?орша?ан ортамен таныстыру. О?у іс-?рекетіні? та?ырыбы: Жолда ж?ру ережесі
«Балбөбек» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Жолда жүру ережеcі..
Мақсаты: Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: жолда жүру ережелерімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар:жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Әдіс – тәсілдер:сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Қостілдік құрам: бағдаршам-светофор, жол-дорога, ереже-правила.
Тәрбиеші:Есенаманова Н.Т.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын сыйлайық.
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу сыйлайық. Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдасдастырушылық -ізденушілік
Жұмбақ жасырады.
Сөйлеуді ол білмейді.
Бірақ тоқта, жүр дейді.
-Бұл не екен балалар?
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?
-Бағдаршамнның неше көзі бар? Қандай?
-Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші. Қандай көзі жанғанда тоқтаймыз?
-Жарайсыңдар, балалар, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер, енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз.
-Сендер таңертең балабақшаға келгенде немесе ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?
-Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз?
-Жаяу жүргіншілерге арналған белгі екендігін қайдан білдіңдер?
-Енді мына белгілерге қараңдаршы, мынау ненің суреті?
-Енді мына белгілерге қараңдаршы, мынау ненің суреті?
-Егер телефонның суреті салынған белгі тұрса ол нені білдіреді?
Егер балалар жауап бере алмаса, педагог түсіндіреді.
- Ал мынау – медициналық көмек пунктінің белгісі. Демек жақын маңда медициналық көмек пункті бар деген сөз.
-Мына суретте не бейнеленген?
-Дұрыс айтасыңдар. Автобустың суреті салынған белгіні көрсеңдер, ол «автобус тоқтайтын аялдама бар» дегенді білдіреді екен.
Педагог сұрақтар қоя отырып, балаларға жол белгілері, жол қиылысы, көлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар жолдан ата-аналарының көмегімен өту керектігін, жаяу адамның көлікті аялдамада күтетінін, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау керектігін түсіндіреді.
Педагог балаларды екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға өздеріне бұрыннан таныс бағдаршамның суретін салуды, екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындыдыларынан бағдаршамды құрастыруды тапсырды.
Педагог бірінші орталықтағы балаларға тапсырманы түсіндіреді. -Бағдаршам.
-Машиналар бір-бірімен соқтығысып қалмас үшін.
-Адамдардың жолдан өтуі үшін.
-Бағдаршамның үш көзі бар. Олар: қызыл, сары, жасыл.
-Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанса жүреміз.
-Жол жиегіндегі жолмен жүреміз.
-Машиналарға кедергі жасамас үшін.
-Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған белгі. Бізге жүре беруге болады.
-Ақ сызықтар және адамның белгісі тұр. Жолдың үстіне де ақ жолақтар жүргізілген.
-Телефонның суреті.
Балалар жауап беруге тырысады.
-Автобус.
Бірінші орталықтағы балалар бағдаршамның суретін (көздерінің реттілігін сақтай отырып) салады.
Екінші орталықтағы балалар бірнеше бөлікке бөлінген қиындықтардан жаяу жүргінші жолы, медициналық көмек пункті, аялдама т.б. бағдаршам құрастырып, құрастырған жол белгісі туралы түсінгенін айтып береді.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
біледі:жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерін.
игереді:жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерін; автобуста, көлікте басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.
меңгереді:жол белгілері, олардың мағынасын, көлікте басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтайды.