?аза? тілі п?нінен ашы? саба? Ас — адамны? ар?ауы
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: « Ас – адамның арқауы »
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды қазақтың ұлттық тағам түрлерімен таныстыру, дастарханға тағам ұсынылу тәртібі туралы мағлұмат беру. Қазақ халқының асқа арналған мақал-мәтелдерімен таныстыру, асқа арналған ырымдар мен тыйымдарымен таныстыру, жаттығу жұмыстары арқылы сауаттылыққа баулу.
2. Дамытушылық: оқушылардың теориялық және тілдік дүниетанымдарын кеңейту қисынды ойлау сезімін ояту, логикалық ойлау жүйесін ұшқырлы болуына баулу.
3. Түзету (коррекциялық): оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қызметтерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
4. Сабақтың тәрбиелік мәні: тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, зейін, өз бетімен жұмыс істей білуге дағдыландыру, сөздік қорын байыту.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих,әдебиет.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, бекіту сабақ, нәтиже сабақ, бақылау сабақ, аралас сабақ, жүйеге келтіру сабағы.
Сабақтың типі: дәстүрлі, дәстүрлі емес.
Сабақта пайдаланатын әдістер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ –жауап, талдау, топтық, жұптық, жеке оқушылармен жұмыс, тест, диктант, сөздікпен жұмыс.
Сабақта пайланатын көрнекіліктер: проектор, «Қазақтың дарқан дастарханы» кітабынан суреттер, ребустар, карточкалар,бейнематериал ,кітап көрмесі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығын, оқушылардың дайындығын бақылау, оқушылардың көңіл күйін ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық: Аспанға қарап ай көрдік ,
Төменге қарап жер көрдік,
Оңға , солға бұрылып ,
Егеменді ел көрдік.
Сабақтың барысы: I. Қазақтың ұлттық тағам түрлерінен мағлұмат.
II. Жағдаяттық тақырыптар бойынша сұхбат құру.
III. Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. (Фразеологизмдер)
IV.Санаулы сөз салмақты. (Мақал-мәтелдер)
V. Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары.
VI. Ыдыс – аяқ туралы жұмбақтар.
VII.Толықтырып жазу
VIII. Сұрақтар
IX. Қорытындылау.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1732280575945+С
+С
518160561975Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбын ребус шешу арқылы білетін боламыз.
‘‘‘
23622001019810+ы
+ы
962025181610+ның
+ның
‘ ’’’
Жақсы біз сабақтың тақырыбын таптық. Ал, сендер «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесіңдер. Өз ойларыңды ортаға салыңдар.
ІІ. Жаңа сабақ тақырыбы: «Ас – адамның арқауы»
Осы тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін құраңдар.
1. Жаңа сөздермен жұмыс: (оқушылар сөздерді тыңдап, мұғалімнің артынан қайталайды. )
Тәбет – аппетит
Мәдениетті – культурный
Кепіл- гарантия
Қанағат – удовлетворение
Қомағайлық-обжорство
Күнә-грех
Зиян –вред
Санау- считать
2 –тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңдер. Мәтінге ат қойыңдар. Л.Толстой мен Сократтың тамақ ішу туралы айтқан сөздерін қалай түсінесіңдер?
Мұғалім: Келесі кезекті қазақтың ұлттық тағам түрлеріне берейік.
I. Қазақтың ұлттық тағам түрлерінен мағлұмат. (оқушылар тағамдардың суреттерін алып шығып, өздері алдын ала дайындаған мағлұматтарын ортаға шығып оқиды )
1- оқушы: Бесбармак – аудармасы қазақтың 5 саусақ сөзінің мағынасын береді. Бұл тағамды қой, сиыр және жылқы етінен дайындайды. Алдын –ала дайындалған, жуылған кесек еттерді қазан немесе кастрюльдегі суық суға салып, қайнағанға дейін күтеді. Қайнағаннан кейін отын азайтып, көбігін алады және дайын болғанға дейін жай отта қайнатады. Піскенге 30-40 минут қалғанда сорпаға тұз, лавр жапырағын, бір бас пияз, ұсақталмаған қара бұрыш қосады.
