Баяндама Заман талабы — жа?а білім(м??алімдер)
Заман талабы – жаңа білім
Қазіргі заман – қарыштап дамыған білім заманы. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Кембридж бағдарламасы бойынша 2012 жыл қатарынан еліміздің ұстаздары өз біліктіліктерін арттыруда. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында”,- деген еді. Кембридж бағдарламасының тиімділігі – жеті модульді кіріктіру арқылы сабақ жүргізуді ыңғайлы етеді, оқушылардың логикасын арттыруда, бағалауда, топта басшылық етуде нашар оқушыны тартуға көмектеседі, оқушыға өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді, АКТны тиімді пайдалана білу оқушылардың қызығушылығын арттырады, мұғалімдерге қысқа мерзімді жоспармен сабақ жүргізу өте ыңғайлы, мұғалім өзін-өзі реттейді. Менің және көптеген ұстаздардың басында туған сәтсіз жақтары, күнделікті сабақтарды кембридж бағдарламасы бойынша өткізуге уақыттың жетіспеушілігі. Деген мен күнделікті болмаса да, жеті модульдің элементтерін пайдалана отырып, сабақ жүргізу барлық маманның қолынан келеді.
Мен Шығыс Қазақстан облысы ,Ұлан ауданы, Қанай орта мектебінің мұғалімін. Қанай орта мектебі шағын жинақталған. Мұндағы 100 оқушыға 21 мұғалім білім береді. Кембридж бағдарламасының бірінші айлығын оқып келгеннен кейінгі тәжірибе алмасу уақытында басқаруға қатысты көптеген пікірлер естідім. Біз осы кезге дейін дәстүрлі оқыту жүйесімен оқушыларға білім беріп келдік. Еліміздің Білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды мұғалімдерге жеткізуді ойладым. Менің қандaй өзгeріспен келгенімді әріптестерiме көрсетіп, олaрдың да өзгерулеріне түрткі бoлғым келді. Сол себепті коучинг сабaғымды «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулі бойыншa aлдым.
"Мұғалімдерге арналған нұсқаулық" оқулығының көмегімен әріптестеріме көшбасшы деген не? Көшбасшының мұғалімдер үшін маңызы қандай, оның түрлері, дамыту жұмыстары, негізгі қызметі, мұғалімнің жұмысындағы көшбасшылықты дамытудың жолдарын таныстырдым.
Мақсатым - Оқытуды басқару және көшбасшылық туралы көзқарас қалыптастыру, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту, топтық жұмыстың тиімділігін, АКТ-ны пайдалану жолдарын үйрету болды. Мақсатқа жету үшін «Оқытуды басқару және көшбасшылық » модулімен таныстыру, мұғалімдерге «Оқытуды басқару және көшбасшылық » туралы бағыт-бағдар беру және жұмыс жүйесін тәжірибе жүзінде көрсетуді негізгі міндет етіп алдым. Нәтижесінен мұғалімдер оқу үдерісіне «Оқытуды басқару және көшбасшылық » модулін енгізуді, өздері ғана сабақ үстінде сөйлеп, түсіндірмей, бұл үдеріске шығармашыл, жетекші оқушылардың өз бетімен ізденіс жасап, өз ойын жетілдіруге, логикасын дамытуға,басқа оқушыларды тартуға мүмкіндік беру керектігін, сондай-ақ, өздерінің оқуларын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажеттілігін түсінді.
Көшбасшылық дегеніміз - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмсысты реттеп қабылдап отырады. Ал, көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшылықты талантқа тең. Оны туа біткен және жүре пайда болатын деп екіге бөлуге болады.
Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші мұғалімдер.
Ұстаз өз оқушыларының бойындағы көшбасшылық қасиетті таба білу керек, оны оята білу керек. Себебі көшбасшылық, бәсекелестікті тудырады. Ал бәсекелестік бұл оқушының сабаққа деген қызығушылыған арттырудағы негізгі факторлардың бірі.
Ұстаздық елдегі ең жауапты мамандық. Себебі, президент те, әкім де, қарапайым жұмысшы да мектепте білім мен тәрбие алады. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы
Қанай орта мектебі
Рагизбаева Шинар Толегеновна.
2014 ж. Қазан.