Экологиядан ашы? саба? ?арыш ?леміне саяхат


Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаты: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, ой-өрісін тапқырлығын дамыту.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамытуКөрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар, санауға арналған таяқшалар, үлестірме материалдар,ғарыш суреттері т.б.
Жылулық шеңбер: Алтын сәуле арайлы,
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Көктем ,жаз ,күз,қыс.
Көктем айлшарын атап айтыңдаршы? Наурыз,сәуір,мамырҚазір қандай ай? СәуірБалалар ғарышқа ұшқыларың келеме? Ендеше мына жұмбақтың шешеуін табуларың керек?
Ұшады қанатсыз Зырлайды аяқсыз (зымыран)
Балалар ғарышқа немен ұшады екен? ЗымыранменЗымыранмен ұшатын адамды қалай атаймыз? ҒарышкерҚазақстан ғарышкерден кімдерді білесіңдер? Талғат Мусабаев,Тоқтар ӘубакировБірінші ғарышқа кім ұшқан ? Юрии Гагарин
Қандай планеталарды білесіңдер? Юпитер ,Уран,Марс,Күн. ЖерҚане біз ұшу үшін санауымыз керек? Ағылшынша санайды1-планета Міне біз Юпитерге келдік қандай түсте?
Бізге мына тапсырманы орындамасақ Юпитер де қалып қаламыз орындаймыба?
Сиқырлы таяқшалар түстермен санаймыз ,таяқшаны бір бірден алып санайды ,суреттерге қарап сандарды орналастырады.
Тапсырманы орындадық енді ұшамыз Санаймыз тура санаймыз 2- планета Мына планета қалай аталады? Уранның тапсырмасы мынандай «Сандарды ретімен орналастыру»
Сергіту сәтіҚане балалар кейінгі планетаға ұшуға дайындаламыз ; кері санаймыз

3-планета Бұл планетамыз қалай аталады? Марс тапсырмасы пішіндерді салыстыруПішіндерді жоғары сол жаққа 5- үшбұрыш қоямыз; төмен оң жаққа4- дөңгелек қоямыз енді салыстырамыз,қай жақта көп,қай жақта аз нешеу жетпейді,тең болу үшін нешеу жетпейді?
Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар Енді біз жерге ұшуға дайындаламыз ол үшін Апта атаның жеті бірдей ұлы бар екен? Олардың аттары қалай атаймыз? Сосын ұшамыз4-планета Міне жерге де келдік қане санамақ ойынын ойнайықшы,кім санамақ біледі? «Сандар ретімен тұру?»дид.ойынСанамақтар айтады.
Балалар сендерге ғарышқа саяхат ұнады ма?
Қорытынды: Бірінші-қайда ұштық онда қандай тапсырма орындадық.
2ші- планетаны айтады .,3ші тапсырманы қайталап айтадыБалалар ғарыштан сендерге сыйлықтар әкеліпті,балалар сыйлықтарын алады рахмет айтады.