9-10-сынып?а ?аза? ?дебиеті п?нінен арнал?ан то?санды? ба?ылау тесті
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
10-сынып
1. Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз
A) Шернияз
B) Есет батыр
C) Жәңгір
D) Әбілқайыр
E) Исатай
2. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз
A) Ы.Алтынсарин.
B) А.Байтұрсынов.
C) Ә.Бөкейханов.
D) Ш.Уәлиханов.
E) М.Дулатов.
3. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз
A) «Қайырымды түлкі».
B) «Залым төреге».
C) «Жаз».
D) «Әй, жігіттер».
E) «Өзен».
4. Шәкәрімнің өлеңін табыңыз
A) «Мен - қазақ»
B) «Әсемпаз болма әрнеге»
C) «Ғылым таппай мақтанба»
D) «Шәкірт ойы»
E) «Жастарға»
5. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз
A) «Еділ бол да, Жайық бол»
B) «Артықша туған азамат»
C) «Анаңнан асыл бар ма?!»
D) «Аягөз, қайда барасың?!»
E) «Абайдың суретіне»
6. Абайдың өлеңін көрсетіңіз
A) ’’Өнер-білім бар жұрттар’’.
B) ’’Арғымаққа оқ тиді’’.
C) ’’Әкеме’’.
D) ’’Өзен’’.
E) ’’Жазғытұры’’.
7. «Егемен Қазақстан» газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.
A) «Орда»
B) «Тіршілік»
C) «Кедей сөзі»
D) «Еңбекші қазақ»
E) «Әдебиет майданы»
8. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген’’, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.
A) Шернияз
B) Жанкісі
C) Шортанбай
D) Мұрат
E) Махамбет
9. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.
A) Шәкәрім Құдайбердіұлы.
B) Шортанбай Қанайұлы.
C) Әбубәкір Шоқанұлы.
D) Мұрат Мөңкеұлы.
E) Мағауия Абайұлы.
10. Бенжамен Матиптің «Қазақ - неткен ғажайып халық» деген пікірі қай шығарманы оқығаннан кейін туындағанын көрсетіңіз.
A) Ғ.Мұстафин «Миллионер»
B) С.Мұқанов «Ботагөз»
C) М.Әуезов «Абай жолы»
D) Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты»
E) М.Әуезов «Қилы заман»
11. Нарманбет Орманбетұлының туындысын көрсетіңіз
A) «Бала зар»
B) «Жетім қыз»
C) «Бұл дүниеде не жетім?»
D) «Жеті жетім»
E) «Замана»
12. Үзіндінің авторын көрсетіңіз
Құйырық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қараңды үзіп барасың,
Бізденде қайдан дүния.
A) Шəңгерей Бөкеев
B) Ш.Қанайұлы
C) М.Мөңкеұлы
D) Махамбет Өтемісұлы
E) Мəшһүр Жүсіп Көпеев
13. «Жарандар, кеңес жазайын», «Заманның опасыз халіне айтқаны» деген өлеңдердің авторын көрсетіңіз
A) Шортанбай Қанайұлы.
B) Мұрат Мөңкеұлы.
C) Ахмет Байтұрсынов.
D) Кердері Əбубəкір Шоқанұлы.
E) Міржақып Дулатов.
14. Күннің көзін жасырар,
Аспанды бұлт торласа.
Елдің бағы ашылар,
Əділеттік орнаса, - деген үзінді Сүйінбайдың қай шығармасынан алынғандығын табыңыз
A) «Төрелерге»
B) «Үмбетəліге»
C) «Əділеттік орнаса»
D) «Бала Жамбылға бата»
E) «Бөрлі менің байрағым»
15. С.Аронұлына тəн қасиетті табыңыз
A) Драматруг
B) Жазушы
C) Мұғалім
D) Айтыс ақыны
E) Балалар жазушысы
16. Абайға жеңгелері қойған атты белгілеңізA) Әбеке.B) ӘбішC) Абай.D) Телғара.E) Ибраһим. 17. Шәкәрім поэмасын табыңызA) «Масғұт»B) «Медғат-Қасым»C) «Батыр Баян»D) «Еңлік-Кебек»E) «Ескендір»
18. М. Әуезов «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп кімді айтты? А) Шортанбай Қанайұлы Ә) Майлықожа Сұлтанқожаұлы Б) Қашаған Кіржіманұлы В) Сүйінбай Аронұлы
19. Ш. Қанайұлының өлеңі қалай аталады? Мынау заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман... Зарлығынның белгісі, Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген. Мұнын өзі тар заман,- А) «Қай заман» Ә) «Бар заман» Б) «Тар заман» В) «Зар заман»
20. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз
A) С.Сейфуллин
B) М.Жұмабаев
C) І.Жансүгіров
D) Ж.Жабаев
E) Б.Майлин
21. Адыра дедім Нарынды,
Құсы ұшып көлінен,
Құты кетіп жерінен,
Саба құрсақ билерден,
Еңіреген ерлерден,
Айырылып адыра қалғанда....-
деген өлең жолдарының авторын ата
А) Н. Орманбетұлы
В) Шәңгерей Бөкеев
С) М.Өтемісұлы
Д) М.Ж.Көпейұлы
Е) Д.Бабатайұлы
22. «Қашқын» поэмасын Ш.Бөкеев кімнен аударды?
А) Пушкиннен
В) Лермонтовтан
С) Крыловтан
Д) Сатыков-Щедриннен
Е) Низамиден
23.Өнімі азырақ жерде
Үстіне тұз арта келеді.
Ыңыранып отырып алады,
Әр алуан қырға салады
үзінді қай шығармадан алынған
А) «Төрелерге»
В) «Азған елдің хандары»
С) «Баймағамбет сұлтанға»
Д) «Оразалыға»
Е) «Мәңке туралы»
24. Біржолата кім тұрар бұл дүниеде,
Өлім көрмей қоя ма туған пенде.
Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше,
... үшін өлгеннің қапысы не?..-
көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз және кімнің сөзі екенін анықтаңыз
А) Мамыр, Қалқаманның сөзі
В) Еңлік, Кебектің сөзі
С) Ләйлі, Мәжнүннің сөзі
Д) Мария, Әділдің сөзі
Е)Баян, Қозының сөзі
25. Айналдым бұлт болып биік тауға,
Іліндім болып шортан жібек ауға.
Тілі жоқ мылқаулар тыныш жатыр,
Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға-
қарамен берілген сөз тіркестері троп түрлерінің қай түріне жатады?
А) Эпитет
В) Гипербола
С) Теңеу
Д) Метафора
Е) Антитеза
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
9-сынып
1. Өлеңде кімнің батырлық портреті суреттеліп отырғанын көрсетіңіз
Кермиығым кербезім
Керіскедей шандозым
Құлжадай айбар мүйіздім
Хиуадай базарлым...
A) Амангелді
B) Қасым
C) Кенесары
D) Исатай
E) Махамбет
2. Нарындағы тоғыз бидің əділетсіздігін дастанына арқау еткен ақын қызды көрсетіңіз
A) Ырысжан
B) Нұржан
C) Алмажан
D) Сара
E) Айкүміс
3. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз
A) Абылай хан.
B) Жәңгір хан.
C) Қасым хан.
D) Тәуке хан.
E) Есім хан.
4. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген’’, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз
A) Махамбет.
B) Мұрат.
C) Шернияз.
D) Жанкісі.
E) Шортанбай.
5. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз
A) Шернияз.
B) Шалкиіз.
C) Ақтамберді.
D) Жиембет.
E) Қазтуған.
6. Әбу Насыр Әл-Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз
A) Ислам дәуіріндегі әдебиет.
B) Хандық дәуіріндегі әдебиет.
C) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
D) Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.
E) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
7. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз
A) А.Яссауи.
B) М.Қашқари.
C) Қорқыт.
D) С.Сараи.
E) Ж.Баласағұн.
8. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз
A) Доспамбет.
B) Ақтамберді.
C) Бұқар.
D) Қазтуған.
E) Шалкиіз.
9. Шалкиіз жыраудың өлеңін табыңыз
A) “Көлде жүрген қоңыр қаз”.
B) “Бұл заманда не ғаріп?”
C) “Шағырмақ бұлт жай тастар”
D) “Күн қайда”.
E) “Мұнар күн”.
10. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз
A) ’’Кодекс-Куманикус’’.
B) ’’Мұхаббат-наме’’.
C) ’’Оғыз-нама’’.
D) ’’Диуани хикмет’’.
E) ’’Құдатғу біліг’’.
11. "Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін" деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз
A) Мұса биге.
B) Батырға.
C) Жолдасына.
D) Ханға.
E) Би Темірге.
12. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз
A) “Күмбір, күмбір кісінетіп”
B) “Мұнар күн”
C) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”
D) “Асқар, асқар, асқар тау”
E) “Жиырма деген жасыңыз”
13. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңізA) Өлеңдерін тарату.
B) Шұрайлы жер іздеу.
C) Игі жақсыларды жинау.
D) Өзінің кәсібі.
E) Саяхат жасау.
14. ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз
A) Доспамбет.
B) Асан қайғы.
C) Жиембет.
D) Шалкиіз.
E) Қазтуған.
15. Абайдың ең жақын досын табыңыз. (М.Әуезовтің «Абай жолы» романы)
A) Жиренше.
B) Байдалы.
C) Сүйіндік.
D) Құлыншақ.
E) Ербол.
16. Алмажанның дастанын табыңыз
A) “Арнау өлеңдері”
B) “Жетім қыз”
C) “Еспембет”
D) “Бірінші тілек тілеңіз”
E) “Баймағамбет сұлтанға айтқаны”
17. Мына үзінділер қай өлеңнен алынғанын табыңыз
’’Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқа мен қосым қалар деп...’’
A) ’’Мадақ’’.
B) ’’Белгілі биік көк сеңгір’’.
C) ’’Алаң да алаң...’’
D) ’’Салп-салпыншақ анау үш өзен’’.
E) ’’Еділ’’.
18. Сайф Сараидың «Гүлстан бит-туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңізA) Жиырма.
B) Он екі.
C) Он.
D) Алты.
E) Сегіз.
19. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз
A) Ш.Уәлиханов.
B) Ә.Бөкейханов.
C) Ы.Алтынсарин.
D) М.Дулатов.
E) А.Байтұрсынов.
20. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз
A) XIV ғ.
B) XVI ғ.
C) XVIII ғ.
D) XVII ғ.
E) XIX ғ.
21. Мына өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз
’’Уа, Алатаудай Ақшадан,
Асып тудың, Бөгембай’’
A) ’’Бәкеге’’.
B) ’’Бөгембай өліміне’’.
C) ’’Бекболат биге’’.
D) ’’Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту’’.
E) ’’Жауқашарға’’.
22. Жоқтау қандай өлең екенін көрсетіңіз
A) Жазба әдебиетінде ғана қалыптасқан, ауыз әдебиетінде жоқ.
B) Міндетті түрде музыканы қажет етеді.
C) Ауыз әдебиетінің бір түрі.
D) Тек төрт тармақтан тұратын өлең.
E) Ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға деген қадір-құрметін білдіретін өлең.
23. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз
A) Қасым хан.
B) Есім хан.
C) Жәңгір хан.
D) Абылай хан.
E) Тәуке хан.
24. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз
A) 1675-1768 жж.
B) 1706-1778 жж.
C) 1668-1781 жж.
D) 1465-1560 жж.
E) 1670-1730 жж.
25. Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс жыршысының бірі, күрескер ақынды табыңыз
A) Шернияз Жарылғасұлы.
B) Мұрат Мөңкеұлы.
C) Үмбетей жырау.
D) Алмажан Азаматқызы.
E) Балқы Базар жырау Оңдасұлы.
26. Өлеңдегі жаңа жолдың басқы бірінші дыбыстарының біркелкі дауысты болып қайталанып айтылуын анықтайтын терминді табыңыз
A) Бастапқы қайталау.
B) Ассонанс.
C) Аллитерация.
D) Синекдоха.
E) Басқы ұйқас.
27. Таза мінсіз асыл тас,
’’Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады’’
үзінді кімдікі екенін белгілеңіз
A) Қазтуған.
B) Шалкиіз.
C) Асан қайғы.
D) Доспамбет.
E) Ақтамберді.
28. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңізA) Н.Видзен.
B) В.Радлов.
C) В.Томсен.
D) Н.Ядринцев.
E) С.Ремезов. .
29. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз
A) «Интернатта оқып жүр»
B) «Өзен»
C) «Кел, балалар, оқылық!»
D) «Шәкірт ойы»
E) «Өнер-білім бар жұрттар»
30. Сол ерлікпен хан болдың,
Әлем асқан жан болдың...- деген өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
A) ’’Бөгембай өліміне’’.
B) ’’Бекболат биге’’.
C) ’’Бәкеге’’.
D) ’’Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту’’.
E) ’’Бұқарға’’.