МЕРЕКЕЛІК ШАРА аРУЛАР АСЫЛ ЖАНДАР.


Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Бүгінгі мектебіміздің ұлдар ұйымының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Арулар-асыл жандар» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер. Кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Ризабек Құмарұлына жолданады.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Ән «16 қыз» орындайтын Мақсат Қайырбеков.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 
Орыс биі. Орындайтын 6 а сынып оқушылары.
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Ұлдары шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аруларға бағыштайды.
Ермұрат Сапуовтың орындауында мерекелік ән шашу.
Бүгінгі мерекеге ұлдарымыз шын ниетпен дайындалды. Бойдағы бар өнерін ортаға салмақшы. Сонымен қатар, бүгінгі кешімізге өнер жұлдыздары да келді. Ендеше кезек соларда.
Сахнаға Қуандық Рахым мен Гаухар Сардарбек «Болайық бірге» әнімен.
МС САйлаубек өз әнімен.
Ресей жұлдызы Тимати.
Ерке Есмахан «Еркемін» әнімен.
Верка Сердючка « Хорошо» әні.
91 тобы өз әндерімен ортада.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Аруларды құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Келесі кезекте көңілді тапқырларға береміз.
Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер.
1. Мектептегі ең сүйікті ұстазыңыз кім?
2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?
5. Өлең айтып бере аласыз ба?
7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?
8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?
9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?
10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?
Ән « Бол жанымда» орындайтын Мақсат Қайырбеков, Бекдәулет Мағаданов, Ермұрат Сапуов.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Бірлік ауылы
С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі
«Арулар-асыл жандар»
Жауапты: Ұ.Иманғалиев
2017 жыл