Та?ырып: ?ол ж?мыстары. Терминологиясы. Ы. Ж. ?. 5 сынып


Сабақтың тақырыбы: Қол жұмыстары. Терминологиясы. Ы. Ж. Ө.
Сабақтың мақсаты: ♦ Қол жұмыстыры кезіндегі қолданылытын терминологиямен таныстыру.♦ Қол тігістерінің түрлері, қолданылу орны туралы түсініктерін қалыптастыру.
♦ Іскерлікке, шеберлікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас;
Сабақтың әдісі: нұсқаулықпен жұмыс, жаттығу.
Көрнекілігі: үлгі, тігіс түрлерінен жинақтама.
Сабақтың құрылысы: І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды бөлім
І. Қол жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелер мен техникалық талаптарды еске түсру, өткен сабақты қайталау.
Сабақтың барысы: жаңа тақырып хабарланып, дәптерлеріне жазылады. Оқушыларға ой салу: үйде үлкендер немесе өздерің қандай да бір тігіс түрін орындағанда, тігіс атауларын естігендерің бар ма?
Үлгі жинақтамадан тігіс түрлерін қолмен ұстап қарау. Кестемен жұмыс: кесте бойынша тігіс түрлерін табу, сипаттама беру. Тігіс түрлерінің қолданылатын жерлеріне мысал келтіру.
термин Жұмыс мазмұны қолданылуы
көктеу Белгіленген сызық немесе көшірмелік инешаншымдар бойымен көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшекті уақытша қосып тігу. Белдік, желбіршек бөліктерін, бұйым бөлшектерін көктеу.
Көктеп тігу Бірінің үстіне бірі ұойылған екі бөлшекті уақытша тік инешаншымдармен қосу. Қалтаны негізгі бөлшекке көктеп тігу.
Жапсырып
тігу

Әрлеу заттарын (фурнитураны) бұйымдарға инешаншымдармен бекіту. Батырма, ілгек, түймелерді, әрлеу заттарын бұйымға қадау.
Бұйымды ылғалды-жылулық өңдеу жұмыстар
Ылғалды-жылулық өңдеу тігін бұйымдарын дайындауда маңызды орын алады. Өңделген бұйымдардың тігістерін қайыра, жатқыза, баса үтіктеу арқылы бұйымға қажет пішін беруге болады. Дұрыс үтіктелген киім нағыз өзінің формасын көрсетіп тұрады, ал ұқыпсыз үтіктелген киім керісінше, жағымсыз әсер береді. Сондай-ақ, матаны пішер алдында да, үтіктеу жұмысы қолданылады, яғни, үтіктеу арқылы мата қыртысын жазады,
т.б .
Термин Жұмыс мазмұны қолданылуы
Баса үтіктеу Бөлшек шеттерін немесе тігісін үтіктеу. Қалта , белбеу, бұйым шеттерін баса үтіктеу.
Жатқыза үтіктеу Тігіс қосымшасын жатқызу және сол күйінде бекіте үтіктеу. Өңделген қиықтағы қатпарларды, қосымшаларды жатқыза үтіктеу.
Айыра үтіктеу Тігіс қосымшаларын екі жағына жатқызып айыра үтіктеу және сол күйінде бекіту. Белдіктегі, желбіршектегі сырма тігісті айыра үтіктеу.
Декатирлеу Бұйымда отыруды, апшуды болдырмау үшін материалды ы.ж.ө. Матаны пішу алдында декатирлеу.
Әрлеп үтіктеу Бұйымдағы қыртыстарды кетіріп, ы.ж.ө. Дайын бұйымды әрлеп үтіктеу.
Сабақты бекіту: Пысықтау сұрақтары:
•Көктеу. Бүгіп көктеу дегеніміз не?
•Жапсырып тігу қай жерде қолданылады?
Ылғалды-жылулық өңдеудің маңызы қандай?
ІІІ. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау;
Үйге тапсырма: материалды оқу, мата қалдықтарын әкелу;