«Ба?ытты с?т» атты интеллектуалды? ойын.
Қазақ тілі апталығына арналған «Бақытты сәт» атты интеллектуалдық ойын.
Дайындаған: № 9 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Жақаева Ғ.К. 4 сыныптар.
Мақсаты:
1.Білімділік: өтілген материалды қайталау, бекіту, оқушылардың білімдерін тексеру.
2.Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
3.Тәрбиелік:туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, елтану.
Сабақ барысы:
1 жүргізуші:
-Қайырлы күн құрметті ұстаздар, балалар!
2-жүргізуші: Қазақ тілі апталығына арналған «Бақытты сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздер.Сайысқа екі топ қатысады, топтарды ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасын сайлау.(Омарова С.Ш. Басыбаева М.И, Насырова Г.Р. т.б.)
1топ:Бәйтерек:Ұраны: білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады.
2топ:Сұңқар:ұраны:
Пайда ойлама , ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
I. Бірінші кезең :«Өзін-өзі таныстыру», бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір-бірімен танысады.
1топ:Бәйтерек:Ұраны: білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады.
2топ:Сұңқар:ұраны:
Пайда ойлама , ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
II. Екінші кезең: жедел жауап (әр топқа 5 сұрақтан қойылады).
1топ:
1. Мемлекеттік Тудың авторы кім?
2.Наурыз көже неше тағамнан жасалады?
3.Н.Назарбаев кім?
4.Гимнің авторы кім?
5.Қазақ тілінде неше септік бар?
2топ:
1.ҚР тәуелсіздік күнін атаңыз?
2.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
3.Түйенің төлін ата?
4. Елтаңбаның авторы кімдер?
5.Қазақстан неше облысқа бөлінеді?
III. Үшінші кезең: Тіл өнер:Шарты: мақал-мәтелдердің жалғасын тап.слайд бар. Әр жауапқа 1ұпай.
1.Отан оттан да ыстық.
2.Туған жерге туын тік.
3. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
4. Піл көтермегенді, тіл көтереді.
5. Баспен ойлағанды,тіл бітіреді.
6. Көз көңілдің айнасы.
7. Тіл қылыштан өткір.
8. Тіл көңілдің кілті.
9. От шаласынан, сөз шаласы жаман.
V.Төртінші кезең: шашыраңқы сөзінен жаңа сөздер құрастыру(капитандар сайысы).
VI. Бесінші кезең: Қызықты ұйқастар:Шарты:Екі топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.(слайд).
1топ:
1.жизнь өмір,уголь------(көмір)
2.число –сан,кровь –қан-------
3.молоко –сүт, жди- (күт)
4.человек-адам, шаг----(қадам)
5.таможня-кеден,пол----(еден)
6.зуб тіс, дело-----іс
2топ:
1.Возьми –ал, мед----(бал)
2.Рыба- балық, народ---(халық)
3.Дверь-есік, колыбель---(бесік)
4.Город-қала,ребенок-(бала)
5.лето-жаз,гусь---(қаз)
6.игра-ойын,шея----(мойын)
VII.Алтыншы кезең: постер жасау.(қорапшаға салу)
1-топқа: Петропавл туралы постер жасау.
2-топқа: Астана қаласы туралы постер жасау, әңгімелеу
VIII. Қорытындылау, марапаттау.