Та?ырыбы: Бала ???ы?тары мен міндеттері топты? ж?мыс ?ала мектептері 5-8 сыныптар аралы?ында
Тақырыбы: Оқушының құқықтары мен міндеттері
Мақсаты:
•Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
•Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
•Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Бала құқығы деп жазылған тақырыптың аты. Балалар құқығы туралы Конвенция, Қ.Р. Балалар құқығы туралы заңы.
IV. Сабақтың жүрісі:
Қанатты сөздер:
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз».
Н. Назарбаев.
Шайхин Айдар Турсынбаевич
Сәлеметсіздер ме балалар! «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Оқушының құқықтары мен міндеттері тақырыбына арналады.
I Ұйымдастыру
Сабақ барысы
1) Әділет тобы- Сіздер өз құқықтарыңызды білесіздер ме? (Постер қорғау)
2) Ақиқат тобы- Термин сөздер құрастыру (Конституция, Конвенция, Бала құқығы, Мемлекет)
3) Заңгерлер тобы- Суретке қарап қандай құқық бұзушылықтың орын алғанын анықтау (өмір сүру құқығы, біреудің тұрғын үй мүлкіне қол сұғу құқығы)
4) Бейбітшілік тобы- Суретке қарап қандай құқық бұзушылықтың орын алғанын анықтау (демалыс, бос уақыт, мәдени өмір құқығы, отбасында өмір сүру және даму құқығы)
5) Парасат тобы- Ертегілер (Алтын сақа, Кер құла атты Кендебай)
6) Азамат тобы-Ертегілер (Тазша бала, Ұр тоқпақ)
7) Ата Заң тобы- «Темірланның хаты»
8) Шындық тобы- Сурет салу (1,2) тақырып
9) Заң қорғаушылар тобы- Сурет салу(3,4) тақырып
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
1 – маусымБалаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қарашаБалалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсанАдам құқығы күні
Бала дүниеге келгеннен бастап, өзінің құқықтарына ие болады, ал сіздер білесіздер ме , ол қандай құқықтар?
1) Әділет тобы- Сіздер өз құқықтарыңызды білесіздер ме? (Постер қорғау)
1. Бала деген кім? 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша 16 жастан бастап азамат жеке куәлік алады.
2. Өмір сүру және даму. Әрбір бала өмір сүруге құқұғына ие, және Мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Есім мен азаматтық. Сендердің есімдерін бар ма? Оның бар екенін қайдан білесіңдер?Ол қай жерде жазылған?(туу туралы куәлікте), сонымен қатар ол жерде сендердің ата-аналырыңның аты-жөні және азаматтықтарын жазылған. Жарайсыңдар балалар. Сендер бір біріңнің аттарыңды сыпайы және жылы атадыңдар . Әрине адамды дөрекі сөзбен атау, адамға жалған ат қою. Бұл сіздің есім алу құқықтың бұзылуы.
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай-ақ азаматтық алуға, және мүмкіндігі барынша, өз ата-анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
4. Ата-анасымен бірге тұруға құқылы.
5. Кез келген елден шығып өз еліне келуге құқылы.
6. Баланың көзқарасы. Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лазым.
7. Пікір айту еркіндігі. Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
8. Ой, ар-намыс және дін бостандығы. Ата-ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар-ұяты мен дінін құрметтуге міндетті.
9. Мүгедек балалар. Мүгедек бала еркіндігі, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.
10. Денсаулық сақтау. Бала нақты түрде қамтамасыз етілген, ең жоғарғы стандрттарға сай медициналық көмек алуға құқылы.
11. Білім алу. Бала міндетті түрде алғашқы тегін білім алуға құқылы.
12. Сен өз мәдениетінді және туған тілінді пайдалануға құқылысын.
13. Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір. Сіз бос уақыт пен демалуға және ойын-сауық пен мәдени ойындарға қатысуға құқылысыз.
14. 15 жасқа толмаған кез келген бала қарулы күштер қатарына қызметке шақырылмауы керек.
Ия бұның бәрі заң, заң ол қоғам, қоғам деп отырғанымыз мына біздер.
