Урок по казахскому языку Етістік еліне саяхат


Тақырыбы: «Етістік» жағалауына саяхатМақсаты:1. Оқушылардың етістік сөз табы бойынша алған білімдерін жетілдіру, толықтыру.2. «Етістік» жағалауына саяхат жасай отырып, оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын, зейінін, ойлау - қабілеттерін дамыту.3. Сауаттылық, жолдастыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, салыстыру, талдау, сипаттау, ойландыру. т. б.Көрнекілігі: интерактивті тақта,, суреттер, қима - қағаздар, жетонТүрі: саяхат сабағыПән аралық байланыс: Дүниетану, ана тілі Сабақтың барысыҰйымдастыру кезеңі - Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.- Көңіл күйлерің қандай?Психологиялық дайындық Егер көңіл - күйлеріңіз жабырқаулы болса, жұдырығымызды жұмып, бұлтты көрсетеміз, ал егер көтеріңкі болса, алақанымызды ашып, күнді көрсетеміз- Біз қолымызбен не істедік?- Қолымызды жұмдық, аштық, яғни іс – қимыл жасадық.- Іс - қимылды білдіретін сөз табы қандай?- Етістік. Дұрыс айтасыңдар.«Үй тапсырмасын тексеру» жағалауы Бүгінгі сабағымыз ерекше, қазір біз «Балқаш» көліне саяхат жасаймыз. Біз саяхатымызды «Үй тапсырмасын тексеру» жағалауынан бастаймыз.- Үйге берілген «Арыстан тақырыбына құраған әңгімелерінді ауызша оқимыз.- Енді балалар тақтаға назар аударамыз.Етістіктер берілген, көп нүктенің орнына сұрақ қою арқылы зат есім тауып жаз.... ... ұшады... секіреді...«Ой толғаныс» жағалауы- Енді балалар келесі « Ой толғаныс» жағалауынасаяхаттайық.Суреттерге назар аударамыз.- Суретте не бейнеленген?- Адамдардың іс - қимылы қандай?«Сәйкестендіру» жағалауы Біз «Сәйкестендіру» жағалауына келдік. Онда мынадай тапсырма берілген екен.Ит ---------- шақырадыҚарға ------ үредіҚасқыр --- қарқылдайдыӘтеш ------ ұлиды«Оқулықпен жұмыс» жағалауы «Оқулықпен жұмыс» жағалауына келіп қалдық.Оқулықтағы 365 - жаттығуға назар аударамыз..Терме диктанты- Енді балалар осы өлеңнен кездесетін етістіктерді тауып , қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.- Жарайсыңдар балалар!«Демалыс сәті» жағалауы «Демалыс сәті» жағалауына тоқтап, демалып алайық1, 2, 3Жинап алдық күш4, 5, 6Салақтықтан қашайықКөрсетілген үлгігеӘдемілеп жазайық.«Дәптермен жұмыс» жағалауы «Дәптермен жұмыс» жағалауында дәптерімізге көркем жазу жазамыз.366 - жаттығуды орындаймыз.Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екіге топтастырамыз жазамыз
Көрді-көреді,боздады- боздайды,«Деңгейлік тапсырма» жағалауы «Деңгейлік тапсырма» жағалауына қош келдіңіздер! Сендердің білімдеріңді тексерейік, тапсырманы орындауға дайынбыз ба?І деңгейБерілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.Жасады, жинады, баптады, бояды.ІІ деңгейБерілген сөздер қатарынан етістікті тап.1. Аспан, көгершін, жасыл, көшті, қарбыз2. Әдемі, отырды, он, домбыра3. Гүл, сағат, күреді, он үш, ертеңІІІ деңгейСуретпен жұмыс«Есте сақта» жағалауы Біз Балқаш көлі арқылы кемемен саяхаттап жүрміз. Осы «көл» сөзі қандай сөз табына жатады?- Дұрыс айтасыңдар. Зат есім. Не? Деген сұраққа жауап береді. Енді көл сөзін пайдаланып, сөйлем құрайық.Бұл сөйлемде зат есім де және етістік те бар. Зат есім мен етістікті салыстырамыз.Зат есімЕтістікҚорытынды Балалар біз «Етістік» жағалауына жеттік.Мақсатымыз қандай еді?- Жарайсыңдар!- Сындардан өтуге не көмектесті?Достық, білім, өзара көмек.Үй тапсырмасы 134 бет,369 - жаттығуБағалау Оқушыларды жинаған жетон бойынша бағалау.