысымен ол Әлібектің сыныбына барып:
-Әлібек,Джонды сен қайда алып бардың?-деп сұрады. Мен оған дос болайық дедім. –Ол не деді? –Ол қатты қуанды. Менімен дос болатынын айтты. Міне батыр. Жүр ағаларыңа барып сенің батырлығыңды паш етейік.
-Қалай!?
-Жүр.
Мұғалім екі сыныптың оқушыларын жинап алып:
-Міне, сендерден бір жас кіші Әлібек.Барлығың танисыңдар ғой?-деп сұрады. Танимыз, танимыз деген балалар жамырап кетті.
-Танысаңдар мен Әлібекті мектебіміздің батыры деп жарияламақпын,-деді мұғалім. Себебі......
-Мұғалім неліктен Әлібекті мектептің батыры деп сайлады? 6.Топпен ән айту
Сөзі мен әні Нұрлан Өнербаев және Талғат Мұсабаев
Iздегенде табылатын қасыңнан,Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің,Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,Сырымыз да бiтпесiн,Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,Қатар жүріп сырымызды сан аштық.Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,Адассақ та бiрге жүрiп адастық.
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің,Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,Сырымыз да бiтпесiн,Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес 7.Үй тапсырмасы
№19 сабақтағы Ұ.Асыловтың «Алдын ала ойлану-асыл қасиет»
мәтінін оқып келу. 122-123 бет.
Рефлексия: Түсінбедім
Сұрағым бар
Түсіндім. 8.Соңғы тыныштық сәті
Баяу музыка қосылады
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.