Презентация по казахской литературе на темуАбай(6 класс)


Абай Құнанбайұлы(1845-1904) Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңiрiнде дүниеге келген. Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан бiлiм алды. Кейiн ауқатты Құнанбай баласын Семейдегi Ахмет Ризаның медресесiне оқуға бердi. Медреседе ол Шығыс әдебиетiн көп оқыды, қаладағы орыс мектебiне барып жүрдi. Мектепте жүрген шағында ақындық талабын байқата бастады. Алайда аға сұлтан Құнанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Абайдың әндерi, өлеңдерi қазақ даласына кең тарады. Абай шығармаларының терең пәлсапалық ойлары – кейінгі ұрпаққа қалған өшпес мұра.Абай-дара,Абай-Дана Философ Ұлы ақын Аудармашы Жазба әдебиетінің атасыСазгерСыншы Композитор «Құлақтан кіріп бойды алар» «Желсіз түнде жарық ай»Желсіз түнде жарық ай,Сәулесі суда дірілдеп,Ауылдың жаны терең сай,Тасыған өзен күрілдеп.Қалың ағаш жапырағы,Сыбырласып өзді-өзі,Көрінбей жердің топырағы,Құлпырған жасыл жержүзі. АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында. «Қараңғы түнде тау қалғып» Ұлылар үндестігі...Қараңғы түнде тау қалғып...goetheUBER ALLEN GIPTELNIst ruh;In allen wipfelnSpurest duKaum einen hauch;Die vogelein schweigen im walde;Warte nur, baldeRuhest du auch АбайҚараңғы түнде тау қалғып,Ұйқыға кетер балбырап.Даланы жым-жырт, дел-сал қып,Түн басады салбырап.Шаң шығармас жол-дағы,Сілкіне алмас жапырақ.Тыншығарсың сен-дағы,Сабыр қылсаң азырақ. М.Ю. ЛермонтовГорные вершиныСпят во тьме ночной;Тихие долиныПолны свежей мглой;Не пылит дорога,Не дрожат листы…Подожди немного,Отдохнешь и ты. «ҚЫС»Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап келіп қалды. «Жазғытұры»Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Жан-жануар, адамзат анталаса,Ата-анадай елжірер күннің көзі. «КӨКТЕМ» «ЖАЗ»Жаздыгүн шілде болғанда,Көкорай шалғын, бәйшешекҰзарып өсіп толғанда;Күркіреп жатқан өзенгеКөшіп ауыл қоңғанда… «КҮЗ»Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. «Көзімнің қарасы»Көзімнің қарасы,Көңлімнің санасы.Бітпейді ішімдеҒашықтың жарасы.Қазақтың данасы,Жасы үлкен ағасы.Бар демес сендей бірАдамның баласы. Махаббат лирикасыҒашықтың тілі-тілсіз тіл.Көзбен көр де ішпен біл. А. С. ПушКин«Татьяна сөзі»Тәңірі қосқан жар едің сен,Жар ете алмай кетіп ең.Ол кезімде бала едім мен,Аямасқа бекіп ең. «Айттым сәлем, қаламқас»Айттым сәлем, Қаламқас,Саған құрбан мал мен бас.Сағынғаннан сені ойлап,Келер көзден ыстық жас. Абай, теңіздей терең ойлы,Ұшқыр қиял, сөзге данышпан.Сөзінің іші – сарай,Сырлы мүсін. Қазақ елінің мақтанышы, данышпаны, данасыАбай ақын есімі мәңгілікте біздің есімізде болады! Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасыӨлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.