Екінші с?билер тобына сурет салу п?ніне арнал?ан саба? жоспары. Ты?ырыбы: Ана?а ал?а


Күні:
І.Білім беру саласы-Шығармашылық
ІІ.Бөлім-Сурет салу
Тақырыбы: «Анаға алқа»
Мақсаты: «моншақтарды тіземіз «деген ойын арқылы моншақтың суретін салуға үйрету.
Міндетті:Балаларға алқа туралы жалпы түсінік беру.
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнеки-құралдар:үлгі суреті, ақ қағаз,қылқалам.
Ұйымдастыру кезеңі: топпен,жеке.
Әдіс-тәсіл:әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
І.Мотивация -Балалар шеңберге тұрып амандасайық!
-Қайырлы таң –Аспан –Ата
-Қайырлы таң-Жер-Ата
-Қайырлы таң-достарым
-Сендерді көрсем қуанамын!
ІІ.Ізденіс-ұйымдастыру -Балалар бізге қонаққа Тоғжан келді!Сәлеметсіңбе Тоғжан!
Тоғжан:-Сәлеметсіздерме балалар,менің анам өз алқасын жоғалтып жүр,сендер оны көргенжоқсындарма?Оны менің анама берген енді не істеймын?
Тәрбиеші:-Балалар Тоғжанға көмектесейік!Анасына моншақ салып берейік!
-Тамаша!
Сергіту сәті:
Қоян шықты далаға
Жан-жаққа қарады
Секіріп,жүгірді,
Орына кеп отырды.
Тоғжан:-Бәрекелді балалар!
Дидактикалық ойын:
«Отбасы мүшелерін ата» Балалар Тоғжанмен амандасты.
-Иә салып береміз!
Балалар сурет салып отырды.
Балалар тұрып сергіту сәтін жасады.
Балалар дидактикалық ойын ойнады. ІІІ.Рефлексия -Балалар бізге кім келді?Сендерге ұнадыма? Біз не салдық?
Тамаша! Жарайсындар! Өте әдемі болып шықты! -Бізге Тоғжан келді!Біз анасына моншақ салдық! Күтілетін нәтиже: Балалар моншақ салуға үйренді.