?дебиеттік о?у 3 сынып Шегіртке мен ??мырс?а
Оқу ісінің меңгерушісі
Пәні Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тақырып Шегіртке мен құмырсқа /Мысал/Мақсаты Мысал мазмұнын түсіну, идеялық ұстанымындағы автордың ойына өзінше ой қосу арқылы пікір білдіруге мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтиже Мысалдағы жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйренеді;
Мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдылары дамиды;
Оқушылардың шығармашылық қуаттары шыңдалады.
Ресурстар Оқулық, проектор, автор суреті, өмірбаяны.
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин) 1.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен психологиялық ахуал жүргізу
-Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық бәріміз
Арайлап атқан күнге Қимылмен көрсетеді
Білу
(3 мин)
Қосымша ақпарат беру Жұмбақ жасыру.
- Кейіпкері жан - жануар болатын шығарманың түрін қалай айтамыз?- Мысал дегеніміз не?- Мысал – адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез - құлқын жан - жануарлардың іс - әрекетімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.- Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.- Өзіміз оқыған қандай мысалдарды естеріңе түсіре аласыңдар?- Ал бүгінгі мысалымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?- Ендеше, біз бүгін, И. Крыловтан Абайдың аудармасы «шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқимыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалының авторы Kрылов Иван Андреевич 1796 жылы 2 ақпанда Мәскеуде туылған. 1844 жылы, 21 қарашада Санкт - Петербург қаласында дүниеден озған. Сатирик Ұлты орыс Жазушы - аудармашы. Ақын - жазушы1. Аудармашы, ақын А. Құнанбаев туралы. Хронологиялық кестемен жұмыс. 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Шыңғыс тауында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай Қара сөздері бар. Өлең жинақтары бар. Бірнеше әндері бар. 1904 жылы дүниеден өткен.
Құмырсқа мен шегіртке туралы мағлұмат беруҚұмырсқа(Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері
тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден - ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады.Әртүрлі тұқымдастарға жататын көптеген өсімдіктермен қоректенетін зиянкес жәндіктерді «көп қоректілер» деп атайды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарына ең қауіптілері — шегірткелер, шекшектер. Тік қанатты насекомдар отрядының бір отряд тармағын құрайтын шегірткелердің Қазақстанда 200 - ден астам түрлері кездеседі. Бірақ солардың ішінде оншақты түрі ғана қауіпті зиянкестер санатына жатады. Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(құмырсқа)
Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды,
Қос қанатты, Құмырсқа ізді,
Бота тірсекті. (шегіртке)
232410306705
622935143510
Түсіну
(5 мин) Мысалды мәнерлеп оқып беру. -Құмырсқаның орнында сен болсаң, не істер едің?
Ойлан, жұптас, топтас, ортаға сал.
- Кейіпкерлердің қайсысы ұнады. Неліктен?- Шегіртке жазды қалай өткізді? Оқып беріңдер.- Қыс түсісімен шегірткенің өмірі қалай өзгерді?- Кімнен көмек сұрады? Құмырсқаға қандай өтініш айтты?- Сендер Шегірткені аяйсыңдар ма? Жауабыңды түсіндір.- И. А. Крылов осы мысалмен бізге не айтқысы келді?- Шегіртке мен құмырсқа мысалында кімдердің әрекеттерін, байқауымызға болады ма?- Шегіртке мен құмырсқа бейнелері адамдардың қасиеттерін көріп, байқауымызға болады ма?- Біздің ортамызда немесе өмірде сендерге сондай адамдар кездесті ме?
Сергіту сәті
(2 мин) Ұзын мұртты құмырсқа,Келе жатты жұмысқаДопты қойдым алдына,Оң жағына қарадыСол жағына қарады,Тау екен деп ойлады. Қозғалыс ырғағымен сергіп алады
Қолдану
(15мин) Сахналық көрініс қою.
Оқушылардың жұмысты қаншалықты ұйымшыл атқаратынын, топ басшысының жұмысын, топ мүшелерінің тапсырманы тыңғылықты орындауын қадағалап, бас-көз болу.
Рольдерге бөліп оқыту: І. Автор ІІ. «Шегіртке» ІІІ. «Құмырсқа» Шегіртке мен құмырсқаның киімін газет қиындыларынан қолдарына тек степлер беру арқылы тігуді ұсыну. (техникалық қауіпсіздік ережесін міндетті түрде ескерту)
Талдау
(3мин) Дәптермен жұмыс
Шегірткені қиыншылықтан құтқаруға көмектеседі
Шығармашылық жарыс (Өлең шығару)------------------------------------------ еңбекті,------------------------------------------ терлепті.------------------------------------------ сайрандап,----------------------------------------- келмепті.
Жинақтау
(6 мин) Мысалмен жұмыс. Сұрақ Жауаптары 1.Күз келді 1.Гөлайттап жүріп ән салды 2.Шегіртке жаз бойы 2.Күн суытты 3.Құмырсқа жаз бойы 3.Құмырсқаның аяғына бас ұрды 4.Сауықшыл сорлы бүкшиіп, селкілдеп келіп жығылды 4.Илеуіне азығын тасып алды 5.Ала жаздай ән салсақ 5.Селкілде де билей бер,- деді құмырсқа 6.Мысалды жазған 6.Абай 7.Мысалды аударған 7.И. Крылов Өлең мазмұнын ары қарай жалғастырады.
Бағалау
(2 мин) Бүгін алған біліміңмен кіммен бөлісе аласың? Оқушылар топта талқылап жауаптарын айтады
Үй жұмысы
(2 мин) Өлеңді рөлге бөліп оқу. Күнделікке жазып алу
Рефлексия
(2 мин) Сабақта қай жұмыс қиын болды? Тілек ағашын гүлдендіру