?аза? ?дебиеті Абай ??нанбай?лы «Шо?пардай кекілі бар ?амыс ??ла?» 6 сынып
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КАЧИР АУДАНЫ ВОСКРЕСЕНКА ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ:
Абай Қүнанбайұлы
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
Құрастырған: ЖАРМУЛДИНОВА ДИНАРА РАШИДОВНА
2014 – 2015 оқу жылы
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
Сабақтың мақсаты:
а) ақынның өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру т.б
Сабақтың көрнекілігі: Альбомдар, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Дулат Бабатайұлының «О,Ақтан жас,Ақтан жас!» өлеңін мәнерлеп оқытқызамын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Дулаттың қандай шығармаларын білесіңдер?
Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Ақтан жасқа не айтып отыр?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Абай 1845 жылы туған Құнанабай Абайды Ғабитхан дейтін молдаға сабаққа береді.
Бірақ Құнанабай Абайды одан екі-үш жыл ғана оқытып, Семейдегі медресеге жібереді.Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай орысша приходская школадан төрт ай сабақ оқиды.
Кітапппен жұмыс: Кітаптан Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Өлеңді оқи отырып, ақын ақын суреттеуінен қандай әсер алдыңдар?
Абай өлеңінде аттың сыны қандай сөздермен айшықталған?
Абай суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін жаттап келуге және атқа,жылқыға байланысты мақал-мәтелдер жаттап келуге беремін.