Жай б?лшектерге амалдар ?олдану. ашы? саба?
Математика пәнінің мұғалімі
Ж.Темиргалиева
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жай бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу ережелерін білу, есеп шығарғанда қолдана алу; Бөлшектерді ажырата білу; Аралас санды бұрыс бөлшекке, Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыра алу; Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре білу.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа , ұқыптылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, слайд, тест парақшалары.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты түгендеу, сабаққа қажетті құрал жабдықтардың түгелдігіне көз жеткізу.
І. Қызығушылығын ояту. Ертегі «Байлық, бақыт, ақыл»
ІІ. Ой қозғай. Жай бөлшектер тарауында не өттік?
ІІІ. Қайталау оқу анасы.
р/н Сұрақтар Тапсырмалар
1 Жай бөлшектің жазылуы 2 Дұрыс бөлшектің анықтамасы 3 Бұрыс бөлшектің анықтамасы 4 Аликвоттық бөлшектер 5 Өзара кері сандар р/н Сұрақтар Тапсырмалар
1 Бөлімі 6 болатын барлық дұрыс бөлшекті жаз 2 Бөлімі 4 болатын барлық дұрыс бөлшекті жаз 3 Бөлімі 5 болатын барлық дұрыс бөлшекті жаз. 4 Алымы 7 болатын төрт бұрыс бөлшек жаз 5 Алымы 4 болатын бес бұрыс бөлшек жаз. ІҮ.
«Есепке кім жүйрік?» Ғылым таппай мақтанба.
Бұрыс бөлшешекке айналдыр 412; 123;
Аралас санға айналдыр 1410 ; 1712;
Бөлшектерді қос 14+ 34; 512+16Бөлшектерді азайт 729-229; 914-17 Бөлшектерді көбейт 512·34; 916·49Бөлшектерді бөлуді орында 512ː34; 58ː5Көбейтуді орында 114·215; 5·15Бөлшектерді салыстыр 45 *54 ; 8 9*109Санның бөлігін тап 32-нің 34ін; 45-тің 29сін
35 ке кері сан
V. Шығармашылықтарын дамыту:
1. Шеңбер сал. Оның 24 бөлігін боя.
2. Шаршы сыз. Оны тең етіп төрт бөлікке бөл. Бір бөлігін қызылмен қалған бөлігін көкпен боя. Шаршының қандай бөлігі қызылмен, қандай бөлігі көкпен боялған?
3. Шеңбер сал. Оны тең сегіз бөлікке бөл. Үш бөлігін сарымен, екі бөлігін жасылмен, қалған бөлігін қызылмен боя. Шеңбердің қандай бөлігі сарымен, қандай бөлігі жасылмен, қандай бөлігі қызылмен боялды?
VI. «Қайсысын қалайсың?» Тест тапсырмалары.
1-деңгей
Дұрыс бөлшектерді бір жолға, бұрыс бөлшектерді екінші жолға жаз:
12; 97 ; 37; 512; 1011005·35 а) 253 б) 3 с) 285Бұрыс бөлшекке айналдыр: 5 13 а) 93 б) 163 с) 532-деңгей
1.Дұрыс бөлшектерді бір жолға, бұрыс бөлшектерді екінші жолға жаз:
12; 97 ; 37; 512; 1011002.5·35 а) 253 б) 3 с) 2853.Бұрыс бөлшекке айналдыр: 5 13 а) 93 б) 163 с) 534. Бөлшекті азайт: 15-749 а)8 59 б)7 59 с) 6 59 3-деңгей
1.Бұрыс бөлшекке айналдыр: 5 13 а) 93 б) 163 с) 532. Бөлшекті азайт: 15-749 а)8 59 б)7 59 с) 6 593. Бөлшектерді қос: 36+112 а) 418 б) 412 с) 7124. Салыстыр: 38*45 а) үлкен б) кіші с) тең
«Білімдіге биіктен орын»
Есеп. 2014 жылы 14 қарашада еліміздің бас қаласы Алматыда ауыр атлетикадан әлем чимпионаты өткенін білеміз. Сол жарыста біздің жерлесіміз 1992 жылы Алматы облысының Талгар ауданында дүниеге келген спортшы жігітіміз Жасұлан Қыдырбаев 408кг гіртасын көтеріп әлем чемпионы атанып, алтын медальды иеленді. Оның жұлқа көтерген гіртасының салмағы оның барлық көтерген гіртасының салмағының 2/3 бөлігіндей. Жасұлан жұлқа көтерген гіртасының салмағы қандай?
Оқулықпен жұмыс: №866 (1,3,5)
Топтастыру стратегиясы:
Жай бөлшектерге қолданылатын амалдар
Бөлшектің түрлері
Рефлексия: Сабақтың басында айтылған ертегі бойынша оқушылар өз ойларын тұжырымдайды.
Мен бүгінгі сабақта не үйрендім.
Үйге тапсырма №866 (2,4,6) және №870 есептер