Абай ??нанбай?лы «Шо?пардай кекілі бар ?амыс ??ла?»


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Абайдың шығармашылық әлемін таныту, өміріненмәлімет беру, Абайдың халық ауыз әдебиетінен үлгі
алуын шығармасын салыстыру арқылы дәлелдеу,
өлең мазмұнын меңгерту;
2. Дамытушылық: шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету,
танымдық көзқарасын қалыптастыру, сөйлеу
мәдениетін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру, авторлық ойды тану;
3. Тәрбиелік: ақын өмірін үлгі етуге, поэзияны сүюне, өзгенің пікірін
тыңдай білуге баулу, ұжымдық ынтымақты берік ұстауға, төрт
түлік малды қадірлеуге, көркемділікке, шапшаңдылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лирикалық сырласу сабағыСабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, талдау, салыстыру, іздендіру,
проблемалық, пікір алмасу, жұптық.
Сабақтың көрнекілігі:ақын портреті, жылқы суреті, тірек-сызбалар, интерактивті
тақта, ақын кітаптарының көрмесі, музыка күйтабағы,
бағалау қималары.
Сабақтың тиімділігі: 1. өздік жұмыстарға баулиды.
2. оқығанын практикамен ұштастыруға дағдыланады.
3. ең негізгі мәселелерді сұрыптауға, қосымша материалдарды
іздеуге, іріктеуге үйренеді.
Пәнаралық байланыс: музыка, жағрафия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті:
- сәлемдесу;
- оқушы зейінін жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі бойынша адам бойында кездесетін жағымды, жағымсыз қасиеттерді жұп болып айту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге. С.ТорайғыровҒұлама ғұмырынан- Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 22 тамызда Семей облысы, Қарқаралы ауданы, Шыңғыс тауының бауырында (қазіргі ШҚО Абай ауданы) туып, 1904 жылы 5 шілдеде сол жерде дүние салған. Шын есімі – Ибраһим. Қазақ халқының ұлы ақыны, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, композитор, философ. Орта жүздің арғын тайпасының тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Алғашқы саутын ауыл молдасынан ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Ахмет-Риза медресесінде Абай мұсылманша оқумен ғана тоқтамай, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, орысша оқыған. Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады, ел билеу ісіне баули бастайды.
Ақынның туған жері Жидебай еліне суретті саяхат жасау (слайд көрсету).
Мәтінмен жұмыс«Шоқпарбай кекілі бар қымыс құлақ» өлен мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, талдау жүргізу.
Шоқпарбай кекілі бар қамыс құлақСалыстырмалы талдау
БасыШоқпарбай кекілі,
қамыс құлақ, қоянжақ, майда жалдыЖүйрік аттың сипаты жасалғанАяғыЖерсоғарлы,сіңірлі,
аяғы тік,бота тірсекЖүйрік атқа тән қасиеттер өлеңмен берілгенҚасиетіШапса жүйрік Бейнелі сөздер;
Мінсе берікЖуан, жуасБейнелі сөздер:
Эпитет: қамыс құлақ, салпы ерін, ұзын тістіТеңеу: шоқпардай кекіліӘдебитет теориясыТеңеу – бір затты немесе құбылысты екінші бір нәрсемен салыстыру, ұқсату, теңеу. Жұрнақтары. –дай, -дей, тай, -тей, Мысалы:
Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ...
Жауырыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.
Өлең құрылымына талдауТеке мұрын, ║салпы ерін, ║ұзын тісті, 12 б. а)
Қабырғалы, ║ жоталы, ║болса күшті. 11б. а)
Ойынды еті, ║бөп-бөлек, ║омыраулы, 12б. б)
Тояттаған ║бүркіттей ║салқы төсті. 11б. а)
Ұштастыру тапсырмалары1. Өлеңнен көркемдік тәсілдерді табу.
2. Жылқы малы туралы, мақал-мәтелдер тауып жазу.
3. Түліктің төресі жылқы малына мінездеме беру.
ІV. Сабақтың түйіні– Өлеңді оқи отырып, ақын суреттеуінен қандай әсер алдың?
– Аттың сыны қандай сөздермен айшықталған?
– Суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?
V. Үйде іздену1-тап: Абай шежіресі. Абайдың шыққан тегі, балалары, шәкірттері жайлы мәлімет жинау.
2-топ: Көсемсөз шеберлері. Абайдың нақыл сөзге айналып кеткен өлең жолдарын тауып келу.
3-топ: Ақындық шеңбері. Ақынға арнап шығарылған өлеңдер, Абай атындағы ұлттық мәдени орталықтар және оқу орындары жайлы деректер іздену.
VІ. Оқушы білімін бағалау.
Сабақ барысында белсенді қатысқан оқушыларға беріліп отырған жылқының бейнесін көп жинаған оқушыларды бағалау