Дыбыстар ?леміне саяхат


Мақсаты: Білімділік: Музыкаға қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, есту қабілетін дамыту, ертегі желісімен түсіндіре отырып, нота реттілігін дауыс ығағымен айтқызуға жаттықтыру. Әннің сөздерін анық, ырғағындұрыс жеткізе білуге, ұлттық билер ырғақтарын еркін орындап,қол моторикасын дамытуға жаттығулар жасату, эмоциялық сезімдеріндамыту.Тәрбиелік: Музыка тыңдау арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, эмоциялық сезімдерін дамыту.Көрнекілігі: Музыкалық аспаптар, музыкалық тақта, музыкалық центр,үлестірмелі музыкалық баспалдақтар. I. Ұйымдастыру кезеңі:Маршпен залға кіру- “Марш” Б. Дәлденбаев. Қатар сақтап, нық,марш екпінімен адымдап жүру. Әуен басталуымен аяқталуын сезіну.II. Шаттық шеңбері, әуен ырғағымен.III.Сазды ырғақты қимыл қозғалыс.“Айгөлек” Б. Байқадамов. Ән ырғағы мен қайырмасын ажыратып екі түрлі қимылмен әйгілеп көрсету, ырғақты сезіну. IV. Ән тыңдату. “Ұйықта бөпем” Ә. Асылбек.Баланың эмоциялық сезгіштігін арттыру, әуен ырғағының ерекшелігін, нәзік әсем үнін түсіне тыңдауға бейімдеу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары: V. Ән айту.1.“Бақытты баламыз” А. Еспенбетова.Өтілген әнді қайталау, есте сақтау, әнді нақышына келтіре бір үнділікпен орындауға дағдыландыру.2. “Біздің ән” Б. Ғизатов. Жаңа ән үйрену, ән сөздерін дұрыс, ұғына анық айтуға үйрету.VI.Музыкалық дидактикалық ойын. “Музыкалық баспалдақтар”.Дидактикалық ойын арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру. Дыбыс биіктерін, қозғалысын ажырата алуға үйрету. Нота атауларын, орналасу реттілігін есте сақтауға ықпал ету.VII.Би билеу. “Кең жайлау” А.Еңсепов.Кеңістікті еркін бағдарлау, ырғақты сезіне көрсетілген қимылдардынақты-нақ орындау.VIII.Қорытындылау. Тақырыпты қысқаша бекіту. Маршпен залдан шығу. “Марш” Б.Дәлденбаев Балалар маршпен залға кіріп, орналасады.Са-ла-мат-па, ба-ла-лар?Са-ла-мат-сыз-ба?Шаттық шеңбері әуенмен орындалады.-Балалар, енді барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.-Сәлемдесіп күн нұрымен-Шырқаймыз біз әнімізді-Сәлемдесіп достарменен-Жаттықтырамыз дайсымызды.(барлық бала ырғағымен қимылдар жасап, әнімен айтады) Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы: Енді балалар, өзіңізге таныс Б. Байқадамов ағамыздың “Айгөлек” әнімен жеңіл ырғақты қимылдар орындайық.Сазды ырғақты қимыл қозғалыс.Жарайсыңдар, балалар! Бәрімізде жақсы серпіліп қалдық. Енді бәріміз орнымызға отырып, әуен тыңдайық. “Ұйықта бөпем” Ә. Асылбек.Әуен ұнады ма? Қалай орындалды?Ырғағы қандай?Бұл ән қай кезде орындалады?Балалар, сендер білесіңдер ме, осындай әртүрлі әсем әндерді қағаз бетіне түсіру үшін сазгер ағаларымыз ноталарды пайдаланады. Ал ол ноталар ғажайыпқа толы музыка әлемінде тұрады. Ноталар ертегісі: Ертеде жеті ағайынды ноталар болыпты. Олар өздеріне бес қабаттан тұратын үлкен сарай соғып, оны өзара бөліскен екен. Бұл сарай “Нота сызықтары” деп аталады (көрсету).