Саба? «Жануарлар мен ??стар с?йлейді.»
Ортаңғы «Ақбота»тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Жануарлар мен құстар сөйлейді.»
Мақсаты: үй жануарлармен жабайы жануарлардың айырмашылығын ажырата білу. Қыстап қалатын және қыстамайтын құстар жайлы түсінік беру. балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Алдын -ала жұмыс: серуенге шыққанда даладағы құстарды бақылау.
Қолданылатын көрнекі-құралдар: құстардың, жабайы жануарлардың суреттері, қаздың дауыстары.
Билингвальдік компоненті: үй жануарлары-домашние животные- pets, жабайы жануарлар-дикие животные- wail animools, қаз- гусь-goous.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалар іс-әрекеті
Дәлелдеп талаптану Балалар бізде қазір қандай мезгіл?
Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Жарайсыңдар балалар өте жақсы!
Балалар бүгінгі оқу іс әрекетімізде біз жануарлар мен құстар жайлы айтатын боламыз. Сендер білесіңдер ме жануарлар неше түрге бөлінеді?
Қандай?
Дұрыс айтасыңдар балалар!
Үй жануарлары қайда мекендейді?
Жабайы жануарлар қайда мекендейді,олар күндерін қалай көреді?
Билингвальдік компоненті: үй жануарлары-домашние животные- pets, жабайы жануарлар-дикие животные- wail animools, қаз- гусь-goous Күз мезгілі
Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып жерге түседі, күн суытып, құстар жылы жаққа ұша бастайды. Күздің соңғы айларында далада қар жауа бастайды.
Екі түрге бөлінеді
Жабайы жануарлар және үй жануарлары.
Олар үйде мекендейді,олар адамдардың қарауында болады.
Олар орманда мекендейді, олар өз күндерін өздері көреді.
үй жануарлары-домашние животные- pets, жабайы жануарлар-дикие животные- wail animools, қаз- гусь-goous.
сөздерін қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық ізденіс Ой, балалар тыңдаңдаршы бұл ненің дыбысы?
Бұл қандай құстар екен?
Олар неге бұлай қатты дауыстап ұшып бара жатыр екен,балалар орманда бір жағдай болған сияқты қанеки бәріміз орманға барып онда не болғанын көреміз бе? (балалар орманға келеді.)
Ой балалар қараңдар мына жерде қаздың бір балапаны жылап отыр. Не болды екен қарайықшы.
Тәрбиеші балаларға қаздың басынан кешкен оқиғасын айтып береді.
Балалар бұл орманда жаз бойы бір әдемі, сұлу да көрікті бір қаз өзінің кішкентай балпандарымен өмір сүріпті, бірақ күз мезігілі келіп күн суыта бастаған соң қаз өзінің кішкентай қаздарымен жылы жаққа ұшуға бел буады. Бір уақытта қаздар ұшуға дайындалып жатқан уақытта қу түлкі келіп бір қаздың балапанын ұстап алып оны тырналап, қанатын сындырып тастайды,содан ол балапан өзінің анасымен бауырларынан қалып қояды екен. Балалар қараңдаршы балапан қаз сондай көңілсіз әрі ұшада алмайды екен, енді біз оған қалай көмектесе аламыз?
Ендеше мына жапсырғышты алып оның қанатын байлап берейік.
Жарайсыңдар балалар !
Сергіту сәті:
Қаңқ,қаңқ, қаздарым,
Тізені сәл бүгіңдер
Қолды артқа созайық
Қазға қане ұқсайық
Қаңқ,қаңқ,қаңқ!
Өте жақсы балалар жарайсыңдар!
(Осы уақытта алдарынан тиін шығады)
Ой, мына жаңғақтарды не бізге лақтырып жатыр?
Балалар қараңдар бұл не?
Балалар тиіннің үйі қайда болады?
Дұрыс айтасыңдар!
Балалар тиіннің бізбен бірге ойын ойнағысы келеді екен, ойынның аты «Жануарлардың үйін ата» деп аталады.
Ойын шарты: балаларға жабайы жануарлардың суреті көрсетіледі балалар суретке қарап не қайда тұратынын атайды. Мысалға: аю ол апанда тұрады, қоян інінде тұрады т.с.с.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар сендер қыстап қалатын және қыстамайтын құстарды білесіңдер ме?
Қандай құстарды білесіңдер?
Тәрбиеші балаларға слайд арқылы қыстайтын және қыстамайтын құстардың суреттерін көрсетеді.Балалар жылы жаққа ұшатын құстар олар-қарлығаш,көкек,тырна, аққу,қаздар,үйрек.Қыстайтын құстар олар-тоқылдақ,көгершін,торғай,суықторғай,қарға,сауысқандар Құстардың дыбысы
Қаз
Ия барайық.
Балалар тәрбиешінің айтқан оқиғасын мұқият тыңдап, қазға көмектеседі.
Оның қанатын байлап, тамақтандырамыз,одан кейін ұшуына көмек береміз.балалар құстың қанатын жапсырмамен жапсырып байлап береді.
Балалар іс –қимылдарымен орындайды.
Бұл менмін!
Бұл тиін
Ол ағаштың басында тұрады,оның өзінің іні болады
Балалар ойынды қызыға ойнайды..
Ия
Торғай,қарға,сауысқан, қарлығаш,тырна,көкек,тоқылдақ
Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды,
Рефлекстік түзету Балалар бүгінгі сабақта біз нелермен таныстық?
Біз неге көмектестік?
Сендерге сабақ ұнадыма?
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып отырдыңдар, сендерге көп рахмет! Сау болыңдар! Жануарлар мен құстармен таныстық.
Қаздың балапанына көмек бердік.
Ия ұнады.
Балалар сабақта алған әсерлерімен ойларымен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларын, жабайы жануарларды біледі.
Түсінеді: үй жануарларымен жабайы жануарлар арасындағы айырмашылықты түсінеді
Қолданады: жануарлардың,құстардың суреттерін,дидактикалық ойындарды.