Урок мужества Мы головы склоняем перед ее подвигом о Хиуаз Доспанове
Мақсаты: Оқушы бойында патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, отаншылдыққа, елжандылыққа, Жеңістің 71 – жылдық мерекесін атап өтуге, аталар, әжелер мақтан тұта жалғастыруға баулу.
Көрнекілігі: Хиуаз Доспанованың портреті, ерлік туралы нақыл сөздер, интерактивті тақта, компьютер, еліміздің батырлары жайлы кітаптардың және олардың фото суреттеріннің көрмесі.
1-жүргізуші: Ару қыздар, алаулап от кешкендер,
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар, алаулап от кешкендер.
2-жүргізуші: Біз соғысты көрген ұрпақ емеспіз. Бірақ қаншама жылдар өтсе де ол туралы жаза білу, айта беру біз үшін құнды. Соғыста ерлік көрсетіп аты аңызға айналған қазақ қыздары аз болған жоқ. Сондай батыр анамыздың бірі «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденінің иесі, соғыс кезінде «Қанатты қыз» атанған, ал бейбіт өмірде «Халық қаһарманы» атағын алып халқын қуантқан – ХИУАЗ ДОСПАНОВА.
Оқушы: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік
Отан Ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Биіл Хиуаз апамыздың туғанына 93 жыл.
Кітапханашы: Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Зормат ауылында дүниеге келген. Әкесі Қайыр Доспанов партия қызметінде істегендіктен қызмет бабымен Орал қаласына қоныс аударады. Анасы Меруерт партия ұйымының хатшысы қызметін атқарады. Хиуаздың Белмерген, Марат есімді бауырлары, Алма деген сіңлісі болған. Хиуаздың бойында алғырлық, батылдық, адалдық, қайсарлық қасиеттері көріне бастайды. Балалық шағы да жастарға үлгі боларлық Орал қаласындағы №1 мектеп – гимназиясында оқып жүріп –ақ үздік атанады, 8 сыныпта қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, комсомол ұйымының хатшысы болып сайланады. Сөйтіп жүргенде бір күні оған Орал қалалық комсомол комитетіндегілер қалада жаңадан аэроклуб ашылғалы жатқаның, оған арнайы мамандар әзірлеу керектігін айтады. Оған Хиуаз ойланбастан бірінші болып жазылады. Оның жаңында отырған екі – үш ер бала мұны көріп батылданып кетіп, құрбысын қоштап өздері де жазылған көрінеді.
Хиуаз апамыз мектептегідей аэроклубта да үлгілі тәртіп, жақсы оқуымен басқалардан ерекшеленіп тұрады екен. Мектепті үздік бітірген оған «Еліміздің кез келген оқу орнына ешбір емтихансыз қабылдансын» деген арнайы құжатпен қоса аэроклуб мүшесі ретінде, әскери комиссариаттан «Запастағы әскери ұшқыш» деген аңықтама беріледі.
Қазақтың ұшқыш қызы енді жай қарапайым, жеңіл ұшақпен шектелмей, самғау көкте батыл қимылдайтын әскери ұшқыш болуды армандайды. Сөйтсе Мәскуедегі Жуковский атындағы Әскери Әуе академиясы тек жігіттерді ғана қабылдайды екен. Сөйтіп ол Мәскеу медицина институтына емтихансыз қабылданып, үздік студент әрі танымал спортшы атанады. Спорттың шаңғы тебу, жүгіру және гимнастика түрлерінен асқан шебер болады.
Хиуаздың осындай қызық та қуанышқа толы студенттік сұм соғыс бұзды.
1942 жылы М. Раскованың ұйымдастыруымен алғашқы түнгі мезгілде жау позициясын бомбылайтын әйелдер ұшқыштар полкі құрылды. Полктің командирі аға лейтенант Евдокия Бершанская болады. Бұларды 46 – гвардиялық авиаполк деп атады. Құрамында 17 мен 22 жас аралығындағы 115 қызбала қабылданады. Соның ішінде Хиуаз да штурман қызметін атқару үшін алынады. Ол кезде Хиуаз 20 жаста ғана еді. Осы қыздар келгені жетеуі ғана.
Бірде батыр қыздың ұшағы полктегі жасырын қону алаңына келе жатып апатқа ұшырайды. Соғыс жағдайында алаңда қазіргідей жарқыраған сәуле болмайды. Төмендегі жылтыраған таныс белгілер арқылы қону керек. Сондай сәттердің бірінде майданнан қайтқан екі ұшақ қонар тұста қатар соғылып опат болады. Хиуаздың қасындағы көмекші ұшқышы бірден қаза табады да, өзі жараланып аяғын салдырады. Бірақ госпитальда ұзақ жатып емделетін, болмаса елге қайтарып жіберетін жағдай жоқ.
Хиуаздың сынған аяғы тез арада әбден жазылып кете қоймайды, бірақ ол қайсарлығы мен батылдығын жоғалта алмады. Олар бомбалауға түнде шығатын. Хиуазды ұшаққа көтеріп апарып отырғызады. Ол жау шебіне қыргиша шүйілген қалпында діттеген нысандарға бомбаны қашан, қалай тастауды өте шебер және жасқанбай жасайтын. Ұшақ қанаты астында бекітілген санаулы бомбаларды тастап үлгерген сәтте шұғыл кері оралу керек.
