«Б?рін білгім келеді!» а?ылдылар мен к??ілділер сайысы


Сайыс тақырыбы: «Бәрін білгім келеді!» ақылдылар мен көңілділер сайысы
Сайыс мақсаты: Тіліміздің сан алуан сырын, қызықты құбылысын түсіндіріп, оқушылардың білімдерін тереңдету, білімділігі мен танымдылығын арттырып, қызықты сұрақтар арқылы жауапты тез тауып тапқырлықпен орындауға дағдыландыру; шапшаңдылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сұрақтар, геометриялық фигуралар
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, бүгінгі күннен бастап бізде бастауыш сыныптарда «Мен елімнің ертеңімін!» атты пәндік апталығы өтілуде.
-Мен елімнің ертеңі дегенді қалай түсінесіңдер?
-Міне,сендер білімді болу керек дейсіңдер,ал білім деген не?
Білім-өзіңді, өзгені танытады.
Білім-өмірді түсінуге көмектеседі
Білім-табиғат құпияларын ашады
Білім-болашаққа жетелейді
-Балалар, кітап оқу арқылы білімді боласың. Білімді адам-ол күшті адам. Өйткені адам білімнің арқасында өмірдің ақиқатын танып біледі. Көп білсең адамдарға кеңес-ақыл бере аласың, сыйға бөленесің.
Білімнің көп болғандығынан барлық жағдайларда сөзбен, ақылмен жеңе аласың. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ » деп айтқан
Ал сендер барлығың білгілерің келеді ме?
Хормен айтқызу
«БӘРІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ!»
Міне балалар сендер 2 топ болып отырсыңдар. Әр топ өз топ басшысын сайласын. Берілген тапсырмаларды мұқият ойланып, дұрыс жауап беріңдер.
Әділқазылар сендердің жауаптарыңды тыңдап ұпай беріп отырады.
Сайыс болған соң бірі жеңеді, бірі жеңіледі
Ал , сайыскерлер іске сәт!
І. тапсырма «Топтың атын анықта» Ребус шешу
,,,
Б (қолдың суреті) (шаш суреті) (ай)
БОЛАШАҚ
,,
(Қазанның суреті), (матаның суреті)
АЗАМАТ
ІІ. «Жасырылған сөзді тап» ойыны
Сабағымыздың ұраны жасырылған Ұран 3 сөзден тұрады Қане тауып көрелік.
АРПАЙДАҒААЕВКУАСЫРДЖАДБІЛІМІҢДІСПАРКИЯ
Тапқан сөздердің астын сызыңдар
«Пайдаға асыр біліміңді»
ІІ. «Бәйге» ойыны
Әр топқа математика пәнінен 15 сұрақ беріледі Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Бұл бөлімде математика пәнінен алған білім сыналады.
«Болашақ» тобына
Барлық қабырғасы тең фигура. /шаршы/
5 теңге тұратын7 өшіргішті алу үшін қанша теңге керек?
Х:4=6 теңдеуінің шешімін тап
Қосу амалының компоненттерін ата
1сағ35 мин неше минут?
Санды немен белгілейміз?
Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
1кг неше грамм бар?
Атамның 5 түйесібар, жылқысы одан9 бас артық. Атамда неше жылқы бар?
18 алманы 3-3-тен неше балаға бөліп беруге болады?
Қандай бұрыштарды білеміз?
85,33,91 сандары неше таңбалы сандар?
а+73 қалай аталады?
Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді, Әсел 1 стақан сүтті ішті. Үстелдің үстінде неше стақан қалды?
Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын 2 таңбасы сандарды ата/11,20/
«Азамат» тобына
Үш қабырғасы, үш бұрышы бар фигураны ата
3 теңгң тұратын 9 сіріңкеге неше теңге төлейміз?
Хх2=18 теңдеуінің шешімін тап
Бөлу амалының компоненттерін ата
Аулада 4 тауық және олардан 3 есе артық үйрек жүр. Аулада үйректердің саны неше?
1м20см неше см?
Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады?
152,148,100 неше таңбалы сандар?
Екіні өз-өзіне неше рет қосқанда 10 шығады?
1 тәул. Неше сағат бар?
50 саусақ көріну үшін неше бала қолын көтеруге тиіс?
Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, 1-еуін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?
Түңгі сағат11-де жауын жауып тұрса,
24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе?
Тышқан аулағышты 5 әріппен басқа қалай атауға болады?
Сергіту сәті Жарыс ойыны
Қазір біз барлығымыз ипподромдамыз. Аттардың жарысын тамашалаймыз.
