Математика «?арыш ?леміне саяхат»


Пән Сауат ашу Даярлық тобы Күні: 17.01.17
Тақырыбы Ғарыш әлеміне саяхат     
Мақсаты дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту,ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту
Күтілетін нәтиже дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата біледі, ғарыш туралы толық меңгереді,топпен жұмыс істеп үйренеді
Сабақ кезендері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар, дерек көздер
1.Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Тренинг өткізу
Топтастыру
Топқа бөлу
-Балалардың көңіл-күйлерін анықтау үшін стикерлер тарату. «Шаттық шеңбер»
Мына сұлу әлемде
Адам өмір сүреді
Үлкен менен кішіге
Күн сәулесін төгеді
Амандасу
Оқушылар ай және жұлдыздар болып екі топқа бөлінеді.
-Оқушылар өз көңіл күйлерін стикерлерді көңілді және көңілсіз смайликтерге жапсыру арқылы білдіреді. Ай, жұлдызша
Смайлик, стикер
1.Қызығушылығын ояту
ІІ.Сабақтың ортасы.
2.Мағынаны тану
3.Тапсырмалармен жұмыс
Жеке оқушымен жұмыс
Сергіту сәті
Топпен жұмыс -Аспанда нелер болады, балалар? Нелер ұшады?
– Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет?
-Зымыранмен кімдер ұшады?
-Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз?
– Ең алғашқы ғарышкер  кім деп ойлайсыңдар? – Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер –
Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар – ержүрек, батыр, халыққаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіптіүлкен азамат болуымыз керек.
Ал балалар  ғарышкерлер туралы тақпақ білесіңдер ме?
– Сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?– Олай болса, біздер бүгінгі ғарыш әлеміне саяхат жасайық
Ол үшін жұмбақтар шешіп алайық.
Қызықты тапсырмалар
орындаймыз, яғни ғарышкерлер боламыз.
1-ші планетамыз  Венера
Балалар стрелка арқылы планетаға келіп  жетеді.
Тәрбиеші: -балалар  бізге хат қалдырып кетіпті. Хаттағы тапсырманы оқиық.
Тапсырма : Сөздер мен дыбыстарДыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар жуан , жіңішке болады.
Ана деген сөзге дыбыстық талдау жасау.
2.Планета «Сатурн»
Тапсырма : Буын неден тұрады? 
Тапсырмалар бойынша буынға бөліп  оқыту.
– Балалар, жұлдыздар қандай тамаша! Жарқырап тұр. Сендерге ұнай ма?
Ендеше көңілімізді бір көтеріп бір сергіту жаттығуларын жасап алайық
Апам үшін күнде мен
Отынға ағаш жарамын
Су құямын гулге
Дүкенге де барамын
Сыпырамын үй ішін
Жуам аяқ-табақты
Жылай қалса бөпешім
Жұбатамын ойнатып
3.Планета: Юпитер Ойын : «Сөз ойла, тез ойла»
Сурет бойынша әнгіме құрастыру
Планеталар  болады  (ғаламшарлар)
Зымыран, ұшақ, тікұшақ үшады.
– Зымыран әлемдегі ғаламшарларды зерттеу үшін қажет.
– Зымыранмен ғарышкерлер  ұшады.
– Зымыран ұшатын орынды – Байқоныр.
Ю.А. Гагарин
Тоқтар Әубәкіров пен
Талғат Мұсабаев

 
Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып тақпақ айтады.
-Иә, ұшқымыз келеді.
Самұрық құс самғады,Көктен өтіп.Айға жетіп,Жеңілдеді салмағы.      
 (Ғарыш кемесі)Аспанда бір алып құс,Ызғып ұшып барады.Қарап тұрсақ ғажайып,Соңында із қалады.      
(Зымыран)Құстан аумайды,Көкте зулайды.       
( Ұшақ)
Дыбысты біз естимыз, әріпті жазамыз,  көреміз, оқимыз.
Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.
Ана деген сөзде үш дыбыс бар.
Бірінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Екінші дыбыс Н – дауыссыз дыбыс.
Үшінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Барлығы үш дыбыс бар.
Бір дауыссыз, екі дауысты дыбыс.
Буын  дыбыстардан тұрады.
Балалар берілген сөздерді буынға бөліп айтады.
Ба-ла,жа-ға,да-ла, па-па, қа-ра
Оқушылар сергіп көңілденеді, әр түрлі қимылдар жасайды.
А,Б,Ғ,С,Қ,Т,Р,П,М
Оқушылар берілген суреттерге қарай отырып, сөйлемдерді жұппен құрастырады. Әңгімелесу
Слайд көрсету
АКТ-мен жұмыс
Хат салынған конверт
Үлестірмелі парақша
Сабақтың соңы
3.Ой толғаныс 4 Планета:МарсОй, балалар  марс планетасынада келіп жеттік. Робот  қонаққа келеді.
Робот: Сәлеметсіздерме, балалар! Ғаламшарды аралап жүрмін.
Міне, Марсқа да келіп жеттім. Мен жай жүрген  жоқпын.
Марсты зерттеп жүрмін. Балалар мен сендердің білімдерінді тексергім келіп тұр.
-Сендер қай планетадан келдіңдер?
-Өз әлемдерін жайлы не білесіңдер?
Робот: Балалар сендер қандай білімді, тапқыр балалар  екенсіңдер. Мен сендерге, жай сыйлық емес,сиқырлы сыйлық беремін.
(Робот сыйлық үлестіреді)
-Сау болыңдар балалар! -Жер әлемі планетасынан келдік.
-Біз сізге тақпақтар, айтып береміз. Робот, сыйлықтар
Кері байланыс -Ал, балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Сабақты түсіндіңдер ме?
-Олай болса, берілген стикерлерді манағы көңілді және көңілсіз смайликтерге жапсырыңдар. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
-Оқушылар өз көңіл-күйлеріне байланысты қолдарындағы стикерлерді смайликтерге жапсырады. Смайлик, стикерлер
Сабаққа өзіндік талдау Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік негізгі мектебі КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қарыш әлеміне саяхат»
Пәні: сауат ашу
Сыныбы: даярлық тобы
Өткізген: Сыздықова Бақыт Қапарбекқызы