Разработка по начальном классу ?арыш ?леміне саяхат 1-класс


Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»Мақсаты: ғарыш әлемі туралы білім беру, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын байытуын, тілдерін дамыту. Берілген сұраққа толық, нақты жауап беруге тәрбиелеу.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі.Жылулық шеңбері.Аспанға қарап ай көрдім,Төмен қарап жер көрдім.Оңға, солға бұрылып,Егеменді ел көрдім!ҰранымызҰшамыз алға, Қапы қалма!Ойымыз биікте, Жетеміз көкке!(Есік қағылып, хат тасушы хат әкеліп береді)Балалар, қараңдаршы бізге хат жіберіпті, қане оқып көрейін ішінде не жазылған екен?Міне, қызық хаттың ішінде жұмбақтар бар екен, жұмбақтың жауабын тауып көреміз бе?(Балалардың жауабы)Таңмен көзін ашады,Әлемге нұрын шашады.(Күн)Күндіз бәрі қашады,Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)Ұшады қанатсызЗырлайды аяқсыз (Зымыран)Көлде жүрген ақ үйрек,Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)Жарайсыңдар балалар!Олай болса балалар зымыран, күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасады? Аспан әлемінде. Ғарышқа автокөлік бара алмайды.- Онда немен барамыз?Олай болса аспан әлеміне бару үшін біз көлік дайындауымыз керек.Балалар қазір біз геометриялық пішіндерден зымыран құрастырамыз.(зымыран құрастыру)Көлігіміз дайын. Енді ғарыш әлеміне ұшуға дайындалайық.Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар. Міне ұштық.- Ұшып келеміз, міне бір планетаға да жақындап қалдық. Әр планетада тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды жақсы етіп орындауымыз керек.- Біз «Сиқырлы ағаш» планетасына келдік.- Ағаштағы алма, алмұрттың қанша екенін санайық.- Қанша алма?- Қанша алмұрт?(Балалар санайды, 5 алма, 5 алмұрт)Осылайша барлық алма мен алмұрттың сырын ашады. Ұшуды одан әрі жалғастырады.Келесі планета «Таңғажайып табиғат» планетасына келеді. Бұл планетаның табиғаты біздің жердің табиғатынан өзгеше екен. Сондықтан бізге мынадай тапсырма беріпті. Планеталар біздің жеріміздегі жәндіктер мен балықтың қайда орналасқанын біле алмай өзара айтысады екен. Сондықтан біз оларға көмектесейік. Жылжымалы суреттерді өз орындарына орналастырайық.(балықты суға, көбелекті гүлге, бақаны суға, тасбақаны жерге)Ұшуды одан әрі жалғастырамыз.Қараңдар алдымызда жарқыраған үлкен планета көрінеді. Балалар қонуға дайындалыңдар