Саба?ты? та?ырыбы: А?аш с?регіні? ?асиеті, ??рылымы ж?не кемшіліктері 6 сынып


Сабақтың тақырыбы: Ағаш сүрегінің қасиеті, құрылымы және кемшіліктері
Сабақтың мақсаты: Ағаш сүрегінің қасиеті, құрылымы және кемшіліктерімен таныстыру.
Ағаш сүрегінің кемшіліктері кезінде ой – өрісін кеңейту.
Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ағаш материалдары және суреттер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, көрсету
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, түгендеу.
2.Үй тапсырмасын сұрау:
А)Ағашты қолдануға қашан дайындайды?
Ә)Ағаш материалдары өңделуіне қарай қаншаға бөлінеді?
Б)Сырғауыл, бөрене,дөңбек, кеспелтек дегеніміз не?
Мақсат қою: Ағаш сүрегінің қасиеттері мен құрылымы және кемшіліктері жайында түсіндіріп өтемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Ағаштың табиғи және механикалық қасиеті бар. Ағаштың табиғи қасиетіне оның қоршаған ортамен өзара әрекетесуі. Табиғи қасиетіне оның түсі, жылтырлығы, текстурасы, ылғылдылығы жатады. Ағаштың түсі оның жасымен өсу ортасына байланысты.
Тұқымы әртүрлі ағаштар ақтан бастап қара түске дейін болады. Ағаштың жылтырлығы оның тығыздығы, өзегінің өлшемі, көлемі мен орналасуына байланысты. Шамшат, үйеңкі, емен ағаштары жылтырлығымен ерекшеленеді. Текстура деп тілінген ағаш сүрегінің бетіндегі суретті айтады, әр ағашта әр қилы болады.
Сүректің ылғалдылығы оның құрамында судың барын білдіреді. Жаңа шабылған ағаштың ылғалдылығы жоғары болады. Ондай ағаштар нашар өңделеді, тез шіриді. Ағаштың механикалық қасиетіне оның сыртқы күштерге қарсы тұра алуы: беріктігі, қаттылығы және басқасы жатады.
Ағаштың беріктігі күш түскенде бұзылмауы, ағаш тұқымына, тығыздығына, ылғалдылығына байланысты болады.
Ағаштың қаттылығы оған аса қатты денелердің енуіне қарсы тұру мүмкіндігі.
Ағаштың кемшіліктері деп сапасын төмендетуші және қолдану мүмкіншіліктерін шектеуі. Ағаштың кемшіліктерін топтарға бөлуге болады.
Бұтақтар олар діңінің шыбық түбірінен өсіп шығады.
Жарықтар ағаштың шамадан тыс кебуі және аязда, ағаш қыртысының тегіс жабылмауынан болады.
Түсінігін тексеру:
Ағаштың қанша қасиеті бар?
Табиғи қасиетіне нелер жатады?
Ағаштың беріктігі және қаттылығы дегеніміз не?
Сабақты бекіту: Ағаш сүрегінің қасиеті және құрылымы мен кемшіліктерін білу.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Жазған конспектіі оқып келу.