Татулы? – досты? кілті
Пән: өзін – өзі тану.
Күні: 22.01.2016
Сынып: 9
Тақырыбы: Татулық – достық кілті.
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттері: жақсы көру, жомарттық, аянбай қызмет ету, ізгілік және т. б.
Мақсаты: оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Татулық, бірліктің адами қарым- қатынастағы мінін ашу:
-Бірлікке, сүйіспеншілікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
« 5 Т» ережесінің сақталуын еске түсіру: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» (баяу әуен)
-Сіздерге тыныштық сәті ұнады ма?
ІІ. Ұй жұмысын тексеру:
«Бала жетектеген әйел» әңгімені оқып, мазмұның айту.
Пікіралмасу:
Мұсаның достарын сағынуына не себеп болды?
-Өзге ұлттан достарыңыз туралы не айтасыз?
ІІІ. Мұғалімнің сыйы:
« Шіріген картоп» мәтінді оқып, талдау
Пікіралмасу:
-Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді?
-Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?
-Өздеріңнің басқаларға өкпелеп – реңжіген кездерін болды ма?
ІV. Дәйексөз:
«Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ»
Дәйексөздің мағынасың қалай түсінесіңдер?
Дәйексөздерді ұлдаржеке, қыздар жеке хормен оқып, дәптерлеріне жазып алады.
V. Шығармашылық жұмыс
Жағдаяттарды талдау
Дәптермен жұмыс
Тапсырманы орындау
сурет салу: Ынтымақ, бірлік туралы
Бірлік, ынтымақ, татулық туралы мақал – мәтелдер жазу
VІ. Топпен ән айту
«Бақытты болыңдар, адамдар!»
VІІ. Соңғы тыныштық сәті:
Баяу әуен қосылады:
Оқушылар көздерін жұмып, іштей өздеріне, мұғалімге, барлық әлемге тыныштық, сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіреді. Сабаққа қатысқандарына рахмет: