Урок ?аза?станны? ХIV – XV ?асырларда?ы с?улет ?нері.
Сынып: 5 күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.І. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу, тіл мен дін мәдениет мұрасын, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсінік беру.Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, карта, қосымша тарихи әдебиеттер, интерактивті тақта.Пән аралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиеті, география, бейнелеу.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру2. Өткен сабақты пысықтау3. Жаңа сабақты түсіндіру4. Бекіту, қорытындылау, бағалау5. Үйге тапсырма беруІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Балалар біз өткен сабақта Отандық тарихтың ең негізгі тарауларының бірі Қазақстанның ХIV-ХV ғасырлардағы мәдениеті тақырыбын өткенбіз, сол тақырыпты қалай меңгергендеріңді білу үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.1.«Сұрақ-жауап» әдісі• Оқушыларға материалдық мәдениет үлгілері көрсетіліп, олардың атаулары сұралады.• Оқушылар рухани мәдениетке жататын мақал-мәтел, жұмбақ сияқты өздеріне танымал фольклор үлгілеріндегі білімдерін танытады• Оқушылар өнері – күй2. Үй жұмысын бекіту«Ойлан тап»№ Аты-жөні Еңбектері Не айтылады?1. Хорезми «Хұсрау мен Шырын»2. Дүрбек «Мухаббатнама»3. Кутуб «Жүсіп-Зылиха»3. Үй жұмысын қорыту.Рухани және материалдық мәдениет түрлерін диаграммаға жазуІІІ. Жаңа сабақ:Жоспары:1. Сәулет өнері.2. Қ.А.Иасауидің кешенді кесенесі.3. Алашахан кесенесі. Көккесене.4. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі.5. Отырар. 6. Қолданбалы өнер.7. Пысықтау сұрақтары.«Сөздік» кесене немесе сәулет өнері дегенді қалай түсінесіңдер?1. Кесене – діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.1. Сәулет өнері – Х – ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 ш жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.2. XIV-XV ғ аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері - Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түркістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5 х 18,5 м, ортасында 1399 жылы жасалынған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Оларда атақты адамдар жерленген.Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет Иасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған., қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған.Диуани хикмет3.Алашахан кесенесі – ХIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Б.з.д ІІ-І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан көне қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тұлға. Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшелігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген.4.Көккесене – Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында Төменарық деген жердің Солтүстік Батысында 8ш жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Сырт беті кілем сияқты өрнек үлгісімен жасалған. Өкінішке орай бүгінгі күні тек жұрнағы ғана қалған. 5. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі - XV ғасырдың екінші жартысында салынған. А.Иасауи кесенесінің Шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. XIX ғасырдың соңында қираған. Төбесіндегі күмбезі Иассауидің кесенесінің ішінен табылған. Қалай келгені белгісіз. 1485 жылы қайтыс болған ол Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екені жазылған. 1895 ж қараусыздықтан бұзылып кеткен, қалған бөлігі 1950- 1957 ж археологиялық қазба жұмыстарынан кейін кірпіштері Ахмет Иасауи кесенесіне жөндеуге жұмсалған деген дерек бар. Зерттей келе кесененің астыңғы сағанасында 5 адамның мүрдесі табылған. Ортасындағы Рабияның мүрдесі деген болжам бар.6. Қолданбалы өнер - өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі, үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді. Сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолданбалы өнерді пайдаланған.Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі-түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.IV. Сұрақ-жауап әдісі1. Сәулет өнері деген қандай өнер?2. Алашахан кесенесі қай жерде, қандай ерекшелігі бар?3. Қ.А.Иасауи кесенесін кім салдырған, құрылыс жүйесі?4. Археологиялық зерттеуде қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?5. Отырар қаласынан табылған қоғамдық құрылыс орындарын ата?6. Қолданбалы өнер қандай өнер?V. Оқулықпен жұмыс1. Арыстан баб кесенесі қай ғасырда бірнеше рет жөндеуден өтті?2. Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі қайда салынған?3. Алаша хан кесенесінің өзіндік ерекшелігі қандай?4. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі қай ғасырда салынған?VІ. Дәптермен жұмыс.Тест.1. Аталған сәулет өнері ескерткіштерінің қайсысы монғол шапқыншылығынан кейін салынған?а. Айша-бибі кесенесіә. Білеулі ғимаратб. Арыстан баб кесенесів. Ақыртас ғимараты2. Әмір Темір бұйрығымен тұрғызылған сәулет өнерінің ғажайып туындысыа. Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесіә. Алашахан кесенесіб. Боран мұнарасыв. Бабаджа қатын кесенесі3.ХІV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіша. Аяққамбыр күмбезіә. Мырзарабат сардобасыб. Алаша хан кесенесів. Дың ескерткіші4. Материалдық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделеді?а. Мал басынан алынатынә. Саудағаб. Қолөнергев. Жер өңдеу кәсібіне5. Қуаңшылық жылдары қандай ырым жасалған?а. Көкке табынуә. Пұтқа жалбарынуб. Тасаттықв. Аруақтарға сиыну6.Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін қалай атаған:а. Көк тәңіріә. Жаратушыб. Аруақв. ПірVІІ. Жаңа сабықты бекіту Сәйкес келетін тарихи оқиғаларды тап• 1397 жыл –• 1399 жыл –• 1485 жыл –• 6 айТарихи сынақ хат. Сәулет өнері Қазақстанда Х-ХІІ ғасырда _____ _____ кезінде өркендеген. XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің үлгілеріне _____, _____, _____, _____ кесенелері жатады. Бөлмелердің ішіндегі негізгісі - __________. Кесененің өрнек үлгілері _____ ______ сәулет өнерінде кездеспейді.
Дұрыс жауабы: Сәулет өнері Қазақстанда Х-ХІІ ғасырда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген. XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің үлгілеріне Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауи, Көккесене, Алашахан кесенелері жатады. Бөлмелердің ішіндегі негізгісі – кітапхана. Кесененің өрнек үлгілері Орта Азия сәулет өнерінде кездеспейді.
Дұрыс жауабы: 1397 жыл – Әмір Темір Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға бұйрық берді. 1399 жыл – Залдың ортасындағы үлкен тайқазан жасалған. 1485 жыл – Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы Бегім қаза болды. 6 ай – Отырар қаласы монғол шапқыншылығына осы уақыт аралығында төтеп беріп тұрды.ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер:1. Қазақстан тарихы анықтамасы 5-11 сынып, 2005 жыл2. Қожа Ахмет Иасауи. Байниетова Сәуле 2007 жыл3. Батырлар жыры. Көптомдық А. 1986-1990 жыл4. Қазақстан архитектурасы А. 1959 жыл5. Қазақ халқының қолөнері А.1995 жылХ. Оқушыларды бағалау.Оқушының қабілетіне қарай берген жауаптарын бағалау.ХІ. Үйге тапсырма.§33 Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.а) Қожа Ахмет кесенесіне әңгіме жазуә) Отырар ойранының зардаптары туралы реферат жазуКері қайтуІлмек сөздер: HYPERLINK "http://bilimsite.kz/tags/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3/" Қазақстанның, ХIV – XV, HYPERLINK "http://bilimsite.kz/tags/%D2%93%D0%B0%D1%81%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B/" ғасырлардағы, HYPERLINK "http://bilimsite.kz/tags/%D1%81%D3%99%D1%83%D0%BB%D0%B5%D1%82+%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%96/" сәулет өнері, HYPERLINK "http://bilimsite.kz/tags/%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85/" тарих
127035560