Абай ??нанбаев «Жиырма то?ызыншы ?ара с?зі» (поурочное)
«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабақ тақырыбы:
Абай Құнанбаев
«Жиырма тоғызыншы қара сөзі»
7 сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Жарылкасымова Бақытгүл
Уақыты: Қазақ әдебиеті
Мұғалім: Сынып:
Сабақ тақырыбы: Жиырма тоғызыншы қарасөзі.
Жалпы мақсат: А.Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
Оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту
Сабақта қолданылатын материалдар: Сызбалары, кестелері, дидактикалық материалдар
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Абайдың қара сөздері» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады. Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылықты ояту Үйге берілген тапсырманы сұраймын. «Қаранғы түнде тау қалғып» жаттау.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?
2.Ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған? Талдау,жинақтау,қорыту
Қызығушылықты ояту Нені білеміз?
Өткен сабақта Абайдың өмірі, ақындығына, оның шығармаларына тоқталған болатынбыз. Сонымен бұл бөлімде үй тапсырмасы бойынша Абай жөнінде сұрақтар қойылады. «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін жатқа сұралады.
Сабақ барысы туралы түсінік беру.
Осыны оқып ойлай бер,болсаң зерек,
Еңбекті сат,ар сатып неге керек.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,
ІІІ. Жаңа тақырып Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.
Абайдың 45 қара сөзі бар. Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар,іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа,не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар -дей келе мақалдарға тоқталып өткен.
Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.
Мақал-мәтелдер Абайдың сыны Өз пікірің
Топпен жұмыс: «Ата-анадан тәтті жоқ» немесе «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбына шағын пікірлесу жүргізеді.
IV.Шығармашылық жұмыс Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар.
1. Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған.
2. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді. Абайдың 45 қара сөзі бар.
Абайдың қара сөздерінің саны -45. Қара сөз — арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.
Жиырма тоғызыншы қара сөзі. Үнтаспадан тыңдату.
Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі «Жарлыболсаң, арлыболма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.
«Қалауын тапса, қар жанады»,«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-анашамасыкелсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелікжиса да, артымдабалаларымақалсындейді. Олата-ананымалғасатқансоң, құдайға дұшпандық іс емеспе? Осындай білместікпененайтылғансөздеріне бек сақ болу керек.
V.Қорытындылау Асыл сөздің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық ... (Аздырар адам баласын)
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға ... (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)
Баламды медресеге біл деп бердім ... (Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)
Талап, еңбек, терең ой ... ( Қанағат,рахым, ойлап қой,Бес асыл іс,көнсеңіз)Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)
Сатылай кешенді талдау. Абайдың « Жиырма тоғызыншы » қара сөзі
Тәрбиелік түйіні: Кез – келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?
2. Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?
3. Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?
Бекіту.
Халық арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:
1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..
2. Жаман дос - көлеңке,
3. Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.4. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.5. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын6. Баяғы жартас - бір жартас7. Толғауы тоқсан қызыл тіл Сөйлеймін десең өзің біл8. Ойын – арзан, күлкі қымбатҚорытынды:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.
Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғарVI. Үйге тапсырмасын беру Абайдың 29 - қара сөзін жаттап, жан - жақты талдау;Өз пікірлерін жазбаша талдау. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VII. Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
VIII. Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »