АШЫ? САБА? ?р т?рлі геометриялы? пішіндер.


«№7 орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығы» КММ
АШЫҚ САБАҚ


Тәрбиеші: Валиева М.У.
2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі геометриялық пішіндер.
Сабақтың мақсаты: өткен материалды қайталау: 1-ден 10-ға дейін реттік және есептік санау, геометриялық фигуралардың атауы, заттардың қасиеті мен заттарды топтарға бөлу білімдерін тиянақтау,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: ауызша жұмыс, қайталау, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: суреттер, цифрлар фигуралар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Балалардың көңілін сабаққа аудару: Бір, екі,үш, сыныптың іші тып-тыныш,сабағымызды бастаймыз.
2.Ауызша санау,1-ден 10-ға дейін тура санау, кері санау. Балалар тура және кері тәртіппен 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тез, әрі сенімді түрде санауды үйренгені маңызды, яғни алғашқы 10 натурал санның ретін мықты меңгеруі тиіс. «1-ден 10-ға дейін сана. Кері тәртіппен сана. 5- ке дейін қандай сан жүреді? 5-тен кейін қандай сан? 4-тен кейін тұратын 3 санды ата, енді 4 санды ата. 6 мен 8, 5 пен 7 сандары арасында қандай сан жоғын тап және кері бағытта: 7 меіт 5, 8 бен 6. 7-нің қасында тұратын сандарды ата. Олардың арасында 1 санды қалдырып, 2 санды ата. Олардың арасында 1 санды қалдырып, 3 (4) санды ата.
3.Ойын: «Әрі қарай сана», «Кім білсе, әрі қарай санасын» ойыны өткізіледі. Балалар шеңбер құра отырып, доп, ойыншық лақтыру арқылы шақырса, мұндай жаттығуларға қызығушылық арта түседі.
4.Қайталау.
Бір сан көрсету, ал балалар оның кіші екі саннан тұратын түрлі құрамын айтады. Содан кейін қай жағдай жетпейтіні талдау.
178090235816Сергіту сәті.
№1 тапсырма. Балалар үш бұрышмен және төрт бұрышпен не істеп жатқанын айтыңдар. Мұны цифрлар мен таңбалардың көмегімен қалай жазды?
№2 тапсырма. Саны 5-тен 6-га дейін жететін шеңбер, шаршы, кесінді, үшбұрыштар салынған. Кестеде салынған фигураларды атаңдар. Қай фигуралар саны тең? Қайсысы артық кем? Қай түсті фигуралардың саны теңдей?
№4 тапсырма. Торкөз қағазда жолақтар (тіктөртбұрыштар) және басқа фигуралар берілген. Фигуралар неше бұрыштан тұратынын санау керек. Фигураны тиісті түспен бояу.
7.Қорыту:Балалар өздеріне ең қатты ұнаған тапсырмаларды көрсетеді.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды.
Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.