2- оқушы: Қазы. Қазақтардың ет даярлаудағы ең әйгілі ұлттық ерекшелікке ие тәсілдерінің бірі — қазы аудару. Жылқының ішегін жуып-тазартып, оған бір-бірлеп тілінген, әрі тұздалып, бұрыш сияқты дәмдендіргіштер қосылған жылқы қабырғасын майымен тығып, содан соң ішектің екі ұшын мықтап байлап арысқа асып кептіреді. Шамамен бір айда қазы мейіздей болып кебеді. Басқа ірі қараның етінен жасалғаны шұжық деп аталады.
3- оқушы: Шұжық –дайындалған етті тұздап, 1-2 күн салқын жерде сақтайды. Шекті жуып, аздап тұзды суға салып қояды. Содан кейін ет пен майды ұсақтап турап, араластырады. Сарымсақ, тұз , бұрыш қосып жақсылап араластырады. Осылай дайындалған етті шекке салып, ұшын жіппен бекітіп, 3-4 сағатқа салқын жерге іліп қояды.
4- оқушы: Қарта – жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Жылқы сойғанда ең алдымен картаны ішіндегісінен босатып, айналдырады да, салқын суға жуып тазалайды. Содан кейін оның ішіне майлы еттерді тығады. Етті дәміне келтіру үшін тұздайды, бұрыш сеуіп, пияз турап қосады. Қарталы айналдырып болған соң ішектің екі ұшын істікпен түйрел, жіппен қосақтал байлайды. Бұдан соң ыстан сүрлеуге арналған қарталы бойына тұзын сіңіріп, салқын жерге (2—4 градус) 1—2 күн қояды. Қартаны 12—18 сағат бойы 50° жылылықта ұстап, түтінге ыстайды. Содан кейін 12—15° температурада 2—3 күн сақтап кептіреді. Қарталы пісіру үшін салқын суға жуып, қазандағы 30—35° жылы суға салып, отты баяула-тып әбден піскенше 1,5—2 сағат қайнатады. Қартаны асқан етке қосып береді.
5- оқушы: Бауырсақ- қамырының барлық түрлері ашытқымен ашытылады. Дайын қамырды бөліп, 3-3,5 см ұзындықта кесіп, 15-20 минут тындырады. Содан соң қайнап тұрған майда қуырады. Қамыр илеуге: 3 кесе ұн, 10 г ашытқы, 0,6 ксе су, 0,7 кесе сүт, 2 жұмыртқа, 30г маргарин, 1 шай қасық тұз, 1 ас қасық қант қосылады.
6- оқушы: Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.
Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%BB%D0%B5%D2%A3" \o "Өлең" өлеңдерде, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB-%D0%BC%D3%99%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D1%80" \o "Мақал-мәтелдер" мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D2%AF%D0%BD%D3%99&action=edit&redlink=1" \o "Күнә (мұндай бет жоқ)" күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%BE%D1%80%D1%81%D1%8B%D2%9B" \o "Торсық" торсық және HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%B1%D0%B0" \o "Саба" сабада дайындаған.
(Оқушылар қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстырғаннан кейін, бір мезетте есік тарсылы естіліп, пошташы кіріп келеді. Ол мұғалімнің қолына хатты ұстатады. Хатта жағдаяттық тақырыптар бойынша сұхбат құру керек.)
II. Жағдаяттық тақырыптар бойынша сұхбат құру.
1.Сіздің үйіңізге құрметті қонақтар келіп қалды? Сіз қандай табақ тартасыз (мүшелер)?
2. Сізге шетелден жолдасыңыз келіп, қазақтың ұлттық сусынын сұрады. Сіз нені ұсынар едіңіз?
3. Қазақтың ұлттық нан тағамдарын дйындаудан байқау болады. Сіз байқауға қатысушы ретінде қандай нан тағамын ұсынар едіңіз.
Мұғалім: «Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді» демекші қазір біз фразеологизмдердің орыс тіліндегі баламасын табамыз. (слайдта бірінші бағанда қазақ тілінде фразеологизмдер беріледі, ал екінші бағанда орыс тілінде балаламасы беріледі. Оларды дұрыс қойып, айту керек.)
III. Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. (Фразеологизмдер)
Аз сөйлеу – ақылдылықтың белгісі,
Көп сөйлеу – көк мылжыңның әдеті.