Ал үйлерінің есігін жай кілт емес, скрипка кілтімен құлыптайтын болыпты (көрсету). Ең үлкен ағасы “До” өзіне жеке үй соғып алыпты (көрсету). Ал інісі “Ре” ағасын өте жақсы көргендіктен, көрші орналасыпты (көрсету). Қалған ноталар бес қабатты өзара бөліскен екен (көрсету). До,Ре,Ми,Фа,Соль,Ля,Си. Қане, енді ноталарды пайдаланып, дауыс жаттығуын жасайық.(Балалар жаттығуды орындап болған соң, кенеттен сазды әдемі әуен естіледі)-Балалар, бұл не болды екен?Ғажайып сәт: (скрипка кілті қонаққа келді)-Міне,қараңдаршы бізге қонаққа скрипка кілті келіпті.-Саламатсыз ба, Скрипка кілті.Скрипка кілті: -Саламат ба, балалар. Сендердің ноталарды дауыс ырғағымен айтып жатқандарыңды естіп келдім, нота реттілігін үйреніп жатырсыңдар ма?Балалар: - Үйреніп жатырмыз.Скрипка кілті: - Балалар, міне қараңдаршы мен сендерге сыйлыққа қобдиша алып келдім, ішінде музыкалық баспалдақтар бар. Осы баспалдақтармен ойын ойнасақ қайтеді?Дидактикалық ойын, “Музыкалық баспалдақтар” Ойын шарты: Баспалдақта ноталарды реттілігімен жоғары және төмен айтқызып, көрсетілген баспалдақта қай нота орналасқанын тапқызу.(Скрипка кілті балалармен қоштасып шығып кетеді). Жарайсыңдар, балалар! Ойынға белсене қатысып, дауысымызды қалыпқа келтіріп алдық. Енді мына әуенді тыңдап көріңдерші. (әуез ойналады).- Қандай ән?- Қалай орындалады?- Енді бәріміз бірге орындайық. Ән “Бақытты баламыз” А. Еспенбетова.- Бәрекелді. Әнді ұмытпай, нақышына келтіріп орындадыңдар. Ал қазір жаңа ән үйренеміз (әуез жетекші жеке дауыста орындайды).-Әннің мазмұны қандай?-Ырғағы қандай?-Ән сендерге ұнай ма?Енді бірге үйренейік. Әнді жақсылап айту үшін, дауыс жаттығуын айтайық. Ән айтамыз, шырқыраймыз- до,до,до.Үйренеміз ноталарды-ре,ре,ре.Ажыратып дыбыстарды-ми,ми,ми.Баспалдақпен көтеріліпАйтамыз біз ретіменен.До,ре,ми,фа,соль,ля,си.Ән “Біздің ән” Б. Ғизатов- Балалар, әнді үйрендік, енді жаңа би қимылдарын үйренейік.Би “Кең жайлау” А. Еңсепов.- Енді бір сәт ойын ойнап, бойымызды жазсақ қайтеді, балалар?Қимылды ойын “Оркестр”.Ойын шарты: Балалар дөңгелене орындықтарда отырып аспаптармен үйренген жеңіл әндерін сүйемелдеп ойнайды. Артық қалған бала дирижер болады. Әнді сүйемелдеп болған соң аспаптарын орындықтырының үстіне қойып, дирижер болған бала да бірге көңілді ырғағымен жүгіреді. Әуен аяқталғанда барлық бала орындыққа отыра қалып, аспаптарды қолына алады, аспап жетпей қалған бала оркестр дирижеры болып, ойын әрі қарай жалғасады. Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабақта не үйрендік?Қандай әуен тыңдап, қандай ән үйрендік?Қандай би қимылдарын үйрендік?Ойын сіздерге ұнады ма?Музыка әлемінде неше нота бар екен?Нота реттілігін сақтап айта аласыңдар ма?Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар балалар. Рахмет сендерге.Сау бо-лың-дар ба-ла-лар! (Ән ырғағымен орындалады) Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!