Саба? жоспар ?лгілері 3 сынып
Талдықорған қалас ы
«№ 2 орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
М.Т.Абейбекова
Әдебиеттік оқу 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Атай. Әнуарбек ДүйсенбиевСабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Белгілі балалар ақыны ӘнуарбекДүйсенбиев туралы түсініктер қалыптастыру. «Атай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу, түсіндіру.2. Дамытушылығы: Оқушыларға атай бойындағы адамгершілік қасиеттерді түсіндіре отырып, кішіпейілдікті, үлкенді сыйлауды білу. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.3. Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.Әдісі: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ – жауап СТО технологиясының әдістері.Көрнекілігі: слайдтармен көрсету тақырыпқа байланысты суреттер.Топтастыру стратегиясыПәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, топқа бөліп отырғызу.- Балалар бізде қазір қай сабақ?- Қандай тарауды өтіп жатырмыз.(Адам болам десеңіз)ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру. «Болжау» стратегиясын пайдаланып,мәтінді үш бөлікке бөлу.І топ. «Алтай апасының өтінішімен дүкенге кетті».ІІ топ. «Қардың арасын қарап жүрген Қанат». ІІІ топ «Алтайдың істеген адамгершілігі!». IV топ. Жәнібек Карбозин кім ? Қандай өлеңдерін білесіндер ?1-3 оқушыдан әңгіменің мазмұнын сұрау.Кел, балалар, ойнайық,Ойнайық та, ойлайық.Қандай сұрақ болса да,Таппай оны қоймайық.Үй тапсырмасын ойын арқылы қорыту.1 – слайд. «Ойлан тап»Сандарды өсу ретімен таңдаймыз.10) Жәнібек Кәрбозин кім? Оның қандай әңгімесімен таныстық?20) Алтайды апасы қайда жұмсады?30) Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?40) Алтай Қанатқа қалай көмектесті?50) Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады?60) Алтайға мінездеме беріп көр.Сонымен, қорытындылай келсек, Алтай өзінің жомарттығымен, мейірімділігімен, қайырымдылығымен нағыз дос екендігін көрсете білді.Осы әңгімеден не түйдіңдер?Алтайға риза болған кім?Тағыда қандай туыстық атауларды білесіңдер?ІІІ. Жаңа сабақ: « Қызығушылықты ояту»
Жұмбақтарды шеш.•Гүл – гүл жайнап жер, аспан,Гүрілдейді сайда өзен.Гүлжазира жарасқанГүлдерімен қай кезең?( Көктем )2.•Қырға кілем жайылды.( Қызғалдақ )3. •Қос қанатын иіп ап,Жарға келіп қонады.Қара киім киіп ап,Балшықтан үй соғады. . ( Қарлығаш )Мағынаны тану. «Атай» деген сөзді естігенде ойларына не түседі?2 – ші слайд
1. Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен танысамыз.Дәптерге күннің жадын жаздыру.-Балалар Әнуарбек Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?3 – ші слайд. ( Әнуарбек Дүйсенбиев суреті )
Қазақ балалар әдебиетінің ақыны, аудармашы, журналист Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы қазан айының 25 жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Балаларға арналған «Ақ тайлақ», «Доп», «Мен қызғаншақ емеспін», «Не жақсы», «Көңілді көшеде», «Не деу керек?» деп аталатын ақын шығармалары бар. Әнуарбек Дүйсенбиевтің шығармалары өзге ұлт өкілдерінің де сүйіспеншілігіне ие болады. Төрт кітабы орыс тілінде, қырғыз, украин тілдерінде де жеке кітаптары жарық көреді.
4 – ші слайд. а) Өлеңді оқу.«Атай» өлеңімен таныстыру.Көктем келді далаға,Көктем келді көшеге.Атамыз бар аулада,Білесің бе нешеде?Қоссаң біздің жасымыз,Жетпейді оның жасына.Бір қосылса басымыз,Кете алмаймыз қасынан.Қолдан шотын тастаса,Тозған кітап түптейді.Кейде әңгіме бастаса,Кешке дейін бітпейді.Бірде бағбан, бірде ұста,Атай көңілі жатыр кең...Бірге болған ұрыстаАмангелді батырмен.ә) Суретпен жұмыс.б) Оқушыларға іштей оқу, тізбектей оқу.в) Сөздік жұмыс.Шотын – кетпен – еңбек құралы. Тозған - ескі.г) Өлеңді талдау.1) Өлең неше шумақтан тұрады?2) Әр шумақ неше тармақтан тұрады?2. Сергіту сәті.4. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмысІ – топ Көктем туралы әңгіме құрау.
ІІ- топ Бір шумақ өлең. IІІ - топ Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді пайдаланып сөйлем жазыңдар
IV- Сурет салу
10. Сабақты бекіту.«Гүлдер теру» ойын.
11. Үйге тапсырма: Өлеңді түсініп оқу, «Менің атам» тақырыбына әңгіме құрау.12. Бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау