Си?ырлы ?ріптер еліне саяхат
« Айгөлек » балабақшасының тәрбиешісі
Есетова Назгүл Буркитовна
Форт-Шевченко қаласы, Түпқараған ауданы,
Маңғыстау облысы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу.
Тақырыбы: Сиқырлы әріптер еліне саяхат
Мақсаты:
Білімділігі: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру.Балаларды өткен дыбыс пен
әріп таңбаларын ажыратуға үйрету.
Дамытушылығы: Ойын түрінде жұмбақ, ребустарды шешу, кеспе әріптермен
сөздерді жазу, суреттер бойынша сөз, сөйлем құрату арқылы сөздік
қорын молайту. Сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы баланың
ақыл-ойын дамыту.
Тәрбиелігі: Берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қима кеспе әріптер, сандар, кестелер, текшелер, ребус, сюжетті суреттер.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, логикалық ойын.
Тіл ұстарту: дыбыстарға сөз құрай отырып, буын ішінде бекіту.
Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әректі Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушы-
лық ізденушілік
Рефлексивті –
коррекциялаушы Психожаттығу: «Күлімдейік».
Балалар адам жанының жүрегінің кілті –біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға
ата – анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан – жағымызға күлкі сыйлайық. Олай болса:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік,
Қабақ шытқан не керек
Күліп өмір сүрейік!
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз өте ерекше, бізге қонақтар келіп отыр. Келген қонақтар осы күнге дейін не үйренгенімізді көргілері келеді. Сондықтан оқу іс – әрекетіне деген ынтамызды көтерейік.
Балалар айтыңдаршы бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар, мен сендерге әріптерді қайталау үшін «Дыбыстар болған екен» деген ертегіні айтып беремін.
Баяғыда бір үйшікте көп дыбыстар өмір сүріпті. Ол үйшік кәдімгі аузымыздың іші.
Қане ауыздарыңызды ашып көрсетіңдерші? Осы үйшіктің екі бірдей есігі бар екен, ол кәдімгі ерніміз
Есік бекем болу үшін сүйек есіктер қойыпты.
Ол біздің тісіміз.
Бәрі жақсы болар еді, бірақ осы үйшіктің ішінде дыбыстардың кіріп шығуын басқарып отырған ашулы айдаһар кіріп алыпты.
Ол біздің тіліміз. Қәне бәріміз тілімізді көрсетейікші.
Тіл кейбір дыбыстарды емін – еркін өткізеді және олар үстіне қызыл киім киіп алыпты. Ал басқа дыбыстардың жолына кедергілер қойып, есікті жауып тастады.
Олар емін – еркін шыға алмайды. Сондықтан көк көйлек киіпті. Сондықтан олар шырылдауға, ысқыруға, пысылдауға, қырылдап дірілдеуге мәжбүр болыпты.
- Таңғажайып кезең: Топқа қонақ келеді.
Қонақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бұл «Айгөлек» балабақшасының «Саура» тобы ма?. Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім.Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін.
Әлдеқандай патшалықта ғана емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзімнің аузымның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал олардың үйі, міне, қандай әдемі!
(ауызды көрсетші, аша ғой қане). Жаңа менің әлемім туралы сендерге апайларың айтып берді. Мен жайлы тағы не білесіңдер?
-Біздің қазақ тілінде неше әріп бар?
-Жалпы әріптердің жиынтығын не дейміз?
- Неше дауысты дыбыс бар?
- Неше дауыссыз дыбыс бар?
- Барлығы 37 дыбыс бар екен. 5 әріп орыс тілінен енген.
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Дауысты, дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
-Оларды қандай текшелермен белгілейміз?
- Дыбыстардан не құралады?
-Буыннан не құралады?
-Сөзден не құралады?
Қонақ: Менің әлемім жайлы білдіңдер. Енді мен сендермен қоштасайын. Сендерге арналған қызықты тапсырмалар бар, соларды орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар!
Күн нұрын шашқан асқардан, Алатау алыс тас қорған
Алматы мен Астана Қай әріптен басталған? (А)
Таныстырар әріппен
Мынау кітап – әліппең.
«Әліппе» деген аты оның
Басталады қай әріптен?
Жаңа жылда қарсы алып, Тойлағанда барша жұрт
Тұратын не ортада? Атын бастар қай әріп?
Сақинаға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Мыс: А
Мысалы, Ә
Мысалы, Б
2 – тапсырма: «Мен айтайыншы» .
Балалар мен қазір ауада кез келген әріпті жазам, ал сендер қандай әріп екенін айтасыңдар.
Енді мен кез келген дыбысты атаймын, дауысты дыбысты атаған кезде, сендер қол шапалақтайсың-
дар, егер дауыссыз дыбысты атасам аяқпен тарсылдатасыңдар.
3 – тапсырма: Сөзден сөйлем құрау.
Күн, қарлығаш, ұя, бәйшешексөздеріне схема бойынша сөйлем құрау. Сөздерді буынға бөлгізу. Қол шапалақтау арқылы сөз ішінде неше буын бар екендігін анықтау. Ұзын, қысқа сөздерді ажырату.
Күн, ұя – қысқа сөздер. Қарлығаш, бәйшешек – ұзын сөздер.