-Халық не істейді? /шапалақтайды/
-Аттар шабады. /көрсетеміз/
-Ат тұяғының астындағы құм сықырлайды / алақанды уқалаймыз/
- Аттың шабысы естіледі /саусақтармен тарсылдатамыз/
- Біздің атымыз бірінші болып келді /шапалақтаймыз/
ІІІ. «Жорға» ойыны
Абылайдың азан шақырып қойылған аты? /Әбілмансұр/
«Күлпаш» әңгімесін кім жазды? /Б.Майлин/
Өмірде болған адамға қатысты құрылған жалық шығармасы /аңыз/
«Бір уыс мақта» кімнің шығармасы /Ы.Алтынсарин/
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы /Абай/
«Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз..» деген сөздерді қай би айтқан? /Қазыбек би/
Биыл 100 жасқа толған Халық қаһарманы /Б.Момышұлы/
Атағы әлемге әйгілі қазақ палуаны /Қ. Мұңайтпасов/
ІҮ. «Кім көп сөз құрастырады?» ойыны
Болашақ және Азамат сөздерінен көп сөз құрастыру
Ү. «Ойламай жауап бер» ойыны
Ұя салмайтын құс
Орман дәрігері
Есту мүшесі
Түйе пірі
Ақ алтын
Басты байлық
Қара алтын
Тұңғыш қазақ ғарышкері
Адам денесінің тірегі
Орнынан қозғалмай жүретін не?
Тұңғыш қазақ мультфильмі
«Бөбек қорының президенті»
ҮІ «Мен және мені қоршаған әлем»
Өсімдікті зерттейтін ғылым /ботаника/
Суда туып, құрғақта өмір сүреді? /бақа/
Ең биік шөп /бамбук/
Бұғы көктем сайын несін жоғалтады ? \мүйізін\
Не арқасымен алма жинайды? \кірпі\
Қалталы аң /кенгуру/
Ненің мұрты аяғынан ұзын? /қоңыз/
Пингвин құс па аң ба? /құс/
Қай жануарға ескерткіш қойған? /ит, бақа/
Қандай қар тез ериді, таза ма әлде кір ме? /кір/
Қай аңның ізі адамның ізіне ұқсайды? /аю/
Басын төмен қаратып ұйықтайтын аң? \жарқанат\
ҮІІ. «Сен білесің бе?» «Ең,ең,ең...»
Ең кішкентай құс
Ең үлкен хайуан
Ең үлкен балық
Ең кішкене жылқы
Ең үлкен құс
Ең алып құс
Ең салмақты
Ең жеңілі
Ең ауыр салмақты жануар
Ең суыққа төзімді құстар
Ең көп әлемде найзағай жарқылдайтын жер?
Ең ұзақ шөлде ұйықтайтын жәндік
Халықтың саны ең көп мемлекет
Ең қомағай жәндік
Ең жүйрік құс
ҮІІІ. «Көбейту кестесі» ойыны
Бізді жан-жақтан сандар қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы ойлап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз 1 уақытты да күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз бір затты да сатып ала алмаймыз.Біздің әлем сандарсыз қалай болар еді, соны ойлап көріңдерші.
Саусақтармен жасайтын айлалы әрекет. Қол саусақтарын тек санау үшін емес көбейту үшін де пайдалануға болады Осы айлалы әрекетті 9-ға көбейтуге қолданып көр. Қолдарыңды алды қай да , сол жақтан санй баста. Қайсібі саусағыңды 9-ға көбейту үшін тиісті саусағыңды бүк. Мысалы 7-ні 9-ға көбейту үшін жетінші саусағыңды бүк. Енді сол жақта 6 саусақ оң жақта 3 саусақ қалды, демек жауабы 63 болды.
ІХ. «Жас логик»
Екі таяқшаны қозғап сиырды артына қалай қарата аламыз ба?
Екі таяқшаны қозғап күректегі қоқысты алып таста
Х. «Кім жылдам» (әріптер таратылады)
1-топ
Ертегі оқисың ба?
Бөлме қандай?
Тәтті берсе жейсің бе?
Анаңа еркелейсіңбе?
Бүгін не оқыдың?
Сумкаңда не бар?
Досың кім?
Қандай ән орындайсың?
Қандай тілек айтасың?
Аспанда не бар?
2-топ
Жасың нешеде?
Қалтаңда не бар?
Не ұрладың?
Бүгін түсте не жедің?
Кеше не істедің?
Шашың неге алынбаған?
Нені жақсы көресің?
Түнде түс көресің бе?
Кімге сәлем жолдайсың?
Алма берсе жейсің бе?
Қорытынды
Әділқазылар ұпайлар санайды
Жеңген топ марапатталады.
«Бақытты достар» ойыны