Ашы? саба? Геометриялы? пішіндер
Ескелді ауданы Сырымбет ауылы
«Айгөлек» балалар бақшасы
Тақырыбы: «Геометриялық фигуралар»
Тәрбиеші Б.А.Жанталинова2017ж
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндер мен таныстыру. Пішіндердің мағынасын түсіндіріп оларды бір−бірінен ажырата білуге үйрету.
Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату.
Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігіненталдау жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Әдіс−тәсілдері: Сұрақ−жауап, көрініс, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.
Қажетті−құрал жабдықтар: Магнитті тақта, геометриялық пішіндер.Теледидар . Сандар иаңбасы
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, дене шыңықтыру, математика, семсорлық тәрбие.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбер.
Қуанамын менде,
Қуанасын сенде
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде математика сабағы. Өткен жолы геометриялық пішіндермен таныстық.
Бәрін қайталау сабағы.( Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты, теледидардан бауырсақтын суретін көрсету).
Бауырсақ сөзін тәрбиеші оқып беремін.
Менің атым бауырсақ.
Қаймаққа иледі, майға пісірді.
Мен атадан, әжеден кеттім.
Тыңдамадым атамдыТыңдамадым әжемді
Үйімді мен сағындым
Көмектесші балақай.
Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?
Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
− Сары.
Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?
−Дөңгелек.
Тәрбиеші: Балалар бауырсақтын тұратын үйі жоқ екен,біз оған көмектесейік. Мынау геометриялық пішіндер.
Балалар мынау қандай пішіндер, сендер білесіңдер ме?
Балалар: Төртбұрыш ( оның төрт бұрышы бар).
Балалар мынау үшбұрыш ( оның үш бұрышы бар).
Мынау шеңбер (ол домалақ болады)
Балалар бауырсақтын үйін құрастыруға көмектеседі.
Балалар бауырсақ сендерге көп−көп рахмет айтады . Менің енді үйім болатын болды деп қуанады.
Тәрбиеші: Бауырсақ кеткен сияқты еді ғой. Ненің даусы шығып жатыр.
( Теледидардан аю келеді музыка ойналады).
Балалар аюда достары жоқ екен онымен ешкім дос болғысы келмейді екен . Балалар онда біз аю мен ойын ойнайық. Аюдын алдында бір неше пішіндер бар екен,сол пішіндердің түстерін атайық,және көлемдерімен ажыратайық. Балалар тағы не көріп отырсындар аюдын алдында
Доп.
Дұрыс балалар,олай болса біз сондай доптармен ойын ойнайық.
Ойынның шарты былай; Доптарды қораптың ішіне шашып. Үлкен допты үлкен қорапқа, кіші допты кіші қорапқа жинау.
Балалар бауырсақ бізге тапсырма беріп жіберіпті.
Мына пішіндерді боя.
Балалар мына геометриялық пішіндерді піз әдемілеп бояуымыз керек екен.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тұңығып алайық.
Балалар қане біз пішіндер туралы тақпақтар айтып берейік.
Аманжол: Төртбұрышты қолданып,
Ұшбұрыш қолданып
Көрпешені жасаймын
Әдемісін ішінен
Қуыршаққа сыйлаймын.
Аблай: Ойыншақтар қандай, қандай
Қызыл, жасыл, сары, қоңыр.
Түрлі – түсті түстері
Көз тартады өздері.
Алинұр: Мен бақшаға келемін
Күнде қалмай жүремін
Пішіндерді үйреніп
Мен сабақтан қалмаймын.
Бекіту: − Балалар бүгін біз сабақта біз не істедік ?
Қортындылау: (балалардың сабақтан қанағаттандыруын біліп тану, алған әсерін түсі арқылы білдіру). Музыкалық әуенмен тақтадағы сары күн мен қара көк бұлттардан балалардың көңіл − күйін білдіретін таңдатып қонақтарға сыйлықтар беру.