А?ылдылар мен к??ілділер жарысы


С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ
Ақылдылар мен көңілділер сайысы!
2 «А» сынып
Аргимбаева С.К
Ұзынағаш
Ақылдылар мен көңілділер сайысы
Мақсаты: Оқу іс-әрекетінің  әр саласынан білімдерін кеңейту. Балалардың  ой- өрісін, қиялдарын  дамытып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік  қорын молайту. Сыйластыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
 Көрнекілігі:
нөмірленген  асықтарслайд бейнепроекторүнтаспа
құрастыру құралдары.
Тәрбиеші:
-Армысыздар, құрметті қонақтар!
                                Күндей жадырап,жұлдыздай жарқырап,
                                Судай мөлдір, таза көңілмен бүгінгі
                               «Ақылдылар  мен көңілділер» –сайысын  ашық  деп  жариялаймын.
Ортаға 1-ші «Достар» тобын,  2-ші «Тұлпар»  тобын шақырамын.
Мұғалім:  
- Сайысымыз 6  бөлімнен  тұрады.               
 1-ші бөлім: Екі  топ  басшыларын  таныстыру.
 2-ші  бөлім: Бәйге, сұрағын оқимын,сендердің  сұраққа  жауап берулерің, шапшаңдықтарың  белгілі  болады.
 3-ші бөлім: Тапқырлар сайысы.Қойылған сұрақтарға жауап  беру.
 4-ші бөлім: Бейнетаспадағы  тапсырма. Қай ертегіден үзінді?
 5-ші бөлім: Құрастыру.Бір  затты екі  тәсілмен құрастыру.  
 6-шы бөлім: Полиглоттар. Ағылшын тілінде сөздік жұмыс.        
  Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар  алқасымен таныстырамын.
  Әділқазылар алқасы қонақтардан сайланады.
  Әділқазылар  мүшесінің төрайымы:
  Көмекшілері:
  Енді жеребе тастайық. Ендеше, мына қоржынның  ішінен нөмірленген  асықты алып сайысты қай топ бастайтынын білейік.
 1-ші бөлім:  Екі топ басшыларын таныстыру  «Достар» тобы ұраны:
                                      Достар бірге  жүреміз,
                                      Бірге ойнаймыз, күлеміз.
                                      Бірге  сабақ  оқимыз.
                                      Міне,біздер қандаймыз!
                                      Бөлінбейді  іргеміз,
                                      Әрқашанда біргеміз.
  «Тұлпар» тобына бізден жалынды сәлем!
«Тұлпар» тобы   ұраны:                                     
                                       Шын жүйріктер сыналады жарыста,
                                       Жарыстың ба, орта жолда  қалыспа.
                                       Тұлпарша жүйткіп шабатын,
                                       Тұлпар тобы – жарыста.
«Достар» тобына бізден жалынды сәлем!
Мұғалім:  
-  Кімдер жүйрік, білімпаз біз білейік.
    Бақшамыздың  жеңімпазы деп жүрейік.
    Қазылардан тек қана  әділдікті,
    Ал сайыскерлерге  сәттілік тілейік!
    /Балалар  өздерін таныстырып  болған  соң, дөңгелек үстел басына  отырады./
1-ші «Достар» тобының сұрақтары.
2-ші  бөлім:   Бәйге, сұрағын оқимын, сендердің  сұраққа  жауап берулерің, шапшаңдықтарың  белгілі  болады.
        Есеп:
Қай сан көп 5 немесе 7?  / 7/
Бүтін көп пе бөлік көп пе?  /бүтін/
2+6 қосындысы?  /8/
Дөңгелек бұрыштарымен болады ма?  /жоқ/
7-1 айырмасы? /6/
           Қоршаған  дүниемен  таныстыру.
Қыста қай аңдар ұйықтайды?  / қоңыр аю, кірпі/
Ақтау қаласы қай теңіздің жағасында орналасқан? /Каспий/.
Байланыс құралдарын ата? /телефон, компьютер, факс, хат, құттықтау хаттары/. 
Бейбітшілік  құсын ата? /ақкөгершін/
12 ай нені құрайды?  / жыл /.
            Сауат ашу.
Дыбыс  дегеніміз  не?  /Дыбысты естиміз, айтамыз/
Сөйлемдердің соңында  қандай белгі тұрады?    / нүкте/
Әріп дегеніміз  не?    /дыбысты таңбалайтын таңба/
Сөз ойла.  /дыбыстық талдауға сөз ойла  - таға, бақа ..../
Бейне  таспадағы сөзді буынға бөліп оқып бер. /Достар/
 