4 – тапсырма:
-Бұл не?
- Қай дыбыстан басталып тұр?
- «Ешкі» сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар?
«Ешкі» сөзін буынға бөлу.
Сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны «буынға бөлу» деп атаймыз
Қанша дауысты дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс?
«Ешкі» сөзін текшелермен белгілеу.
5 – тапсырма:
Адасып жүрген әріптер. Олардың орнын табуға көмектес. Соңында қандай сөз пайда болды? Сөзде неше буын бар?
Мысалы, ...та, д...п, қ...с, ...ке, ша...а, о...у.
Сергіту сәті:
Са – са – са, ызылдайды маса.
Сы – сы – сы, әжемнің ауырады басы.
Қа – қа – қа, тапты тауық жұмыртқа
Оқ – оқ – оқ, кел допты соқ
Ек – ек – ек, гүлге қонды көбелек.
6 – тапсырма:
Мына суретте сандар кіргізіп сөздер беріліпті, сол сөздерді табу. Мысалы, Т – 10, К – 3, Қ 10 – ақ, 5 – ік.
7 – тапсырма:
Балалар, көзімізді жұмып, ештеңе көрмесек те менің дауысымды, иттің үргенін, машинаның гүрілін естисіңдер ( таспадан тыңдату). Бұлар – дыбыстар. Оларды көзбен көрмегенімізбен құлақпен естиміз. Оны естиміз, айтамыз. Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
8 – тапсырма: «Қай дыбыстан басталады?» (дидактикалық ойын). Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады.
9 – тапсырма:
«Қарама – қарсы сөздер» (сөздік ойын).
Жоғары -
Биік –
Ащы –
Ауыл –
Үлкен –
Құрғақ –
Алыс –
Сонымен, балалар , сөз дыбыстардан құралады, дыбыстарды айтамыз, естиміз. Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.
Қорытындылау, мадақтау.
Рахмет айтып сіздерге,
Күлкімізді сыйлайық.
Көріскенше күн жақсы,
Аман – есен болайық! -балалар шеңберге тұрып, қосылып бірге айтады.
Жаттығу:
«Біз байсалдымыз»
Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Оқу іс-әрекетте өткенді әрдайым қайталаймыз!
Балалар білетіндерін
айтады.
қызығушылықтарын
білдіреді.
Балаларауыздарын ашады.
еріндерін көрсетеді.
балалар тістерін көрсетеді.
балалар тілдерін көрсетеді.
- Балалар амандасады.
-42әріп бар.
-альфавит
- 12 дыбыс дауысты
- 25 дыбыс дауыссыз
-әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.
- дыбысты естиміз, айтамыз.
- дыбыс дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
-дауысты дыбыс әндетіліп, созылып, еркін айтылады. Дауыссыз дыбыстар кедергілермен айтылады.
Дауысты дыбыстарды - қызыл текшемен белгілейміз
дауыссыз дыбыстарды – көк текшелермен белгілейміз.
- Буын.
- Сөз.
-Сөйлем.
-А әрпінен.
-Ә әрпінен.
- Ш әрпі.
-О әрпі.
-С әрпі.
Аянат:
Аялаймын анамды,
Ардақтаймын апамды. Асыл тұтып атамды,
Алайын мен батамды.
Ақ батамен көркейіп,
Ертең – ақ өсіп кетермін. Арманыма асыққан Адаспай – ақ жетермін.
Мағжан:
Әтеш тұрып қашанда Оятар «Таң атты!» деп.
Әкем жұмыс қамында, Әжем шайын әзірлеп.
Ерте тұрған әр жанның Несібесі осындай.
Кәусәр:
Басталады саусағым бас бармақтан, бірінші.
Балан үйрек болады, санағанда екінші.
Ортан терек биігі тұрып қапты, үшінші.
Шылдыр шүмек келеді «кезегім» деп, төртінші.
Кішкентай бөбек таласпай, болған екен, бесінші.
(Бұл тапсырмада балалар ойын арқылы алфавитті, дыбыстарды қайталайды).
Балалартапсырманы орындайды.
Күн, ұя – қысқа сөздер. Қарлығаш, бәйшешек – ұзын сөздер.
- Ешкі.
- Е
- 4 әріп, 4 дыбыс.
Еш – кі екі буын. Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Екі дауысты, ол – ежәне і дыбыстары. Өйткені олар созылып, әндетіп, кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.
Ш, К – дауыссыз дыбыс, өйткені қысылып кедергіге ұшырап айтылады, дыбыстауға келмейді.
Оларды көк текшемен белгілейміз.
Балалар керекті әріпті табады. Сөзде неше буын бар екенін айтады. А – та (екі буын) т.б.
-балалар қимыл-қозғалыс-пен жатқа айтады.
шешуін табады.
тапсырманы орындайды.
төмен
аласа
тәтті
қала
кішкентай
ылғал
жақын.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Өткен дыбыс пен әріп таңбаларын білуі керек, әріп пен дыбысты ажыратып,
Буын сөздерді оқи алады, сурет бойынша әңгімелеуді,ребус, жұмбақтарды
шешіп, сауатты сөйлеуге дағдыланды.
Болуы керек: Оқу іс – әрекетке ынтасы, қызығушылығы.
Үйрену керек: Тапсырмаларды толық орындау.