?аза?ты? ?лтты? та?амдары. Таба? жасау р?сімі. та?ырыбында?ы технология п?нінен ашы? саба?
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Табақ жасау рәсімі.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру.
Тәрбиелігі: Жаңашылдыққа, әдемілікке, тіл мәдениетіне жаңа заман талабына сай тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ашық сұрақ, фишбоун әдісі, сәйкестендіру тесті, карвинг өнері, дұрыс-бұрыс ойыны
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, презентация, көкөністер, ыдыс-аяқ жиынтықтары.
Сабақ барысы.
1. Оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру.
2. Сыныпты тағам суреттері арқылы топтастыру.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ғажайып асхана.
2. «Фишбоун» әдісі.
3. Сәйкестендіру тесті.
4. «Дұрыс-бұрыс» ойыны.
5. «Карвинг» өнері.
6. Артық болмас білгенің...
7. Керібайланыс.
8. Үйге тапсырма.
9. Бағалау.
Жаңа сабақ.
Ғажайып асхана. Оқушыларға ашық сұрақтар беріледі.
Су болмаса да сұйық,
Өзі бітеу тұйық. (Жұмыртқа)
Балық фаршынан не дайындауға болады? (Паштет, катлет)
Одан барлық ауру қашады. Бактерициттік қасиеттері гаймарит, тыныс жолдары ауруларына ем. (Жуа)
Бұл кішкентай бутерброд қалай аталады? (Тортинкалар)
Химиялық қопсытқыш? ( қамыр дайындау кезінде)
Өте ерте заманда ең оның тағамдық, емдік мақсаттарымен қатар, ыдыс-аяқ, әсемдік заттар, сазды аспаптар жасаған. (Асқабақ)
Бұл жемістен жеміс «Мокинтош» компьютерінің белгісіне айналды. (Алма)
Тамақтанғанда ашылады? (Тәбет)
Қамыр негізі? (Ұн)
Отаны Оңтүстік және Орталық Америка. Астектер оны «Үлкен жидек» деп, ал италяндар «Алтын алма» деген ат берген. (Қызанақ)
Шәйдің отаны? (Қытай)
Төменде берілгендердің ішінде қайсысы бутерброд емес? a) Тартинка b) Сэндвич
c) Канапе *d) Тарталетка
Мұғалім түсіндірмесі
Мипалау – піскен малдың миын алып, оған бауыр, құйрық майын, бастың дәмді құйқасын қосып, үстіне тұздық немесе айран, қымыз қосып, немесе сорпаға салып әзірлеп, үлкендерге ұсынады.
Шұжық – малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады.
Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.Бауырды соңынан салады, ол көп қайнап, қатайып кетпеуге тиісті.
Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөпті салады.
Қазы-қарта, жал-жая – құрметті қонақтарға тартылады. Етпен бірге пісіріледі.
Бұқпа – марқаның жіліктері мен омыртқа, қабырғаларын балтамен ұсақтап, қазанға салып, үстіне аздаған су құйып, бетін жауып дайындайды.
Сірне – туғанына 2-4 күн болған жас қозының етін қазанға салып, үстіне бие сүті мен сұйық қаймақ құйып әзірлейтін тағам.
Сырбаз қуырдақ – жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие сүтін құйып, тұз салып қайнатып, жасайды. Оны «бұқпа қуырдақ» деп те атайды.
Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды.
Төстік – қойдың төсіндегі етін терісімен кесіп алып, үйітіп, тұздап жейді. Ауыл жігіттері қой сойып жатқанда оны әзірлей қояды.
Ақсорпа – ертеде соғымның етін пісіргенде қалған сүйектерін жинап қойып, кейін жуып, қазанға қайнатып, майлы сорпасын ішкен. Оны ақсорпа дейді.
Салма – етті турап пісіріп, нан кеспесін салып жасап, ішеді. Негізінен, қой, сиыр етінен әзірлейді. Сорпасы дәмді.
Тұздық – сорпаға жуа, тұз қосып қайнатып, табақтағы туралған еттің үстіне салып, оның дәмін келтіреді. Кейде оған азырақ ұсақ туралған сәбізді де қосады.
Шыж-мыж – соғым сойылып жатқанда малдың бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап, шала пісіріп, шыж-мыж жейді.
