Презентация Кім сендерді балалар с?йет??ын
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.” Абай. Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. Жетінші сөз Ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым-қатынас орнату. Мақсаты: “Есімдер”жаттығуы“Үлкендер әлемі”“Анаңды қалай жақсы көресің?”“Жылы жүрек”“Жаман әдеттен арылайық”“Жүректен жүрекке” Тренинг бағдарламасы: Жаттығу “Е с і м д е р” Мақсаты: Ата-аналар өз балаларын тереңірек таныстыру Шарты: Ата-аналар өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді)қорғайды ,яғни балаларының атын қою тарихын,кім қойғанын, не үшін,кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп айтып шығады “Үлкендер әлемі”Әр ата-ана балалық шағындағы қызықты сәттерін, көңілді оқиғаларын айтып беру керек “Анаңды қалай жақсы көресің?” Нұсқау: Оқушылар, қойылған сұраққа іс-әрекет немесе тілек айту арқылы жауап беру керек. “Жылы жүрек” Нұсқау: Оқушылар алдарыңызға қойылған ақ парақты басу арқылы,бойындағы жаман қасиеттерді айтып барып бойыңнан шығарасың.Ата-ана баласына жақсы сөзер тілеу, еркелету арқылы, жақсы көретіндігіңізді білдіртіп балаңызға жетуіңіз керек. Тауып көр Нұсқау: Ата –аналардың көздері байланады. Ата-ана балдарының құлақтарын ұстау арқылы өз баласын табуы керек. “Мақалды тауып көр” Әке ақылы- бұлақ, Ана ақылы- шырақ, Аға ақылы-көмек, Іні ақылы-демеу, Бала ақылы-ұшқын, Өз ақылың –басыңда, Іздегіш болсаң,қасыңда,- дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Әр күндеріңіз нұрлы болсын! Ой-толғаныс “Жүректен жүрекке” Мақсаты:Тренинг туралыпікірлерін ортаға салу,жақсы тілектер айту Отбасы ұшқан жанұя-жылылықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Жүректен жүрекке» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.