8 сынып Саба? жоспары Кітапты к?те білесі? бе?


8 - сыныпСабақтың тақырыбы: Кітапты күте білесің бе?Сабақтың мақсаты:1 Білімділік: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.2. Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың ой - өрісін байыту, Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.3. Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеуСабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеруСабақтың әдісі: СТО әдісі, ой қозғау,Сабақтың формасы: ТоппенСабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, орыс тілі, тарихСабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақ парақтар, түрлі - түсті қаламдар.Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеруІІ. Жаңа сабақ барысы:1. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу керек. Ол үшін оқушылар «Адасқан суреттерді» тиісті конвертке салады.«Кітапхана қорына» әдеби кітаптардың суретін, «Оқу құралдарына» оқу құралдарын салып, топ мүшелері анықталады.2. Мұра деген не? деген сұраққа оқушылар ақ параққа сурет салып, өз ойларын жеткізеді. (Презентация қорғайды.)3. Екі топ бір – бірін бағалайды0 1 2 3Тақырыптың ашылуыОй нақтылығыБезендірілуіІІІ. Жаңа сабақты меңгеру1. Екі топқа Әжем, қазына, әкем, кітапхана деген сөздер беріледі. Берілген сөздерге байланысты өздері әңгіме құрастырады.2. Дұрыс, бұрыстығын анықтап, мәтіннен үзінді оқылады.Біздің үйімізде кітап көп. Әкемнің жеке кітапханасы бай. Бұл кітапханадағы кітаптарды менің әжем жинаған екен. Олардың ішінде өте ескі кітаптар да бар, қаншама сөздіктер бар. Әжем өзі оқымысты болыпты, кітапты үлкен қазына деп есептеген екен.3. Әжесі неге кітапты үлкен қазына деп есептеген?Деген сұраққа оқушылар өз ойларын айтады.2. ДЖИГСО әдісі1. Кітап - адамның білімін арттыратын ең құнды сыйлық. Өкінішке орай, біз оларды күте білмейміз.Біздің үйімізде кітап көп. Әкемнің жеке кітапханасы бай. Бұл кітапханадағы кітаптарды менің әжем жинаған екен. Олардың ішінде өте ескі кітаптар да бар, қаншама сөздіктер бар. Кітаптардың біразы сарғайып кеткен. Әжем өзі оқымысты болыпты, кітапты үлкен қазына деп есептеген екен. Балаларына да соны үйреткен. Сондықтан біздің отбасымызда кітапқа деген құрмет ерекше.2. Мысалы, әкем үнемі кітапты оқығанда сыртын қаптап алады. Кітаптарын тек кітапханада отырып оқиды, бізден де соны талап етеді. Тамақ ішіп отырып кітап ұстасақ, қатты ашуланып:”Қандай ұқыпсызсыңдар,”- деп ұрсады. Кітапты оқыған кезде парағын бүктесек, оған да ренжиді, ескерту жасайды.Әкеме кітапханасын таза ұстау үшін үнемі көмектесеміз. Мүмкіндігінше күнара сөрелердің шаңын сүртеміз. Аптасына екі рет кітаптарды сөрелерден алып, парақтап, жеке - жеке шаңдарын сүртіп аламыз. Оның себебі, кейбір зиянды жәндіктер қағазды бүлдіреді екен.3. Мәтінге оқушылар тақырып қояды4. Есте сақта!Сарғайып кеткен - пожелтелиҚазына - сокровищеОқымысты - ученаяҚұнды - ценныйҰқыпсыз - небрежныйКүнара - через день5. Мұра сөзінің мағынасын түсіндіреді.Атадан қалған құнды затты мұра дейді.Асыл мұраМәдени мұраӘдеби мұраӘке мұрасыАта – баба мұрасы6. Әуен ойнап тұрады. Суреттер көрсетіліп, қанатты сөздер жазылады.Артық ғылым кітапта,Ерінбе оқып көруге. (Абай).Кітап – алтын қазына.Кітап - білім бұлағы,Білім - өнер шырағы.Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.Кітап алтын сандық:іші толған қазына, құт,оқы, оқы, ойыңа тұт.«Дорбадағы маржан сөз»Әрбір 4 - ші әріптен сөздер құрастырулары керек.о п а к а ыл і е д. тс с а а й,д п л л і -Жауабы: Кітап - адал пейіл, асыл дос.ІҮ. Жаңа сабақты бекіту1. Рөлдік тапсырма.«Өкіл». Оқушылар тапсырманы орындау үшін топ ішінен бір өкілді жібереді, берілген тапсырманы орындайды.«Бәрі». Топ мүшелеріне ортақ тапсырма беріледі.«Сенім». Оқушылар топ ішінен бір сенімді топ мүшесін жібереді.«Таңдау». Мұғалім топ мүшелерінің ішінен бір оқушыны таңдап алып, тапсырма береді.Ү. Жаңа сабақтың қорытындысы. Жағдаятты оқып, оқушылар өз ойларын айтады1.Атасы:- Балам, менің көзім нашар көреді, маған кітап оқып берші.Баласы:- Туу, ата, менің уақытым жоқ. Кітапты қайтесіз, онан да ғаламторға кіріп, керекті мәліметіңізді алыңыз.2.1 - ші бала:- Асхат, маған парақ бересің бе?2 - ші бала:- Менде парақ жоқ.1 - ші бала:- Ендеше мына нөмірді есіңе сақтап қалшы.2 - ші бала:- Басыңды ауыртқанша, ана кітаптың бір бетіне жаза салмайсың ба?ҮІ. Үй тапсырмасын беру“Кітап – киелі мұра” эссе. 4 - тапсырма. 81 бетҮІІ. Оқушыларды бағалау