Тіл дамыту «Дыбыстар еліне саяхат»
Сабақтың тақырыбы: «Дыбыстар еліне саяхат»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауысты,дауыссыз дыбыстардың
ерекшелігі туралы түсінік беру.Тапсырмалар орындатуарқылы дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру.
Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,сөздігін байыту,жалпыой-өрісін дамыту,байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.кеспе әріптер,суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды түгендеп,сабаққа назарын аудару.
ІІ.Шаттық шеңберіҚуан шаттан!
Қуан шаттан!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
-Балалар, біз өткен сабақтарда қандай дыбыстармен таныстық?
-А,Т,П,Н,Ғ,Р,Л,У,Ш
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Алфавит сыры:
Алфавиттің А тұрады басындаӘрқашанда Ә тұрады қасындаБайқадың ба Б тұрады үшіншіАл осының сыры неде ?Түсінші.
А деген ол-
Аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-
Әкелер ғой салмақты,
Б деген ол –
Балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі…
-Балалар дыбыстардан не құраймыз?
-Буын.
ПА,НА,ША,ТА,УА,РА,ҒА,ЛА,
-Буыннан не құраймыз?
-Сөз.
ШАНА,ТАНА,ПАНА,АУА,АРА,АҒА,АЛА,АТА.
-Сөзден не құраймыз?
-Сөйлем.
Балалар шанаман ойнады.
Анарды ара шақты.
1-тапсырма
Сыныптағы дауысты дыбыстан басталатын оқушылардың атын ата.
Сыныптағы дауыссыз дыбыстан басталатын оқушылардың атын ата.
Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс?
У дыбысы2- тапсырма
Суреттердің атын атап,тақтаға жазып,дыбыстық талдау жасау.
Сөздерді буынға бөліп,сөйлем құрау.
Суретке қарап әңгіме құрау.
Дәптермен жұмыс.
Сергіті сәті.
Бас бармақ -әкем,
Балаң үйрек-шешем,
Ортан терек –ағам,
Шылдыр шүмек-әпкем,
Кішкентай бөбек –мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз?
3-тапсырма
«Адасқан әріптер» ойыны.
4-тапсырма
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны коймайық.
«Қазақстан» сөзжұмбағын шеше отырып,сабақты қорытындылау.