2) Ақиқат тобы- Термин сөздер құрастыру (Конституция, Конвенция, Бала құқығы, Мемлекет, Құқық)
Нокевниця - Конвенция
тлммееек – Мемлекет
ұқққы – Құқық
аБал ғыұқық – Бала құқығы
утояинцстиК-Конституция
Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
•Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? /30 тамыз/
•Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/
•Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады.
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.
Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар.
Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды.
Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.
3) Заңгерлер тобы- Суретке қарап қандай құқық бұзушылықтың орын алғанын анықтау (өмір сүру құқығы, біреудің тұрғын үйге қол сұғу құқығы)
(өмір сүру құқығы)
(біреудің тұрғын үйге қол сұғу құқығы)
4) Бейбітшілік тобы- Суретке қарап қандай құқық бұзушылықтың орын алғанын анықтау (демалыс, бос уақыт, мәдени өмір құқығы, отбасында өмір сүру және даму құқығы)
(Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір құқығы)
(отбасында өмір сүру және даму құқығы)
5) Парасат тобы- Ертегілер (Алтын сақа, Кер құла атты Кендебай)
1.«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда қандай құқық көрсетілген? Баланың құқығы бұзылды ма? (Ия, 37 бап азаптау және бас бостандығынан айыру)
2. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата-анасынан айырып алған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай құқығымызды көрсетесіңдер? Бала құқығы бұзылды ма? (Ия, Конституцияның 18 бабы,Конвенцияның)
6) Азамат тобы-Ертегілер (Тазша бала, Ұр тоқпақ)
1. «Тазша бала» ертегісінде хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен қырық «өтірік әңгіме» айтып, өлең құрастырып халқын, ханын риза қылды. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар? Бала құқығы бұзылды ма? (Жоқ, 20 бап,Конвенция 13 бап)
2. «Ұр-тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын», «Құс, есегін» Ұр тоқпақтың көмегімен қайтарып алады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар? Бала құқығы бұзылды ма? (Ия, Конституция17 бап, Конвенция 2 бап)
7) Ата Заң тобы- «Темірланның хаты»
- Сонымен қатар елімізде бала құқығының сақталмауы, яғни бұзылуына байланысты келеңсіз оқиғаларда кездеседі. Солардың бірімен танысайық.
«Темірланның хаты»
«Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция!
Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз. Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру». Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ. Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін. Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Темірлан....»
- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің?
- Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
- Өздеріңмен қатар Темірлан атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
8) Шындық тобы- Сурет салу Сіздердің алдарыңызда ватман тұр, сіздерге мәтін беріледі, ол жерде не жазылғанын айтпайсыздар, сурет саласыздар, басқа топтар ол тексте не жазылғаны туралы суреттен анықтау керек.
1сурет:
Мен өмір сүруге, мектепке баруға;
Мен есім мен азаматтық алуға;
Менің өз кітабымды алып,оны оқуға құқығым бар;
2 сурет:
Мен қыста сырғанауға, ойнауға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын;
Мен демалуға құқықтымын;
Мен басқаларды ренжітпей, тек жақсылық істеуге құқықтымын;
9) Заң қорғаушылар тобы- Сурет салу Сіздердің алдарыңызда ватман тұр, сіздерге мәтін беріледі, ол жерде не жазылғанын айтпайсыздар, сурет саласыздар, басқа топтар ол тексте не жазылғаны туралы суреттен анықтау керек.
1сурет:
Мен ауырып қалсам, дәрігер шақыруға, емханада жатып емделуге құқығым бар;
Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар;
Ата-анасымен бірге тұруға құқығым бар;
2 сурет:
Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға, серуендеуге құқығым бар;
Туыстарыма қыдыруға құқығым бар;
Кез келген елден шығып өз еліне келуге құқығым бар;
Шайхин Айдар Турсынбаевич
Дана халқымыз «білегі мықты бірді жығады, білімі иықты мыңды жығады» деп айтқандай, мектеп қабырғасындағы білімді ұрпақ – ел – тірегі сіздерсіздер. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда» деген аталық сезімін ақтай біліңіздер.Үлгі бізге аталардың ерлігі,Ұлағаты, өнегелі еңбегі.Тәуелсіздік туын ұстап жоғарыБүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі!
Рефлексия.