Ә.Нұршайықов.
1. Көппен көрген – ұлы той. – на миру (с людьми) и смерть красна.
2. Әркім - сыйласқанның құлы. – Как аукнется, так и откликнется.
3. Ит иесіне тартады. - Каков поп- таков и приход.
4. Өмір озар, ажар тозар. - Красота не навек дается.
5. Әзір асқа – тік қасық. – На готовое - всегда готов.
6. Ақшалы болса, ақымақ та төре. - Кто при деньгах – тот в почете.
7. Ебін тапқан – екі асайды. – Кто смел, тот два съел
8. Жаздың бір күні- жылға азық. – Летний день – год кормит.
9. Аузынан ана сүті кеппеген. - Молоко на губах не обсохло.
10. Кигені -жібек, жегені- кебек. – На брюхе шелк – а в брюхе-щелк.
IV.Санаулы сөз салмақты. (Мақал-мәтелдер)
Ас тұрған үйде ауру тұрмайды.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала аш болам деп ойламайды.
Арпа, бидай –ас екен, алтын, күміс- тас екен.
Ет –етке, сорпа- бетке.
Сиыр сауып ішсең, мың күндік,
Сойып жесең, бір күндік.
Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
Айран ішкен құтылады,
Шелек жалаған тұтылады.
Жылқы етін жесең тісіңе кіреді,
Жемесең түсіңе кіреді.
V. Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары.
Дастарқан басында сақталатын ырым – тыйымдар.
1. Ас жүрген жер – береке. 2. Дастарқанға бірінші нанды әкеліп қояды. 3. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 4. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. 5. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды. 6. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бұл жүзің сынып, көңілің жаман болсын дегенді аңғартады. 7. Ас ішіп болған соң « тойдым » деуге болмайды, « қанағат » деу керек. 8. Дастарқаннан аттауға болмайды. 9.Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің. 10.Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама. 11.Өле жегенше, ағайынмен бөле же. 12.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек. 13. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды. 14. Қол жумай тамақты жемейді.
VI. Толықтырып жазыңдар
242506520955
7362831816104004945173990
1882140184785Бидай
Бидай
2358390127000
22118654238600
349186514478000653415163830002110740163830Сүт
00Сүт
22885401841500
VII. Ыдыс – аяқ туралы жұмбақтар. (оқушылар жұмбақтарды шешеді)
1. Төңкерсең күмбез сынды,
Шалқайтсаң құдық сынды.
Жиегінде қос құлағы бар,
Тік көтерген үш бұтағы бар. ( Қазан )
2. Иінінде құлағы, Ішінде бұлағы.
Көмейіне от салсаң, Ызыңдап тұрады. ( Самауыр )
3. Отқа қойсаң елпілдеп,
Быж – быж етіп тұншығар.
Тақиясы селкілдеп,
Танауынан су шығар. ( Шәйнек )
4. Басы құдық – Сабы сырық. ( Ожау )
5. Сабы бар, басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп Құдыққа тасып жатыр. ( Қасық )
6. Өткір жүзді келеді, Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі, Ұсақтап та турар ол. ( Пышақ )
7. Шеңберлі есігі бар, жүздеген тесігі бар.
Ішіне кіргендердің, ұсағы жол табады,
Ірісі тор қабады. ( Елеуіш )
8. Мөлдір түрі, шеңбер түрі.
Аузы тарлау, шыны күбі. ( Құмыра )
9. Балшықтан істеген ыдыс не? / Қымыра /
10.Күбіге құйып піскен не? / Қымыз /
VIII. Сұрақтар (оқушылар сұрақтарға жауап береді)
1. Ірімшік неден дайындалады?
2. Айран ненің сүтінен дайындалады?
3. Сары май қай мезгілде жиналады?
4. Қымыз ненің сүтінен дайындалады?
5. Шұбат ненің сүтінен дайындалады?
6. Наурыз көженің құрамын ата.
IX. Қорытынды. Тамақтану - адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілігі. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш – қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Өткен кезеңнің данышпан адамдары: «Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз » деген екен. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз – аздан әр түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үнемі жұмыс атқарады, сондықтан уақтылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады. Үй жұмысы: қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын және жаңа сөздерді жаттау.