Тарихи танымды? ойын Поле чудес
«Поле чудес» ойыны
Мақсаты:
Оқушылардың танымдық, ойлау, жылдамдық, шығармашылық қасиеттерін арттыру;
Ел президенті туралы оң көзқарастар мен пікір қалыптастыру;
Патриоттық азамат болу, елін сүйетін адал перзент болу,елбасы бойындағы асыл қасиеттерді бойларына сіңіру;
Құрал - жабдықтар: президенттің нақыл сөздері, презинтация, суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Ойын барысы:
Ережесі:
-Көрермен болып отырған көрермендерге сұрақ қою арқылы қатысушыларды анықтау;
-Сайысқа тоғыз оқушы үш айналым болуы тиіс;
-Үш турдан кейін көрермендермен ойын ойналады;
-Үшінші турдың жеңімпазы финалға шығады;
-«Супер» ойыннан жеңген жеңімпаз «Супер призға» ие болады;
-Ойынның тақырыбы елбасы өміріне арналғандықтан, сұрақтар осы тақырыптар бойынша қойылады;
Ұйымдастыру кезеңі:
Енді сайысқа қатысушыларды анықтау үшін сұрақтар қоялық.
Бірінші үміткерлер шығады. Барабан айналады.
Президент ел болашағын қалаушы,тарихта ізі қалатын үлкен тұлға.
Н.Ә.Н қазақ елі үшін аянбай еңбек етіп,әлемге атын танытып туын асқақтата білді. Оның көрегенділігі қай қазақстан азаматы үшін қымбат, таусылмас, сарқылмас қазына болуы тиіс. Қиын қыстау кезеңді жеңіп, елімізді барша әлеммен теңестіре білді.
Енді тапсырманы тыңдаңыздар: Н.Ә.Н дүниеге келген өңір? ШАМАЛҒАН
Осылайша бірінші айналымның қатысушысы Дукеева Дариғаны құттықтаймыз.
Екінші айналымның сайыскерлерін ортаға шақыралық:
Барабан айналады.
Біздің елбасы мелекет басқарып отырған ақылды, көрегенді тұлға. Ақылына білімі сай, мектепті үздік бітірген, сыныбындағы ең алғыр оқушылар қатарында болған. Жоғары оқу орнына да шет елге түсіп, жан жағынан көрініп, жақсы студент атана да білді.
Енді тапсырманы тыңдаңыздар: Н.Ә.Н металлург жұмысшы мамандығы бойынша қай елде білім алды? УКРАИНА
Осылайша екінші айналымның үздігін анықтадық. Искалив Мадиді құттықтаймыз!
Үшінші айналым қатысушылары ортаға шақырылады. Барабан айналады.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, ел ретінде барша әлемге атын әйгілі еткен Н.Ә.Н мектеп табалдырығын аттаған кезден ақ, озінің ұшқыр ойлы жүйрік екенін дәлелдей білді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезде бізді құшақ жая қарсы алатын алғашқы ұстаздарымыз болады, олардың бет бейнесі, бізге деген жылы көзқарастары мәңгі есте қалары анық.
Тапсырма: 1948 жылы бала Нұрсұлтан бірінші сыныпқа аяқ басады. Сол білім алған ошағы қалай аталды: ФУРМАНОВ.
Осылайша біз үш үштіктің қатысушыларын анықтап алдық. Енді олармен жартылай финал ойналады. Қатысушыларымыз демалып алғанша біз, көрермендермен де ойын ойналық.
Бәріміздің де балалық шағымыз ұмытылмас кезеңіміз. Түрлі қызықты ойындар, тау тастың көркін тамашалап әрдайм асыр салып ойнағанымыз анық. Тапсырма: Елбасының балалық шағы өөткен өөңір: ҮШҚОҢЫР.
Енді үш айналым бойынша жеңіске жеткен қатысушыларымызды шақырамыз. Барабан айналады.
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда, бәрімізді қарсы алатын алғашқы ұстазымыз болады. Оның жылы бейнесі, іс әрекеттері мен бізге деген жүрек жылуы қазіргі таңда да бізге қуат береді.
Тапсырма: Н.Ә.Н бастауыш сыныптағы ең алғашқы ұстазы: ИСМАИЛОВА.
Осылайша ойынымыздың жеңімпазын анықтадық. Жеңімпазымызды «Супер ойынға » шақырамыз.
Өлең айту ел тарихын жазу елбасының сүйікті бос уақытындағы ісі. Тарихқа үңіле отырып, елін сүйген азаматтың қолдауымен жарыққа шыққан туындылар жетерлік. Енді тапсырманы мұқият тыңдаңыз:
2003 жылы жарыққа шыққан Н.Ә.Н діни көзқарастар жиынтығы жиналған, ел тарихындағы жетістікке жеткен кезеңдер мен асулар туралы еңбегі қалай аталды? СЫНДАРЛЫ ОН ЖЫЛ.
Қорытындысында «Супер ойыннан» да сүрінбей өткен Дукеева Дариға бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы атанып, «супер призға» да ие болды. Елбасымыздың ерлігін дәріптеп, үлгі алып, жақсы азамат болып, Қазақстан үшін аянбай тер төгейік жас жеткіншек. Тарихымызды, барымызды құрметтеп, үлкен асу белестерден көріне білейік!!!