Жерге қонған сон он минуттың ішінде ұшаққа қажетті бомбалар қайта бекітіліп үлгеріледі. Бар болғаны он минут уақыт! Жау бекіністерінің үстінде жүргенде Хиуаз көксұрланып қатып қалады. Тапсырманы толық орындап, өзіміздің әуежайға қонғанда «тірілгендей» болады.
Міне, қазақтың батыр қызы от пен оқтың үстінде «ойнақтап» жүріп, 300-ден астам жауынгерлік тапсырма орындаған екен.
Хиуаздың анасы Меруертке майдан даласынан «Ерлігі үшін, қайтпас қайсар, өжет қыз тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін» деген жүрекежарды тіліктер мен алғысхаттар ағылып келіп жатты.
Хиуаз Доспанова Жеңіс күнін Ноце Бронденбург қаласында қарсы алады.
1 – жүргізуші: 1945 жылы Берлин түбіндегі ерліктері үшін Мемлекеттік қорғаныс комитеті қыз – келіншектер авиаполқын алғашқы болып таратып, оларды әскер қатарынан босатады. Соғыстағы ерліктері үшін Хиуаз марапатталады.
2-жүргізуші: Алдымен оған «Гвардиялық» деген атақ берілді.
«Майдандағы ерлігі үшін» медалі
«Тамань ордені»
«Қызыл Жұлдыз», «Суворов» ордендері қадалды
1945 жылы маршал К.Рокосовскидің өзі соғыстың «ІІ дәрежелі» ордені тақты.
«Кавказды азат еткені үшін» медалі
«Германия түбіндегі жеңіс үшін» орденімен марапатталды
Әскери атағы аға лейтенант шеніне өседі.
«Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі еңбек жемісі.
Кітапханашы: Соғыстан кейінгі жылдардан дерек. Оралда облыстық партия комитетіне қызметке тұрады. 1946 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебіне жолдама алып білім жетілдіреді.
Қазақстан Жастар Одағы орталық комитетінің хатшылығына тағайындалады.
1951 жылы ҚазССР-нің Жоғарғы кеңесінің депутаты және бірінші отырыстан соң Президиум хатшысы болып тағайындалады. Осы кезде Алматының кеңейіп көркейе түсуіне зор үлес қосады.
1959 жылы 37 жасында І топтағы мүгедек есебінде ғұмырлық зейнеткерлікке шықты. Шығуына екі себеп болды. Біріншісі – соғыстан алған жарақаты мен денсаулығының ақаулануы; екіншісі - оның өткірлігі мен қайсар мінезі тоталитарлық заманның тежеуіне соқтырды. Зейнеткерлікке шыққан соң апамыз үйінде елеусіз отырып қалады. Үйінде отырып екі еңбегін жазды.
1-жүргізуші: Еңбектері:
1960 жылы «Под командованием Расковой»
1963 жылы «Халық үшін» атты естелік кітабы жарық көрді.
Еңбектері 1965 жылы «Алматы» баспанасынан басылып шығады.
«Елу жылда ел жаңа» демекші 475 жылдан соң Елбасының Жарлығымен 2004 жылы 16 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы беріліп, «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордені кеудесіне тағылды.
2-жүргізуші: Жоғары атақ иесін тапты деген – осы! Тәуелсіздік шапағаты арқасында соғыс жылдарында көрсеткен батырлық пен көзсіз ерліктері үшін мемлекетіміздің ең биік дәрежедегі наградасымен марапатталды.
Кітапханашы: Хиуаз апай мен жолдасы Шәку Әміров ақсақал Ерболат атты ұлы – математиканың білікті маманы, Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеттің оқытушысы. Ерболат пен Иринадан екі немере бар: Баян мен Қанат: Қазір немерелері ер жетті. Хиуаз апайдың байлығы да, қызығы да осы – екі немересі.
1-жүргізуші: Хиуаз апай 2008 жылы 21 мамырда Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.
Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы Мәдени – спорт кешені бар, соның алдына Хиуаздың ескерткіші қойылмақ.
2-жүргізуші: 2008 жылы қайта жаңғыртылып жасалған аудан орталығындағы жеңіс алаңына Құрманғазы топырағында дүниеге келген бес батырға орнатылған мәрмәр тас ескерткіштің біреуі Хиуаз Доспановаға арналды.
1-жүргізуші: Оралдық кәсіпкер Мұрат Жакибаевтың қолдауымен «Жеңіс тарихы – История Победы» атты 9 сериядан тұратын деректі фильм, соның ішінде бір сериясы «Успеть сказать спасибо» Хиуаз апамызға арналған болатын. Бұл фильм Мәскеудегі – Еурофорумда көрсетіліп, «Ең үздік дебют» номинациясын жеңіп алып, дипломмен қайтқан.
2-жүргізуші: Хиуаз апамыздың ерлігі ұрпақ алдында асқақ болып қала бермек.
Оқушы: Соғыс өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Бесігінде сәбидің, есігінде әр үйдің
Болмасын соғыс, болмасын!
Келешек ұрпақтың тілегі – осы.
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп
Қазақтың қанатты қызы -
Мектеп кітапхана меңгерушісі Тлеумова О.К.