3-ші бөлім.  Тапқырлар сайысы.
Үстел үстінде 2 алма, 2 алмұрт  жатыр, үстел үстіндегі  көкөністердің санын айт?   /жоқ/
Кесе, қазан, сандық,  қасық, тәрелке, құман –аталған заттардың қайсысы ыдысқа жатпайды?   /сандық/.
Әкеңнің әкесі кім?  /Ата/.
Қадай жыртқыш аң  құлпынаймен  қоректенеді? /аю/.
Үстел үстінде 3 кесе  қант тұр, соның  2-ін төгіп алды. Үстел үстінде неше  кесе қалды? / 3 кесе/
Адам не  жетіспегенде өмір сүре алмайды? /ауа/
Әжейдің  немересі Айгүл, күшігі Ақтөс,мысығы  бар.Әжейдің неше немересі  бар?  /бір  немересі/
Ертегідегі  бауырсақтың  шашының  түсі  қандай?  /жоқ/
Бос ыдыстың  ішінде неше жаңғақ  бар? / Жоқ/.
Тасбақа барлығынан  озып шығады  дейді. Осы рас па?/жоқ/      
Мұғалім:   
-Көңіліміз қаласа,
 Сыртқа шығып таласа.
 Қар  лақтырып ойнаймыз.
 Қыстың күні тамаша.
Сергіту сәті: «Қатып қал»
Дәрумендік  үзіліс.  ( алма тосабын  ішу)
     
4-шы бөлім.  Бейнетаспадағы  тапсырма.
1-ші тапсырма:  Оқыған үзіндіден ертегінің атын табу.   
-Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап  ұшып келе жатқанда  Дәуітті кездестірді.
- Сүйкімді  достым, неге  зарлана жылайсың?-деп сұрады  Дәуіт Қарлығаштан. /Қарлығаш пен Дәуіт/
2-ші тапсырма: Мақал мәтелді аяқта. Дені саудың,  /жаны сау/
 
5-ші бөлім.  Үлгіге  қарап  бір затты  екі  тәсілмен  құрастыру.
6-шы бөлім.  Полиглоттар. Ағылшын – қазақ –орыс  тілдерінде       
 
 2-ші «Тұлпар»  тобының  сұрақтары.
2-ші  бөлім:  Бәйге, сұрағын оқимын, сендердің  сұраққа  жауап берулерің,  шапшаңдықтарың  белгілі  болады.
       Есеп.
7 санына байланысты қандай ұғымдар бар? /жеті киелі сан/
Қай пішінге  4 -деген сан лайық?   /шаршы, төртбұрыш/
Аптаның үшінші күні қалай аталады? /сәрсенбі/
7+3 қосындысы? /10/
5 санның көршілерін ата? / 4-6/.
      
       Қоршаған  дүниемен  таныстыру.
Біздің Республикамыз қалай аталады? /Қазақстан/
Тиін  немен қоректенеді? /жаңғақ/
Сиыр – бұзау, жылқы –құлын, ешкі -  ?/лақ /
Бағдаршам не үшін қажет?  /жол тәртібін реттеу үшін/
Сен қай балабақшаға барасың? /«Дарын» гимназиясына/
    
        Сауат ашу                
Ата сөзінде неше  буын бар? /екі/
Қай сөздер бас әріппен жазылады? /адамның есімдері, қаланың аттары/
Дыбыстар нешеге бөлінеді? /екіге/
Сөз ойла.  /дыбыстық талдауға сөз ойла  - тан, нан, лақ ..../
 Бейне таспадағы сөзді буынға бөліп оқып бер. /Ана/
3-ші бөлім.  Тапқырлар сайысы.
Табақта үш алма, қолымда екі алма. Қосқанда барлығы, болады неше алма?  /бес алма/
Кітап неден жасалған? /қағаздан/
Анаңның анасы саған кім болады?  /Әже/
Екі қойдың неше аяғы бар? /8/
Кітап, дәптер, тон,  қалам, қарындаш – аталған заттардың қайсысы оқу  құралына  жатпайды?  / тон/
Екі қолымызда неше саусақ бар?  /он саусақ/.
Үйге келді Мадияр, оған қоса Алдияр, кейін келді Адина. Қанша болды үйде бала?  /Үш бала/
1 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?  /3 минутта/
 4 санның құрамын ата?  / 2+2, 3+1, 0+4/
Біздің ғаламшарымыз қалай аталады? / Жер/
4-шы бөлім. Бейнетаспадағы тапсырма.  
1-ші тапсырма:  Оқыған үзіндіден ертегінің атын табу.     
Баласы көшеге шығысымен-ақ  шақыр деген кісілердің  аты-жөнін  ұмытып  қалады. Үйге барып, қайыра сұрауға бата алмайды. Ол  тұрып-тұрып: «Ауылдың адамын тегіс шақырайын, солармен шақыр деген адамдары да келер»,-деп ойлады.  /Қайырымды қоян/
 2-ші  тапсырма:  Мақал-мәтелді аяқта.
Денсаулық -    /зор байлық/
 
5-шы бөлім. Үлгіге қарап бір затты екі тәсілмен құрастыру6-шы бөлім. Полиглоттар. Ағылшын – қазақ –орыс тілдерінде            
 Мұғалім:
- Құрметті  қонақтар,  бүгінгі сайысты  жабық деп  жариялай отырып, балалардың  орындауында  «Бақшадағы  достарым» әнін қабыл    алыңыздар.
Балл санау. Қорытындылау. Марапаттау.