Ойын саба?. Химия ?леміне саяхат.8-9-10-сыныптар


Сабақтың тақырыбы:  Химия әлеміне саяхат
Пәні: Химия 
Сыныбы:  8-9-10 сыныптар
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
ә)дамытушылық: сұрақ тапсырмаларын, сөзжұмбақ шешу, есептер шығару, тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту.
б)тәрбиелік: білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс жарыс түрінде
Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір айту,
Сабақтың пән аралық байланысы: биология, география, математика
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, слайд шоу, басқатырғылар, қаламдар, жетондар
Сабақтың барысы:
1.Таныстыру 2.Ой жинақтау кезеңі (әр топқа 10 сұрақтан қойылады)3.Сөзжұмбақ шешу4.Есептер шығару
Жүргізуші:Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.
1)Уалиева Гүлшат – химия пәнінің мұғалімі
2) Бейсекеева Гүлмира-
Көңілді тапқыштар білімділерБар өнерін алдарыңа саладыКім білімді,көп оқыған болса егерБүгінгі күні жеңімпазы болады
Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырадыЖүргізуші:Білім деген биік шың,Бақытқа сені жеткізер.Білім деген ақылшың,Қиындықтан жеткізерЖастықтың оты қайдасың.Жүректі түртіп қозғамай,Ғылымның біліп пайдасын.Дүниенің көркін болжамай,
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады дұрыс жауап берген сұраққа бір баллл қойылады.
1.Қандай элемент алдымен күнде,содан соң жерде ашылды.(гелий)2.Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі(бром)3.Қандай элементтер материктердің атымен аталады.(европий,амерций)4.Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады.(Н2SО4 концентрациясында)5.Суды қалай жандыруға болады.(сілтілік металдар арқылы натрий,калий)6.Планетамызда көп таралған элементтер (сутек,гелий)7.Сіріңкесіз қалай от жағуға болады.(ақ фосфор арқылы)8.Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады.(сұйытылған қышқылға салып)9.Әрі химик,әрі музыкант ғалым (А.П.Бородин)10.Алып элемент (титан)
1.Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім (М.В.Ломоносов)2.Қандай жыланда сынап көп (Фараон жыланында сынап (ІІ) роданиді)3.Футбол терминінде кездесетін элемент (гольми)4.Табиғи талшықты зат (асбест)5.Мыстың табиғи қосылысы (малахит)6.Сүт қанты (лактоза)7.Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин)8.Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс)9.Топырақты құнарландыратын элемент (азот)10.Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)
1.Қандай метал болашақтың металы деп аталады (алюминий)2.Лимон қышқылын қайдан алады (қанттан не мелясиден)3.Сутек қай затта жақсы ериді (балқытылған темір,никель,палладийде)4.Қандай жай зат ең жоғары температурада балқиды (графит 3800 С)5.Қандай элемент жер қыртысының 75℅ құрайды (оттек 49℅,кремний 26℅)6.Ауа газдар қоспасы екенін алғаш айтқан ғалым (Л. Да Винчи)7.Адамға таза, дистилденген су ішуге пайдалы ма (жоқ)8.Фосфор элементі қашан ашылды, кім ашты (Гамбург химигі) Г.Бранд,1699ж)9.Грек тілінде ай деген мағынаны білдіретін элемент (селен)10.Әлемдегі ең алғаш мұнай айдау зауыты қашан және қай жерде салынды (1745 ж,Ухта өзені бойында)
Жүргізуші:Біреуінің жүрегінің түгі барБіреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі барБіреуінің күмбірлеген күйі барБіреуінің қатты істейтін миы барКезекте сөзжұмбақтарды шешу
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары1.Химияның арнайы бөлігін құрайтын элемент? (көміртек)2.Шпатта алғаш табылған элемент? (барий)3.Улы ұшқыш қосылыс? (Арсин)4.Қытай,Бирма,АҚШ-та көп кездесетін металл кен орны? (Вольфрам)5.Скандинавия жарты аралындағы мемлекет? (Швеция)6.Мұхит суында кездесетін элемент? (марганец)7.Құймаларды қызуға төзімді ететін металл ? (молибден)8.Көбіне галлит,сильвинит,карналлит тұздары құрамында кездесетін элемент? (хлор)9.Майларды гидролиздеу нәтижесінде алынатын зат? (глицерин)
Көлденеңінен:3. Қазақ халқының алғашқы академиктерінің бірі,фосфор тұздары маманы? (Бектұров)5.Химиялық элеметтердің рентгендік спектрін зерттеген ағылшын ғалымы? (Мозли)6.Ең қаттты минерал? (Алмас)7.Ұшқыш компоненттерінен ректидикациялау арқылы тазаланған спирт ашымасы? (Барда)8.Фолигостон теориясының негізін қалаушы неміс ғалымы? (Шталь)11.Анестезия үшін қолданылатын препарат? (Новокаин)
Тігінен:1.Металдар туралы зерттеген араб химигі ? (Турки)2.Органикалық қосылыс? (Спирт)3.Катализдік мультиплет теориясының негізін қалаушы орыс химигі? (Баландин)4.Орта ғасырдағы Еуропа химигі,сульма мен мышьякты алғаш зерттеген кім? (Валентин)9.Кремнеземнің табиғатта көп тараған түрі? (Кварц)10.Кальций сульфатының кристаллогидратының бір түрі? (Ғаныш)
1.Қазақтың химик-органигі,негізгі еңбегі өсімдіктер химиясы болып табылады? (Шомбалов)2.Түрлі заттарды ерітетін қоспа? (Еріткіш)3.Тұңғыш рет химия ғылымының докторы атағын алған қазақ химик-органигі? (Әзербаев)4.Тұз қышқылының аммоний тұзы? (Мүсәтір)5.Ерте кезде қазақ халхы қолданған металдардың бірі? (мырыш)6.Қазақ халқының академик-химигі,жоғары молекулалы қосылыстар маманы? (Жұбанов)7.Үй тұрмысында көп қолданылатын,қазақ халқына ертеден таныс металл? (Қалайы)8.Радиоактивті сәулелерді өткізбейтін металл? (Қорғасын)9.Мыс тұзының кристаллогидраты? (Тотияйын)10 Қазақ қалқының химия саласындағы алғашқы академиктерінің бірі? (Бектұров)
Жүргізуші:Химия — ырыс бұлағыШалқыған байлық мол дәулетАялап күтіп тұр алдаБолашағымыз-нұр сәулетАялдама,алға ұмтылҚұдіретті біздің ойСенде байлық,сенде ырысСенімен өмір сәнді ғой
Жүргізуші:
Тағы келді сыналар шақ айналып,Тереңіне білім теңіз байланып,Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,Есеп шешер кезегі келіп тұр
Ендеше әр топтың алдына түрлі есептер беріледі шығарылған есептің жауабы дұрыс болса пирамидаға жапсырады. Нәтижесінде қай топ қанша есеп шығарғанын пирамидаға жапсырылған үшбұрыш қиық арқылы балдырын санаймыз. Әрбір дұрыс есепке 5 балл қойылады.
1) Металл алюминийдің құрамында 1, 5 моль натрий гидроксиді бар, сілті ерітіндісімен әсер еткенде сутектің қандай көлемі (қ. ж) бөлінетінін есептеңдер.2) 4 моль мырыш күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген сутектің көлемі (л)3) Массасы 400 г 50% - қ күкірт қышқылы ерітіндісінен буландыру арқылы 100 г суды бөлді. Алынған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі қандай?
Соңынан бірінші кезеңнен бастап барлық балдар есептеліп қай топтың жеңімпаз болғанын айтып,топтарды мараппаттау.