Конспект по казахскому языку на тему Абай ??нанбаев


9- сынып
Cабақтың тақырыбы: «Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны,жазба әдебиетінің негізін салушы»
Сабақтың мақсаты: : ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, орыс жазушыларымен рухани үндестігін үлгі-өнеге ету.
А) Білімділік: Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенті Абай өмірімен таныстыру,білім мен ғылымға баулып,жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып, ажырата білуге үйрету. Олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал ету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың Абай шығармаларымен жұмыс істеу арқылы өлеңге, әнге, өнерге деген әуестігін дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ ,сұрақ-жауап, аралас сабақ ,өткен сабаққа шолу жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Абай және Абайдың туыстарының суреті, әр кезеңге арналған , табиғаттың барлық кезеңіне арналған слайдтар
Сабақтың типі: білім,іскерлік дағдыны жетілдіру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
( Сабақтың мақсаты, жүрісі түсіндіріледі)
Тілдерін дамыту
Бүгін нешесі?
Қандай күн?
Қай мезгіл?
Қандай өзгерістер болады?
II.Үй тапсырмасын сұрау:1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2.Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
3.Ы әңгімелері.Үй тапсырмасын қорыту. Абай мен Ыбырайға венн диограмма құру.

Ақын ,жазушы педагог ,мектеп ашты, балаларға арнап өлеңдер жазды,арнап мектеп ашты. Табиғатқа арнап өлеңдер

Абай
Құнанбаев
Ыбырай Алтынсарин

ІІІ. Слайд ашу . Өлең жолымен бастау. Абайдың суретті.
Көп адамдар өмірге бой алдырған
Бой алдырып аяғын көп шалдырған
Өлді деуге болама айтыңдаршы
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
4. Ал ,енді балалар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты;
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өнегелі өмірімен таныстыру, шығармасына шолу жасау, орыс жазушыларымен рухани үндестігін үлгі өнеге ету.
Абайдың өнегелі де өсиетті сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке , білімді өнерлі болуға тәрбиелеу.
5. Балалар енді бәріміз тақтаға қараймыз.
5- сыныптан бастап Абай Құнанбаев туралы көптеген мәліметтер алып жүрміз.Есімізге түсірейік Абай туралы не білеміз..
Не білеміз
Абай ұлы ақын , Жазушы, балаларға арнап өлең, мектеп ашты,жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Т.б
6.Абай туралы мәлімет беру
IV. Жаңа сабаққа кіріспе. Абай Құнанбайұлы (1845 -1904)
Абай 1845 жылы Семей облысының , Абай Абай ауданында Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген .
Әкесі Құнанбай – ақыл мен парасат иесі , ел билеген көсем , шешен адам болған. Абайдың шын аты Ибрагим
.Ол бала кезінен өте зерек бала болып өседі. Абай деп әжесі еркелетіп қойған. . Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, Абайды әкесі 9 жасында Семейдегі медресеге оқуға береді.
Семейде ол орыс тілін үйренеді. Үш жыл орыс мектебінде оқиды.
Әкесі Абайды өзімен ала жүріп , үлкен өнегелі отырыстарға апарып , әділ- биліктерін , шешендік асыл сөздерін үлгі еткен .
Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Халықтың тұрмыс тіршілігін айыруға үйреткен ,Абай жасынан зерек бала болады.
Абайдың әр – түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері көп. Абай өлеңдері адамгершілікке ,ғылымды сүйюге шақырады.Сұлтанмахмұт Торайғыров Абай туралы былай деген екен; «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе». Абай тек қана өлең шығарып қана қоймаған , ән де шығарған. «Желсіз түнде жарық ай»,«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» т.б
   Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
. Абай орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай Пушкиннің өзінен, Белинский, Гертсен, Чернышевский, Салтыков-щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тәрбие алды.
. Абай 3 әйел алған. Сүікті әйелі Әйгерім екен.
7.Үйге тапсырма
1.Абай білім-ғылымды қалай бағалаған?
2.Бір өлеңін жаттап келу
3.Мәтінді мазмұндау
4.Оқушыларды бағалау
Бағалау
1.Абай кім? Оның қандай әндерін білесіңдер?
2.Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?
3.Абайдың қара сөздерін атаңдар?
4.Абайдың аналарының аты кім еді?
5.Абай орыс классиктерінен кімді аударды,оқыды? (А.Пушкин,М.Лермонтов,Л. Толстой, Салтыков - Щедрин).
6.Абай насихаттаған бес асыл істі және бес дұшпанды ата?(Талап,еңбек, терең ой,қанағат, рахым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз.Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек бекер мал шашпақ.)
7.Абай қандай нәрселерден қашуды ,үйренуді үлгі етеді.
8.Абай қара сөзінде қазақтың қандай мақалдарын сынға алған. («Қалауын тапсаң ,қар жауар».«Атың шықпаса жер өрте».«Жарлы болсаң,арлы болма».)
9.Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін ата?
Тест сұрақтары: 10 сұрақтан
1.Абайдың туған жері.
А)Алматы облысы б) Семей облысы
ә) Қарағанды облысы в) Талдықорған облысы.
2. Абай неше жыл өмір сүрді ?
А)65 жас б) 45 жас
ә) 72 жас в) 59 жас
3. Абайдың ең жақын адамы.
А)әкесі б) ағасы
ә) әжесі в) жеңгесі
4.Кімнің шығармаларын қазақ тілінен аудпрды?
А)Пушкиннің б) Некрасовтың
ә) Грибоедовтың в) Симоновтың
5.Абайдың өлеңін тап?
А)Кел, балалар, оқылық! б) Ленинградтық өренім
ә) Туған жер в) Пайда ойлама, ар ойла.
6.Абайдың сүйікті әйелі :
А)Айсұлу б) Әйгерім
ә) Ділда в) Маржан
7.Абай атында Алматыда не бар?
А)мұражай б) дүкен
ә) даңғыл в) көше
8.Абай неше жасында Семей медресесіне барады?
А) 9 б)13
ә) 6 в)5
9.Неше жасынан өлең жаза бастады?
А)8 б)13
ә) 11 в)7
10.Абай туралы кім жазды?
А)Крылов б)Әуезов
ә) Уалиханов в)Пушкин