Қара ала шыжық – ұсақталып туралған етті мал майын қосып табаға қуырып әзірлейтін тағам.
Жаубүйрек – аңшылар аулап алған арқар, киік, таутеке тәрізді аңдарының майлы бүйрегі мен бауырын істікпен отқа қақтап жейді. Қой, ешкі сойғанда да сондай тағам әзірлеп жеуге болады.
Қойды үйітіп сою – қойды бауыздап алғаннан кейін отқа үйітіп алып терісімен бірге сояды. Үйітудің әртүрлі әдісі бар.
Ет ыстау – қайың қабығын жағып, оның түтінінің үстіне еттерді іліп қояды. Ысталған ет әрі дәмді, әрі ұзақ сақталады.
Бүрме – күзде жаңадан сойылған малды жас күйінде сақтау үшін терісіне салып, бүріп тастайды. Бұл шөпті үнемдеуге, малды арытып алмай етін тамаққа пайдалану үшін өте пайдалы.
Әсіп – ет, өкпе, бауыр мен бүйрек, құйрық майды өте ұсақтап турап, күріш, ұсақ туралған пияз, тұз, бұрыш қосып, жаңа сойылған малдың ішегіне салып пісіріп, әзірлейді.
Түймеш – малдың сұрпы етін ағаш балғамен ағаш жаңғырық үстінде ұрып, жаныштап, жұқалап алып тұздап, сақталған ет. Ол тез піседі, әрі жұмсақ болады.
Тоң май – малдың құйрық, шарбы, іш майларын қазанға шыжғырып алынған май. Оған бауырсақ тәрізді ұн тағамдарын пісіреді. Тоң май бұзылмай, ұзақ сақталады.
«Фишбоун» әдісі.
Басы: Проблемалық
Қабырғалары: Шығу жолдары
Құйрығы: Қорытынды
І-топтың тапсырмасы: Қазақ ұлттық асханаға зәру
ІІ-топтың тапсырмасы: Ұлттық тағамдардың ерекшелігі
Б.Момышұлының немересі мен ұлына жасырған жұмбағы беріледі. (З.Ахметова “Шуақты күндер” кітабы, 65-бет)
Жұмбақ: Он екі бием бар еді, алтауы буаз, екеуі неғайбыл, екеуі тесік өкпе, екеуі күн қақты.
Қосымша көмек: Тағам, қонаққа ұсынады, төрт түлік малға қатысты
Жауабы: Малда 12 мүше бар.
6 буаз бие деген ішінде майы бар 6 жілік – 2 асықты, 2 тобықты, 2 ортан жілік.
Неғайбыл деген болар болмас майы бар кәрі жіліктер.
Тесік өкпе – екі жамбас.
Күн қақты – екі жауырын.
Сәйкестендіру тесті
Топтарға сәйкестендіру тесті беріледі.
«Дұрыс-бұрыс» ойыны
Берілген суреттер бойынша тапсырмаларды орындайды. Топтар бірін-бірі бармақ арқылы бағалайды.
Карвинг өнері. Нұсқаулық бойынша жұмыс жасайды.
Артық болмас білгенің...
Қонақта дастарханда отырып, үзіліс жасағыңыз келсе, тәрелке үстіне айқастырып шанышқыны тісін төмен қаратып, пышақты оның астына қояды.
Ал, егер тағам ұнамаса,алып кетуін қаласаңыз,асхана жабдықтарын айқастырып қоясыз.Шанышқы тісін жоғары қаратып,ал пышақты шанышқының астына қояды.
Сізге тағам өте ұнады,тағы ішкіңіз келді-онда пышақ пен шанышқыны айқастырып:шанышқы жүзін жоғарты қаратып,пышақты шанышқы астына қоясыз.
Егер тағамды жеп болғаныңызды білдіргіңіз келсе,шанышқы мен пышақты бір-біріне қарама-қарсы қоясыз. Тәрелкеде құралдар сағат тілімен көрсетсек 5-6 ортасында тұру керек.
Керібайланыс.
Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін дастархан жабдықтары арқылы білдіреді.
Үйге тапсырма: Ұлттық тағамдарға байланысты интернеттен қосымша материалдар жинау.
Бағалау. Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды мақтап, марапаттау.